Алеуметтану тероиясы indb


Түске қатыссыз нәсілшілдік



Pdf көрінісі
бет437/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Түске қатыссыз нәсілшілдік
Нәсілшілдікке қарсы жобалардың дамуына қарамастан, әдетте америкалық 
нәсілдік жобалар нәсілшіл болып келеді. Яғни олар «нәсілдік мәні мен біре-
гейлікке негізделген үстемдік құрылымдарын [құрды] немесе [қайта жаңғырт-
ты]» (Omi және Winant, 2015:128). Бұл – даулы мәселе. Парасатты көзқарас 
бойынша, нәсілшілдік – Американың өткен тарихы. Постазаматтық құқық-
тар дәуірі пострасистік, түске қатыссыз қоғам болуы тиіс, онда адамдар (негі-
зінен) нәсілдік кемсітушілікке ұшырамайды. Шын мәнінде, Оми мен Уинант 
осыдан алыс еш нәрсе жоқ екенін айтады. Оларға «жаңа» нәсілшілдік неме-
се «түске қатыссыз нәсілшілдік» деп аталатын ұғымдарды зерттеген Эдвард
Бонилла-Силва (2014) да қосылады. Оми мен Уинанттың тілін пайдалану үшін 
түске қатыссыздық – нәсілдік жоба саналады; ол үстемдік құрылымдарын қай-
та жаңғыртады. Сондай-ақ марксист Антонио Грамшидің (8-тарауды қараңыз) 
идеяларына сүйене отырып, Оми мен Уинант түске қатыссыздық гегемондық 
идеология екенін айтады. Ол ақылға қонымды көзқарасқа сүйену арқылы үстем-
дік жасайды. Бұл жағдайда ақылға қонымды көзқарас: егер біз нәсілді елемейтін 
болсақ, олардың барлығы тең деп санасақ, онда біз нәсілшіл қоғам емеспіз.
Бір қарағанда, түске қатыссыздықтың негізгі идеясы нәсілшілдікке қар-
сы күрес болып көрінеді. Ол азаматтық құқықтар теңдігі мен бостандықтар-
ды үндестіреді: «Біз бәріміз бірдейміз»; «Терінің түсі маңызды емес». Түске 
қатыссыздық қоғамы адамның нәсілін елемейді, әсіресе үкіметтік деңгейде 
шешім қабылдауда нәсілдер ажыратылмайды. Дегенмен Бонилла-Силваның 
(2014) айтуынша, түске қатыссыздық идеологиясы нәсілшілдікті шын мәнін-
де мәңгілікке сақтап қалады. Бонилла-Силва әдетте нәсілшілдік тым тар ма-
ғынада анықталатынын айтады. Адамдардың көпшілігі оны психологиялық 
тұрғыда жеке тұлғалардың кемсітушілік және жеккөрушілік қатынасы ретін-
де ойлайды. Керісінше, әлеуметтану тұрғысынан нәсілшілдік – қатынастар 
жиын тығынан ғана емес, бірақ ең бастысы, тұрақты құрылымдық теңсіздік-
терден тұрады. Шындығында, 1960 жылдардан бастап, нәсілшілдікке қатыс-
ты агрессиялы қатынас бәсеңдеді,
15
бірақ құрылымдық нәсілшілдік сақталды. 
Мысалы, қара нәсілді америкалықтар ақ нәсілді америкалықтарға қарағанда 
әлі күнге дейін жалақыны төмен мөлшерде алады, емхана қызметінің тең-
сіздігінен зардап шегеді, әлі күнге дейін білім сапасы төмен, ақ нәсілді аме-
рикалықтарға қарағанда поли цияның зорлық-зомбылығына жиі ұшырайды 
және түрмеге жабылу фактісі көп (for a full review of structural inequalities see 
Bonilla-Silva, 2014, Chapter 2).
Теңдік пен еркіндік туралы сөз болғанына қарамастан, түске қатыссыздық 
құрылымдық нәсілшілдіктің сақталуына назар аудартады. Түске қатыссыздық 
тұжырымдамасы неолиберализмнің парасатты құндылықтарына (Omi and 
Winant, 2015) жүгінетіндіктен, қосымша мәнге ие болады. Неолиберализм – 
1970 жылдардан бастап Батыста (шын мәнінде бүкіл әлемде) қоғамдық өмірді 
ұйымдастырған әлеуметтік және экономикалық жүйе. Ол индивидуализмді 
және еркін нарықты бағалайды. ХХ ғасырдың ортасында жоғарыда талқы-


634
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
ланған құрылымдық теңсіздіктерді шешуде басты рөл атқарған әлеуметтік 
мемлекет үлгісінен ауытқиды. Осы кеңірек құндылықтармен үйлесетін түске 
қатыссыздық идеологиясына сәйкес, адамдар өздерінің тағдырына жауапты. 
Түске қа тыссыз нәсілшіл адам құрылымдық күштерді қарастырудың орны-
на, индивид тердің бақытсыздықтары үшін индивидтердің өздерін айыптай 
алады.
Ақыр соңында, түске қатыссыз нәсілшілдік қазіргі уақытта жеке іс-әре-
кеттерге назар аударғанда, Бонилла-Силваның түске қатыссыз нәсілшілдік 
теориясы және Оми мен Уинанттың нәсілдің қалыптасу теориясы қазіргі за-
манды өткенге шолу арқылы түсіндіреді. Қазіргі заманғы теңсіздіктер – жеке 
шешімдердің нашарлығынан емес, керісінше, қазіргі заманның әлеуметтік
құрылымдарында сақталған нәсілдік үстемдік тарихының өнімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет