Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет452/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Мәдени конвергенция
Алдыңғы парадигмада жаһандануға қарамастан, мәдениеттер мен өркениеттер 
арасындағы болатын айырмашылықтар туралы баяндалды. Керісінше, мәдени 
конвергенция парадигмасы бүкіл дүние жүзіндегі ұқсастықты арттыруға же-
те лейтін жаһандану идеясына негізделген. Хантингтон сияқты ойшылдар жа-
һандану жағдайында мәдениеттер мен өркениеттердің сақталуын атап көрсетсе, 
конвергенция перспективасын қолдайтындар кейде «жаһандану нәтижесінде 
мәдениеттер түбегейлі өзгереді» деп дәлелдейді. Әлем мәдениеттері, қан дай да 
бір дәрежеде болмасын, әртүрлі жолдармен барған сайын бір-біріне ұқсас болып 
барады. Әлемдегі басым топтар мен қоғамдарға қарай бағытталған жаһандық
ассимиляцияның бет алысы байқалады. Осы тұрғыда еңбектенетін ға лымдар 
«мәдени империализм», ғаламдық капитализм, батыстандыру, аме рикаланды-
ру, «макдональдтандыру» және «әлемдік мәдениет» сияқты мәселелерге баса 
назар аударады (Boli and Lechner, 2005; Lechner, 2012). Ең бері дегенде, жаһан-
дану батыстандыру, аме рикаландыру (de Grazia, 2005; Marling, 2006) және ай-
қын көрінетін макдональдтандыру құбылысын қамтиды.
Біз осыдан кейін Ритцердің аталған тақырып бойынша еңбегімен тығыз бай-
ланысты негізгі дәлелдің екі нұсқасын талқылаймыз. Дегенмен ескерту және 
нақтылау ретінде айта кету қажет, Ритцердің жұмысы мәдени конвергенцияға 
бағытталғанына қарамастан, ол жаһандану жағдайында жергілікті мәдениеттер 
толық жоғалып кетеді немесе міндетті түрде түбегейлі түрде өзгеріп отырады 
деген ұйғарым жасамайды. Дұрысы – жаһандық процестер әлемнің көптеген 
елдеріне бірдей немесе ұқсас құбылыстарды (мысалы, McDonald’s мейрамхана-
лары әлемнің 120 елінде) әкеледі. Осы орайда, мәдени конвергенция көрініс та-
бады. Алайда мұндай жаһандық құбылыстармен қатар, жан-жақты әрі маңызды 
болып қала беретін жергілікті құбылыстар да (мысалы, ашық аспан астындағы 
жергілікті азық-түлік базарлары немесе қолөнер жәрмеңкелері) бар. Сондай-ақ 
бұл жаһандық формалардың пайда болуы жаңа жергілікті формалардың жа-
ңаруына немесе дамуына түрткі болады. Соңғы екі ұстаным, сөзсіз, мақтауға 
тұрарлық, әйтсе де оларды қабылдай отырып, көптеген мәдени конвергенция 
болып жатқанын да ұмытпауымыз керек (Wal-Mart дүкенінің Мексикаға және 
басқа елдерге таралуы – тағы бір мысал).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет