632
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
классификациялау арқылы адамның әлеуметтік мәртебесін, экономикалық
мүмкіндіктерін, саяси құқықтарын және шын мәнінде оның жеке бірегейлігін
анықтайды» (2015:121). АҚШ-тың халық санағы нәсілдердің қалыптасуын-
да маңызды рөл атқарады. Ол 1970 жылдардан бастап нәсілдік санаттардың
аса ықпалды жиынтығын анықтады: америкалық үндістер, байырғы аляска-
лық, азиялықтар немесе Тынық мұхит аралдары тұрғындары, қара және ақ
нәсілділер мен испан тілділер (2015:122). Бұл санаттардың дәлдігі мен логи-
калық тұрақтылығы үнемі талас тудырады. Сонымен қатар, Эмирбайер мен
Десмонд (2009) атап өткендей, бұл санаттар уақыт пен орынға байланысты
өзгеріп отырады. Санаттардың бұл түрлері және олар көрсететін айырмашы-
лықтардың негізі табиғи немесе тұрақты емес. Дегенмен олар үкіметтің және
үкіметтік емес саясаткерлердің, сондай-ақ жалпы америкалықтардың нәсіл-
ді қалай түсінетініне ықпал етеді. Ең маңыздысы, олар «нәсіл – әлеуметтік
айырмашылықтың маңызды өлшемі» деген идеяны қолдайды.
Достарыңызбен бөлісу: