660
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Макдональдтандыру – жылдам тамақтану мейрамханасының принциптері аме-
рикалық қоғамның, сондай-ақ әлемнің қалған бөліктерінің басым бөліктеріне
үстемдік етуге жол ашатын процесс. Оның негізгі бес өлшемін: тиімділігін, есеп-
телімділігін, болжамдылығын, технологияны алмастыру арқылы адамдарға ба-
қылауды және, қаншалықты парадокс болса да, рационалдықтың иррационал-
дылығын мазмұндау арқылы суреттеуге болады.
Тиімділік. Макдональдтандыру (McDonaldizing): қоғам
тиімділікке баса
назар
аудара отырып, кез келген мақсатқа жету үшін барынша тиімді құралдарды та-
буға тырысады. Жылдам тамақтану мейрамханаларының жұмысшылары тиімді
жұмыс істеуі керек екені анық. Мысалы, гамбургерлер құрап жиналады, кейде
тіпті конвейер сияқты құрастырылады. Клиенттер өздерінің тамақтары дәм-
ді әрі тез дайын болғанын қалайды және қызметшілерден де соны талап етеді.
Үлестіру терезесі – клиенттердің тамақты алуына және қыз меткерлердің та-
мақты таратуына арналған, тиімділігі жоғары құрал. Тұтастай алғанда, қызмет-
керлер мен
клиенттердің тиімді әрекет жасауын қамтамасыз ету үшін жылдам
тамақтану мейрамханасына түрлі нормалар, ережелер, тәртіптер, про цедуралар
мен құрылымдар енгізілді. Сонымен қатар бір тараптың
тиімділігі басқалардың
да оған ұқсас түрде әрекет етуіне көмектеседі.
Есеп айырысуға үлкен мән берілген, сапаға зиян тигізетін санға көп көңіл бөлі-
неді. Жылдам тамақтану мейрамханаларындағы қызметкерлер жұмысының әр-
түрлі аспектілеріне белгілі бір уақыт мерзімі беріледі. Жылдамдыққа баса назар
аудару жұмыстың сапасына жағымсыз әсер етеді, нәтижесінде қызмет беруші
тарапынан қанағаттанбаушылық, жұмыс күшінің тұрақсыздығы туындайды.
Сол сияқты сатып алушылар жылдам тамақтану мейрамханасында мүмкіндігін-
ше аз уақыт жұмсауға тырысады. Кіріс-шығыс терезесі
осы уақытты нөлге де-
йін азайтады, алайда, егер сатып алушылар мейрамханада тамақтанғысы келсе,
орындықтар оларды шамамен 20 минуттан кейін кетуге мәжбүрлейтіндей етіп
орналастырылады. Жылдамдыққа баса назар аудару – тамақтану сапасына теріс
әсер етеді. Сонымен қатар жұмыстың қаншалықты жылдам жүргізілуіне баса
назар аудару клиенттерге жоғары сапалы тағам ұсына алмайды, өйткені ондай
ас мәзірі көп уақытты талап етеді.
Болжамдылық. Макдональдтандыру болжамдылыққа ерекше көңіл бөлетіндік-
тен, заттар (өнімдер, параметрлер, қызметкерлер мен клиенттердің мінез-құлқы
және т.б.) қай жерде орналасса да, бір-біріне ұқсас. Қызметкерлердің жұмыста-
ры болжамды түрде орындалады, клиенттерден де осындай болжамды мінез-құ-
лықпен жауап беруді күтеді. Осылайша, клиенттер кірген кезде, қызметкерлер
олардың неге тапсырыс бергісі келетінін сұрайды. Клиенттер өздерінің не қа-
лайтынын немесе қалаған нәрсені табу үшін қай жерден іздеуді білуі, жылдам
тапсырыс беруі және төлем жасауы тиіс. Қызметкерлер (басқа сценарийге сай)
клиенттер кетіп бара жатқанда алғыс білдіруі керек.
Әр жерде орналасқан мұн-
дай мейрамханалар бір мезгілде бір-бірінен ерекшеленбейтін тағамдарды ұсы-
нуы мүмкін.
Технология құралдарымен басқару. Макдональдтандырылған (McDonaldized)
жүйелерде үлкен бақылау бар, бақылау көбінесе технологиялар ар қылы жүргі-
661
16-тарау
•
Жаһандану теориясы
зіледі. Қазіргі уақытта бұл технологиялар қызметкерлерге үстемдік етеді, уақыт
өте келе олардың көпшілігі адамдарды алмастырады. Қызметкерлер қуырылған
картоп дайын болған кезде қоңырау белгі беретін, тіпті ыстық майдан өзі авто-
матты түрде сүзіп алатын френч-фрай (қуырылған картоп) маши налары сияқ-
ты технологиялар арқылы басқарылады.
Өз кезегінде, тұтыну шыларды осындай
технологиялармен шектелген қызметкерлермен бірге, техно логиялардың өздері
де тікелей басқарады. Осылайша автоматты түрде қуыратын машина тұтыну-
шының сапалы дайындалған, жақсылап қуырылған картопты сұратуына мүм-
кіндік бермейді.
Рационалдықтың иррационалдығы. Қызметкерлер де, клиенттер де макдональд-
тандыруға өзгеріссіз серіктес болып көрінетін рационалдықтың иррационал-
дығынан зардап шегеді. Қаншалықты парадокс болса да, рацио налдық өзінің
қарсыласы – иррационалдыққа алып келеді. Мысалы,
жылдам тамақтану мей-
рамханасының тиімділігі көбінесе сатушы сөресіне ұзын-сонар кезекке тұр-
ған адамдармен немесе кіріс-шығыс терезесі арқылы жүргізілетін көліктердің
ұзыннан-ұзақ кезектеріне байланысты тиімсіздіктермен ауыстырылады. Көпте-
ген басқа да иррационалдықтар бар болса да, ақырғы иррационалдық – дегу-
манизация. Қызметкерлер тамақ сапасыз дайындалған орындарда қызмет етуге
мәжбүр болса, тұтынушылар сапасыз әзірленген тағамдармен және асықпай
тамақтануға мүмкіндік болмайтын жағдайларда тамақтануға мәжбүр болады.
Жылдам тамақтану мей рамханасы – қызметкерлер үшін де, тұтынушылар үшін
де деградация көзі.
Достарыңызбен бөлісу: