Нәсілдің қалыптасуы Нәсіл мен нәсілшілдік сыни теориясының аса маңызды мысалдарының бірі –
Оми мен Уинанттың (2015) «нәсілдің қалыптасу» теориясы. Бұл тео рияда
Оми мен Уинант қазіргі кезеңдегі америкалық қоғамның болмысын сы нады.
Олар Американың постнәсілдік қоғам екені туралы кеңінен тарал ған пікірге
қарамастан, «нәсіл мен нәсілшілдік америкалық өмірдің негізгі ұйымдасты-
рушылық ерекшелігі болып қала береді» деген тұжырым жасады. Сонымен
бірге, осы тарауда қамтылған басқа теорияшыларға қарағанда, нәсіл дің әлеу-
меттік тұрғыдан құралғанын түсіндіреді. Алғашында олар нәсілдің қалыпта- суы түсінігін енгізді. Оми мен Уинант «қалыптасу» сөзін қолданып, нәсіл –
тарихтың ұзақ кезеңінде динамикалық, үнемі өзгеретін құрылым екенін атап
көрсетеді.
10
Шындығында, Оми мен Уинант теориясының мықты тарихи өл-
шемі бар. Жүздеген жылдар бұрын пайда болған нәсілдік үстемдік (және қар-
сыласу) формалары қазіргі кезде тек нәсілдік үстемдікті ғана емес, әлеуметтік
үстемдіктің барлық түрін қалыптастырады.
Сонымен қатар Оми мен Уинант үшін нәсіл – негізгі категория. Яғни басқа
да әлеуметтік құрылымдармен (тап пен гендер секілді) нәсілдің қиылысуы
мүмкін болса да, ол өз тұрғысынан да жеке зерттелуі керек. Мысалы, нәсіл
таптық үстемдіктің экономикалық теориялары немесе этникалық айырмашы-
лықтардың мәдени теориялары арқылы түсіндірілмейді (see Chapters 1 and 2
of Racial Formation, 2015). Бұл мағынада нәсіл – өз кезегінде түсіндірілуі тиіс
нақты және «әлеуметтік ұйымдастырудың іргелі ерекшелігі» (2015:x). Тұтас-
тай алғанда, нәсілдің қалыптасу теориясы нәсілдің америкалық әлеуметтік
ұйымдасуына айтарлықтай ықпал ететін әлеуметтік нысан ретінде қалай қа-
лыптасқанын зерттейді.
11
Бұл қалыптасудың пайда болуын және дамуын түсіндіру үшін Оми мен
Уинант төрт тұжырымдаманы енгізеді: нәсілге бөлушілік, нәсілдік жобалар,
нәсілшілдік және нәсілдік саясат. Нәсілге бөлушілік және нәсілдік жобалар
тұжырымдамалары нәсілдің қалыптасу теориясы үшін ең маңыздысы, сон-
дықтан соларға назар аударамыз. Біз color blind racism (түске қатыссыз нәсіл- шілдік) түсінігін қарастыру арқылы нәсілшілдікті талқылаймыз.