Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет460/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Саяси теория
Кейбір теориялар әлеуметтануға қарағанда, саясаттануда тереңірек талқылан-
ған жаһандану мәселелерімен айналысады. Халықаралық қатынастар (ХҚ) 
ұлттық мемлекеттердің өз ішіндегі және бір-бірінің арасындағы қарым-қаты-
настарға ерекше көңіл бөледі (I. Clark, 2007; D. Elliott, 2012), олар әлемнің бел-
гілі бір акторлары ретінде қарастырылады, белгіленген аймақтарды иемденеді 
және өз шекарасында егеменді болып саналады. Сондай-ақ нақты анықталған 
мемлекетаралық жүйеге деген ерекше көңіл аудару бар.
ХҚ аясында саяси реализм ұғымы халықаралық саясат билікке, ұйымдасқан 
зорлық-зомбылыққа және, сайып келгенде, соғысқа негізделеді деген алғышарт-
тан басталады (Keohane and Nye, 2000). Ол ұлттық мемлекеттер жаһандық аре-
надағы басым акторлар болып саналатынын тұжырымдайды; олар жаһан дық 
аренада келісілген бірлік ретінде әрекет етеді; бұл күш тек қолданбалы ғана 
емес, сонымен бірге ұлттық мемлекеттердің жаһандық аренада билікке қол жет-
кіздіретін тиімді әдісі болып табылады және әскери мәселелер әлемдік саясатта 
жоғары дәрежелі маңызға ие екенін тұжырымдайды.
Өзара кешенді тәуелділік ұлттық мемлекеттерді бірнеше жолдар арқылы 
ресми және бейресми түрде, сондай-ақ қалыпты жолдар арқылы және кейінгі 
деп аталатын жолдар арқылы бір-бірімен қатысады деп қарастырады. Ол саяси 
реализмнен осы бейресми жолдарға берілетін маңыздылығымен ерекшеленеді, 
онда, мы салы, көпұлтты корпорациялар (КҰК) сияқты мемлекеттен айрықша-
ланатын субъектілер қоғамдарды бір-бірімен байланыстырады. Мемлекетара-
лық қа рым-қатынастардың нақты иерархиясы жоқ және әскери мүдделер әрда-
йым басым болмайды. Осы мәселелер бойынша ұлттық мемлекеттердің ішінде 
және өз араларында коалициялар пайда болады. Қақтығыс туындауы да, туын-
дамауы да мүмкін, егер туындаса – қарқындылық дәрежесіне қарай айтарлықтай 
өзге реді. Өзара кешенді тәуелділік белгілі бір аймақ немесе альянс аясындағы 
бір ұлттық мемлекеттің басқа ел(дер)ге қарсы әскери күштерін пайдаланудың 
төмендеуіне, тіпті жоғалуына әкеледі, дегенмен әскери әрекеттер осы аймақтан 


674
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тыс жерде немесе блоктан тыс жалғаса беруі мүмкін. Халықаралық ұйымдар 
әлемнің реалистік көзқарасында тек екінші дәрежелі рөл атқарады, бірақ олар 
өзара кешенді тәуелділік тұрғысынан кеңейтілген. Мұндай ұйымдар түрлі ел 
өкілдерін біріктіреді, бағдарламаны белгілейді, коалицияларды қалыптастыру 
үшін катализаторлар ретінде қызмет атқарады, саяси бастамалар туындайтын 
ареналар ретінде қызмет етеді және әлсіз мемлекеттердің халықаралық арена-
да үлкенірек рөл атқаруына көмектеседі. Осылайша, кешенді өзара тәуелділік 
бағыты ұлттық мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарға назар аударуды 
жалғастырады, бірақ қарым-қатынастардың табиғатына қатысты кеңірек және 
жан-жақты көзқарас ұстанады.
ХҚ-тың кейбір көріністеріне қарсы келетін әртүрлі позициялар іргелі мә-
се 
лелерді алға тартады. Олардың арасында ХСЭ-мен (халықаралық саяси 
эко номика) байланысты басқа да ғалымдардың кең ауқымды көзқарасы бар
(e.g., Cerny, 1995, 2003, 2010). Сонымен қатар, олар билікке көбірек көңіл бөледі, 
саяси және экономикалық күшке ие басқа субъектілерді, әсіресе корпорацияны 
елемейтін ХҚ-тың мемлекет-центризмін сынға алады.
Жаһандану мен саясатқа қатысты әдебиеттегі назар аударылған басты та қы-
рып – жаһандану дәуіріндегі ұлттық мемлекеттің тағдыры (Hershkovitz, 2012).
Көпшілігі ұлттық мемлекетке әртүрлі жаһандық процестер, әсіресе әлемдік эко-
номи калық ағымдар қауіп төндіреді деп санайды (Ohmae, 1996; Strange, 1996). 
Кейбіреулер «қазіргі уақытта зор ауқыммен шектеусіз өсіп жатқан, ұлттық мем-
лекеттер бақылай алмайтын жаһандық экономикамен салыстырғанда, мемлекет 
әлемде екінші дәрежелі ойыншы болып қалды» деген пікір білдіреді. Бір кездері 
ұлттық мемлекеттер нарықты бақылаған болса, енді керісінше, олар көбінесе на-
рыққа бағынатын болды.
Көптеген басқа факторлар, соның ішінде ақпараттық, заңсыз көшіп келу-
шілер, жаңа қоғамдық қозғалыстар, террористер, қылмыскерлер, есірткі, ақша 
(соның ішінде ақшаның және басқа да қаржы құралдарының ізін жасыру), секс-
трафик және т.б. ағымдар қосыла келе ұлттық мемлекеттің дербестігіне қауіп 
төндіреді. Осы ағымдардың көпшілігі барлық түрдегі технологияларды дамыту 
және үнемі жетілдіру арқылы туындады. Ұлттық мемлекет оның бақылауынан 
тыс жұмыс істейтін ғаламдық және трансұлттық ұйымдардың (мысалы, ЕО) кү-
шеюі нәтижесінде әлсіреді. Басқа фактор – жоғары деңгейде қолға алынбаған 
жаһандық мәселелерді (ЖИТС, (ТБ) туберкулез өз бетімен әрекет жасайтын 
ұлттық мемлекеттер түбегейлі шеше алмайды. Нақты тарихи фактор – кейбір 
ұлттық мемлекеттерді біріктірудің немесе бірге ұстап тұрудың көрінісі болған 
«қырғиқабақ соғыстың» аяқталуы. Мұның бір мысалы – Югославия және оның 
қырғиқабақ соғыстың аяқталуымен ыдырауы, бірақ ең бастысы – әрине, КС-
РО-ның бірқатар тәуелсіз ұлттық мемлекеттерге (Ресей, Украина, Грузия және 
т.б.) ыдырауы. Сонымен қатар «сәтті құрылмаған мемлекеттер» бар (мысалы, 
Сомали), олардың жұмыс істейтін ұлттық үкіметі жоқ, сондай-ақ құлдырау про-
цесіндегі мемлекеттер (Boas and Jennings, 2007). Анығын айтқанда, сәтсіз мем-
лекеттер мен ыдырап жатқан мемлекеттердің өз шекараларын лайықты түрде 
сақтауға жағдайлары жоқ.
Бұдан шығатын дәйек – ұлттық мемлекет шекарасы функциясын өз деңге-
йінде атқара алмауда деген сөз. Көптеген дәлелдер осыны растайды, өйткені
бірде-бір ұлттық мемлекет өз шекарасын ешқашан толық басқара алмағаны – та-
лассыз ақиқат (Bauman, 1992). Бұл күнде ұлттық шекаралардың осындай әлсіз 


675
16-тарау

Жаһандану теориясы
тұстары арқылы өтетін түрлі ағымдардың күрт ұлғаюы жаңалық болып отыр. 
Кейбір сыншылар бұл тұжырымдармен келіспейді, ұлттық мемлекеттің құлды-
рауы жайындағы сыбыстар тым асыра айтылған деп санайды (M. Wolf, 2005), 
шекара жаһандану кезеңінде негізгі ойыншы болып қала береді (Gilpin, 2001), 
жаһандану кезінде қалай болғанда да кейбір мүмкіндігін сақтайды (Conley and 
Weiner, 2002) және әртүрлі ұлттық мемлекеттердің тиімділігі әртүрлі (Mann, 
2007) деп мәлімдейді.
Кейбір ғалымдар бүгінгі әлемде мемлекеттің рөлі тұрақты ғана емес, қайта 
бұрынғыдан да артуда деп санайды (Beland, 2008). Оған себеп – ұжымдық се-
німсіздіктің төрт негізгі көзі: лаңкестік, аутсорсингке және ықшамдалуға әке-
летін экономикалық жаһандану, иммиграция салдарынан ұлттық бірегейлікке 
төнетін қауіп, ЖҚТБ сияқты жаһандық аурулардың таралуы. 
Сонымен қатар мемлекет өз мүддесі үшін қауіпті жағдайды әдейі өршітіп 
қолдан жасай алады, осылайша өз азаматтарына одан сайын қауіп төндіреді. 
2003 жылғы Иракпен соғысқа дейін АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері Саддам 
Хусейннің екі елге тікелей қауіп төндіретін жаппай қырып-жоятын қару-жарақ-
тары (ЖҚҚ) бар екенін мәлімдеген. Құрама Штаттар тіпті Иракты Америка қа-
лаларына құрамында химиялық немесе биологиялық қарулар бар бөшкелерді 
лақтыру үшін теңіз кемелерін пайдаланып, миллиондаған адамды өлтіре алады 
деп мәлімдеді. Осындай қисынсыз айыптаулардан туындаған ұжымдық қауіп-
сіздік Иракқа басып кіріп, Саддам Хусейнді құлатуға көмектесу үшін қоғамдық 
пікірге ықпал етті.
Ұлттық мемлекетке қолдау көрсетудегі бұл дәлелдің екінші жағы – әртүр-
лі жаһандық процестер, көпшілік ойлағандай мықты емес. Мысалы, жаһандық 
бизнес көптеген елдердің ішіндегі, соның ішінде АҚШ-тағы бизнеспен салыс-
тырғанда бәсеңдейді. Басқа жағынан, ұлттық мемлекеттердің
шекаралық әл-
сіздігі туралы сұрақ туындайды. Мысалы, Құрама Штаттар мен басқа елдерге 
қоныс аудару көрсеткіші XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағыдан 
анағұрлым төмендегенін көрсетеді (Gilpin, 2001).
Осыған байланысты жаһандануды ұлттық мемлекеттерге төнген қауіп неме-
се шектеу ретінде қарастыру қателік болар еді, өйткені ұлттық мемлекет үшін 
даму мүмкіндігі болуы ықтимал (Conley and Weiner, 2002). Мысалы, жаһандану 
талаптары австралиялық қоғамға қажетті өзгерістерді (кем дегенде неолиберал-
дық тұрғыдан) жасау үшін пайдаланылды, соның нәтижесінде протекционизм-
нен бас тартып, (нео)либералдандыру бағытына ауысуға, мемлекеттік кәсіп - 
орындарды жекеменшік кәсіпорындарға трансформациялауға және әлеуметтік 
қамсыздандыруды жақсартуға мүмкіндік туды. Жаһанданудың риторикасы, әсі-
ресе оның әсерін асыра айту осындай өзгерістерді қалаған саясаткерлер үшін 
пайдалы болды. Басқаша айтқанда, австралиялық саясат керлер австралиялық 
қоғамды реформалау үшін жаһандануды идеология ре тінде пайдаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет