Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет422/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

уақыт ішінде жұмыс істеу қабілетіне ие» (Castells, 1996:92). Бұл жаңа ақ-
параттық және коммуникациялық технологиялар арқылы алғаш рет мүмкін 
болды. Ол тек бар ақпаратқа ғана негізделмеген, өйткені әлеуметтік жүйенің 
мәдени институттық ерекшеліктері жаңа технологиялық парадигманы енді-
руге, таратуға қатысуы тиіс» (Castells, 1996:91). Мұндай экономика ғаламдық 
болса да, өзіндік айырмашылықтары бар. Кастельс жаңа жаһандық экономи-
каның (Солтүстік Америка, Еуропалық одақ және Азия – Тынық мұхит ай-
мағы) жүрегінде орналасқан өңірлерді сипаттайды. Осылайша біз өңірлік, жа-
һандық экономика туралы айтып отырмыз. Бұдан басқа, әр өңірде айтарлық-
тай алуантүрлілік бар және олар экономикалық одаққа еніп, кейбіреуі шығып 
кеткенімен, белгілі бір дәрежеде зардап шегеді. Одан әлемнің тұтас аудандары


608
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
(мысалы, Сахарадан оңтүстікке қарай Африка елдері), сол сияқты АҚШ-тың 
ішкі қалалары сияқты беделді аймақтар да алып тасталған.
Жаңа жаһандық ақпараттық экономиканың өсуі олармен ілесе жүретін же-
лілік кәсіпорынның жаңа ұйымдық формаларының пайда болуына алып келді. 
Басқаларымен қатар, желілік кәсіпорындар икемді (массалық емес) өндіріс-
пен, тікелей модельден горизонталдыққа негізделген жаңа басқару жүйе лері-
не көшумен (жапондық модельдерден алып бейімделген) сипатталады және 
ол – ірі корпорациялардың стратегиялық альянстарға ауысуына тән құбылыс. 
Алайда, ең бастысы, ұйымдардың негізгі компоненті – желілер сериясы.
Дәл осы жағдай, Кастельстің пайымдауынша, (1996:171) «жаңа жаһандық 
экономиканың ұйымдастырылуы ақпаратқа негізделгенін көрсетеді, сондай-ақ 
әртүрлі кәсіпорындар желісінің мақсаттарын бір арнада тоғыстырады. Желі-
лік кәсіп орын жаһандық ақпараттық экономика мәдениетінің материалдануы-
на және білімді өңдеу арқылы сигналдарды тауарға айналдыруға мүмкіндік 
береді. Нәтижесінде жұмыстың сипаты түбегейлі өзгеріп (мысалы, ыңғайлы 
уақыт сияқты жағдайлар арқылы жұмыстың жекешелендірілуі), бұл өзгеріс-
тер бір ұлттан екіншісіне қарай түрленіп отырады.
Кастельс (1996:373) сонымен қатар (бұқаралық ақпарат құралдары мен 
компьютерлік технологиялардың бірігуінен пайда болған мультимедиялық 
технологиялардың дамуын) шынайы виртуалдық мәдениеттің пайда болуын, 
ондағы шындық (адамдардың материалдық/символикалық өмір сүруі), «экран-
дағы сыртқы түр-түсі іс жүзінде виртуалды бейнеге толығымен сәйкес келе-
тін жүйені» талқыға салады. Бұрын «орындар кеңістігі» басымдыққа ие болса 
(мысалы, Нью-Йорк және Лондон сияқты қалалардың), онымен салыстырған-
да жаңа кеңістіктік – логика «ағымдар кеңістігі» пайда болды. Яғни жұмыс-
шының, жұмыс берушінің физикалық орналасқан жері маңызды емес (деген-
мен бар лығын қамтыған жоқ), бастысы – ол желі арқылы жұмыс процесіне қо-
сылса бол ғаны. Осылайша, біз ақпаратты Жер шарының кез келген нүктесіне 
қас қағым сәтте жеткізетін «уақыттан тыс уақыт» дәуіріне аяқ бастық.
Желілік кәсіпорын шегінен шығып, Кастельс (1996:469, 470; italics added) 
ақпараттық ғасырда «өзара байланысты түйіндер» жиынтығы ретінде «басым 
функциялар мен процестер көп жағдайда желілер айналасында ұйымдастыры-
лады» деп тұжырымдайды. Желілер ашық, шексіз, динамикалық және жүйенің 
жұмысын бұзбайтын инновация мүмкіндігіне ие. Алайда біздің заманымыз-
дың желілер арқылы анықталуы (желілік қоғам) капитализмнің аяқталғанын 
білдірмейді. Шынында солай болғанымен, қазіргі уақытта желілер алғаш рет 
қаржы ағымын жаһандандырып, оны ұйымдастыруға мүмкіндік берді, желіге 
ғана емес, ақпараттық жүйеге мысал ретінде «қаржылық казиноны» келтіруге 
болады. Ұтып алған және ұтылып қалған ақша өндіріс процесінде еңбекпен 
тапқан ақшадан анағұрлым маңыздырақ. Ақша өндірістен бөлінді; біз шексіз 
ақша іздеумен анықталатын капиталистік кезеңдеміз.
Әйткенмен, жоғарыда аталғандай, Кастельс желілерді, шынайы виртуал-
дық мәдениетті, ақпараттануды және олардың ақпараттық капитализмде қол-
данылуын тоқыраусыз дамитын құбылыс ретінде талдамайды. Оларға өзіндік 
бірегейлігі бар және оны қорғауға тырысатын индивидтер мен ұжымдар қар-
сы тұрады. Осылайша, «Құдай, ұлт, отбасы және қауымдастық олардың ай-
наласында қарама-қарсы шабуылды ұйымдастыратын мызғымас мәңгілік ко-
декстерді қамтамасыз етеді» (Castells, 1997:66). Дегенмен табысты болу үшін 


609
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
серверлердің ақпарат пен жүйелерге көмек етуі қажет екенін түсіну маңызды. 
Осылайша, олар қатаң тәртіпке бағынған. Бұл тұрғыда Кастельс Мексиканың 
Чиапасындағы сапатистер, америкалық халық жасақтары, жапон культіндегі 
Аум Синрикё, экологизм, феминизм және гей қозғалысы секілді әлеуметтік 
қозғалыстардың кең ауқымын сипаттайды.
Мемлекет туралы не айта аламыз? Кастельстің көзқарасы бойынша, жаңа 
әлемде капиталдың жаһандық нарығы мен экономиканың жаһандануы жағ да-
йында мемлекет әлсіреп келеді. Мысалы, ол өзінің әлеуметтік қамтамасыз ету 
бағдарламаларын қорғауға қабілетсіз болып отыр, өйткені әлемдегі тең емес 
теңгерілімдер жағдайы капиталды әлеуметтік қамтамасыз етуі төмен мемле-
кеттер деңгейіне түсуге әкелуде.
Сонымен қатар мемлекет билігінің күйреуі дегеніміз – еркін таралатын жа-
һандық коммуникация. Содан соң ешқандай мемлекет бақылауына көнбейтін 
жаһандық желілер құрылып, қылмыс жаһанданады. Мемлекеттің әлсіреуі Еу-
ропалық одақ сияқты суперұлттық мемлекеттердің, оның ішкі құ рылымдары 
пайда болып, дамуына жол ашады. Кастельс олар өмір сүріп жатқан уақытта 
(1997:304) мемлекеттің «неғұрлым кең билік жүйесінің түйін дері» болатынын 
көреді.
Мемлекеттің алдында дилемма туындайды, егер ол өзінің ұлттық мүдде-
сін ғана алға тартатын болса, жаһандану көшіне ілесе алмай, пайда аз түседі, 
керісінше, соңғысына көңіл қойса, өзінің сайлау округінің талаптарын дұрыс 
орындай алмайтын жағдайға тап болады.
Мұндай мемлекет сәтсіздігінің мысалы ретінде Кеңес Одағын атауға бо-
лады. Ол жаңа ақпараттық жүйеге және желілер әлеміне бейімделе алмады. 
Мысалы, Кеңес мемлекеті ақпараттық монополияға ие болды, бұл еркін ақпа-
раттар ағымымен байланысты әлеммен үйлеспеді. Күйреген, ескі Кеңес Одағы 
жаһандық қылмыстық элементтердің оңай олжасына айналды. Қалай таңыр-
қасаң да, өз өмірінің алғашқы жылында Ресей жаһандық ақпараттық қоғамнан 
шығарылып, жаһандық деңгейдегі қылмысқа белшесінен батты.
Кастельс өзінің аналитикалық бағытын, соның ішінде ақпараттық капи-
тализмді және оның өзіндік мәніне, адамның өзін теңдестіруіне, әл-ауқатқа 
тудыратын қауіптеріне, сонымен қатар оны әлемнің көп бөлігінің қабылда-
мауына қатысты тұжырымын жасап, (1998:359) қазіргі уақытта олардың бар 
екенін есепке ала отырып, «экономика, қоғам және мәдениет ұжымдық шы-
ғармашылықты, ақпараттық технологиялар нәтижелерін тәркілеуді және 
энергиямызды өзін-өзі бұзатын тайталасуға бағыттауды шектеуі қажет» деген 
шешім шығарады. Алайда бұлай болуы тиісті емес, өйткені «саналы, мақсатты 
түрде бағытталған әлеуметтік әрекет арқылы өзгертуге болмайтын нәрсе жоқ» 
(Castells, 1998:360).
Кастельс өзінің еңбектеріндегі көптеген идеялар арқылы біздің жаңа ком-
пью тендірілген әлемімізге бірінші болып тұрақты әлеуметтік талдау жасауды 
ұсынады. Екі негізгі кемшілікті көрсетуге болады. Біріншіден, бұл, негізінен, 
эмпирикалық зерттеулер (екінші деңгейдегі мәліметтерге сүйенген) және Кас-
тельс өз жұмысын жақсартуға мүмкіндік беретін бірқатар теориялық ресурс-
тарды қолданудан бас тартады. Екіншіден, ол нәтиже перспективасын ойлап, 
біржолата соған елігіп кетеді де, тұтынуға бағытталған өз талдауының салда-
рын игере алмай қалады. Соған қарамастан, Кастельс дамушы әлемді түсінуге 
бағытталған маңызды бастаманы ұсынды.


610
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Кастельстің жұмысы 16-тарауда кеңінен талқыланады. Көріп отырғаны-
мыздай, оның теориясының көпшілік бөлігі жаһандану мәселелерімен байла-
нысты болғандықтан, жаһандану теориясы ретінде қарастырылады. Жаһан да-
нудың көптеген теориялары қазіргі заманғы көзқарас ретінде қарастырылып 
(осы тарауда және 16-тарауда бірқатар қазіргі теорияшылар Гидденс, Бек 
және Бауманның идеяларын кездестіреміз), өзінің бастау көзін жаңғыру тео-
риялары және бағыну теориялары сияқты заманауи перспективалардан алуы 
мүмкін. Алайда жаһандану теориялары ертеректегі перспективаларға, кейбір 
жағдайларда қазіргі заманғы теориялардың көпшілігінің негізгі принцип-
теріне сыни тұрғыдан қарайды. Дегенмен 16-тарауда кездесетін идеялардың 
көбі модерндік болса да, кейбірі модерн талаптарының шегінен шы ғып кеткен
(мысалы, «глокализация», «гибридизация» және «креолизация») және 17-та-
рауда қарас тырылған постмодерн («басымдық» және «жан-жақтылық») идея-
ларымен сабақтасады.
Бұл тарауда біз модерн әлемі заманауи жағдайда қабылдап жатқан бірқатар теориялық 
перспективаларды қарастырамыз. Энтони Гидденс заманауилықты бірқатар артықшылық-
тар, сонымен қатар қауіп-қатерлер арқылы жүретін қуатты күш ретінде көреді. Гидденс 
атап өткен қауіп-қатердің арасында қазіргі қатыгездікпен байланысты тәуекелдер бар. Бұл 
қауіп-қатерлер – Бектің тәуекелдер қоғамының басты мәселесі. Қазіргі әлем тәуекелдер 
арқылы сипатталып, адамдардың оларға тойтарыс беруі және олардан қорғану қажеттігі 
ескертіледі. Бауман холокосты рационалдық пен заманауилықтың парадигмасы ретінде 
қарастырады. Холокостқа ден қою иррационалдықты және жалпы жаңғырумен, рационал-
дықтың ұл ғаюымен болатын қауіптерді көрсетеді. Бауманның ойынша, постмодернизм бұ-
ған дейінгі дәуірлердің тұрақтылығымен салыстырғанда әлдеқайда өтімділігін айғақтай-
ды. Содан соң Хабермастың модернизмді аяқталмаған жоба ретінде қарайтын жұмысына 
тоқталамыз. Хабермас та рационалдыққа ден қояды, алайда оның қамқорлығы рационал-
дық жүйесінің басымдығына және тіршілік әлемі рационалдығының жұтауына негізделеді. 
Хабермас модерннің аяқталуын жүйе мен тіршілік әлемі рационалдығының өзара кемел-
денуімен сабақтастырады.
Келесі бөлім заманауи қоғамға негізделген мәдени шеңберлер мен моральдық идеялдар-
ға бағытталған Чарльз Тейлордың еңбегін қарастырады. Онда ол өзіндік мәннің заманауи 
хикаяларда қалай сипатталатыны туралы айтады. Сонымен қатар заманауи әлеуметтік қиял 
тұжырымдамасын қолдана отырып, заманауи қоғамдық өмірдің қалыптастырылуын түсінді-
реді. Соңғы рет ол секуляризация процесі барысында қалыптасатын түрлі сенімдер жүйесін 
сипаттады.
Қорытынды бөлім Мануэль Кастельстің еңбегін талқылауға арналады. Кастельс ақ парат-
тардың өсуімен және желілік қоғамның дамуымен айналысады. Бұл, негізінен, компьютер 
және ақпараттық ағымдардың әлемді түбегейлі өзгертіп, бірқатар мәселе лерді тудырғанын, 
әлемнің көптеген бөліктерін, тіпті Америка Құрама Штаттарының бірқатар өңірлерін бұл 
жүйеден және оның мадақтауынан тыс қалдырғанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет