Алеуметтану тероиясы indb


Зигмунт Бауман: Жаһанданудың салдары



Pdf көрінісі
бет450/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Зигмунт Бауман: Жаһанданудың салдары 
Бауман (1998) жаһандануды «кеңістік соғысы» деп бағалады. Оның пікірінше, 
бүгінгі әлемдегі әлеуметтік стратификацияның ең маңызды және айқындаушы 
факторы – мобильдік. Осылайша, кеңістік соғысының жеңімпаздары – мобиль-
ді, бүкіл әлем бойынша еркін қозғалып, өздері үшін мағыналы тірлік жасай ала-
тын адамдар. Олар кеңістікте еркін болады және бір жерге «қоныстануы» керек 
болған жағдайда, кеңістік соғысында жеңілгендерден қорғайтын қабырғамен 
қоршалып, қауіпсіз кеңістікте оқшауланады. Жеңілгендер мобильдіктен жұрдай 
болып, ешқандай мән-мағынасы жоқ аумақтарға шеттетіледі. Осылайша, элита 
өздерінің мобильдік мүмкіндіктерімен мастанса, ал қалғандары өз үйінде түрме-
ге қамалғандай сезінеді, сол жерден көшіп кетуге де мүмкіндіктері жоқ. Сөйтіп, 
олар еркін қозғала алатын элитаға қызғанышпен қарап, іштерінен ызалана тү-
седі. Ақырында, аумақтар кеңістік соғысының жеңілгендері мен жеңімпаздары 
арасындағы қақтығыстың қан майданына айналады.
Жеңімпаздар кеңістікте емес, уақытта өмір сүреді деп айтуға болады; олар әр 
кеңістікті бірден болмаса да, тез арада айнала алады. Ал жеңілгендерді, керісін-
ше, кеңістікте өмір сүреді деп қарастыруға болады. Бұл кеңістік олардың бақы-
лауынан тыс, ауыр, шымыр, төзімді, ұсталмайтын, уақытты тоқтата алатын қабі-
леті бар. Дегенмен кейбір мобильді адамдарды ажырату маңызды. Туристер – өз 
қалауы бойынша ел-жер аралайтындар. Олар бір нәрсеге қызығады, оны тар-
тымды деп ойлап, соған қарай бет түзейді. Кезбелер – туған жерін, үйін неше 
түрлі себептермен адам төзгісіз, қолайсыз деп санағандықтан, көшіп жүретін 
адамдар. Жаһанданудың алға тартатын жағымды қыры туристермен байланыс-
ты, ал жағымсыз тұсы көптеген адам кезбелерге айналады. Алайда адамдардың 
көпшілігі осы екі шектің арасында өмір сүреді. Олар қазір қай жерде тұрғанын 
білмейді, бірақ қайда болса да, олар ертең тура сол бір жерде болатынына толық 
сенімді емес. Осылайша, жаһандану көбімізді алаңдатады. 
Дегенмен жаһанданудың жеңімпаздары болып көрінетін туристердің де өз 
мәселелері бар. Біріншіден, баяулаудың мүмкін еместігінен туындайтын қиын-
дық бар; әрқашан қозғалыста және жоғары жылдамдықта жүру қиын. Екінші-
ден, мобильдік таңдаудың үздіксіз жолын білдіреді және әрбір таңдауда онымен 
байланысты белгісіздік бар. Үшіншіден, әр таңдау әртүрлі тәуекелдер мен қауіп-
қатерлерге толы. Шексіз мобильдік және үнемі таңдау, ақыр соңында, ауыртпа-
лық, машақат туғызады.
Айта кету керек, Бауман XXI ғасырдың басында жазылған көптеген кітап-
тарында (for example, Bauman, 2005) «ағымдық» идеясын қолданады. Әрине, 
ғаламдық кеңістік барлық түрлердің сансыз «ағындары» арқылы сипатталатын 


655
16-тарау

Жаһандану теориясы
ағымды әлемге айналады. Нәтижесінде жаһандық әлем өз формасын әрдайым 
өзгертіп отырады, ол туралы толық түсінікке ие болу немесе оны бақылау қиын-
ға соғуда. Ағымдық идеясы жаһандану процесіне қатысты кең қолданылады.
Кейбір заманауи ірі әлеуметтік теорияшылардың жаһандану тео риялары-
ның арқасында, біз басқа ірі әлеуметтік ойшылдардың мысал дары арқылы жа-
һандану теориясының негізгі түрлеріне жүгінеміз.
Мәдени теория
Ян Недервин Питерс (2004) жаһанданудың мәдени аспектілерін теорияланды-
рудағы, әсіресе әлемдегі бүкіл мәдениет мәңгілік болып санала ма, жаһандық 
және жергілікті мәдениеттердің бірігуінен жаңа «гибридті» формалар қалыпта-
са ма деген маңызды мәсе леге қатысты үш не гізгі парадигманы анықтады. Осы 
парадигмалардың әрқайсысын (немесе мы сал дарын) жеке қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет