662
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тағамдарға қоса, тауық еті қосылған терияки гамбургерін, күріш гамбурге-
рін және қоңыр күріш бәліші мен ошируко (жапондық тәтті тағам) сататын,
1600-ден астам мейрамханасы бар жапон желісі. Ресейлік «Русское бистро» же-
лісі «бәліштері» (ет және көкөніс бөректері), жұқа құймақ, казак өрігінен жа-
салған бәліш сияқты дәстүрлі орыс тағамдарымен бірге, арақ сатады. Жылдам
тамақтану мейрамханасын орналастыру тіпті мүмкін болмайтын, 1984 жылы
соғыс ойсыратқан Бейрутта
Juicy Burger ашылып, алтын арканың орнына кем-
пірқосақпен безендірілді, Рональд McDonald’s-тың орнына J.B. клоуны тұрды.
Қожайындары оны араб әлемінен шыққан McDonald’s-қа айналады деп үміт-
тенді. 2003 жылы Иракқа шабуылдан кейін тез арада McDonald’s-тың бірнеше
түрі
(Madonal, Matbax) ашылды.
Қазір макдональдтандыру жылдам өрістеуде. Өздерінің макдональд танды-
рылған институттары бар басқа елдер оларды АҚШ-қа экспорттауға кірісті.
Экологиялық таза өнімнен жасалған
The Body Shop британдық косметика же-
лісімен 2011 жылы 60 елде 2500-ден астам дүкен жұмыс істеді, олардың 300-і
АҚШ-та болды. Сонымен қатар америкалық фирмалар осы британдық желінің,
мысалы,
Bathand Body Works тәрізді көшірмелерін ашып жатыр.
Pollo Campero –
тауық етіне маманданған гватемалалық желі, қазіргі уақытта алты елде орналас-
қан және Америка Құрама Штаттары аумағында жылдам таралуда.
Макдональдтандыру процесінің моделі ретінде McDonald’s бүкіл әлемдегі
орталыққа айналды. McDonald’s-тың Мәскеудегі ашылуы түпкілікті амери ка-
лық белгі ретінде сипатталды. 1990 жылы Мәскеуде
Pizza Hut ашылған кезде,
клиенттер оны Американың шағын бөлігі ретінде қабылдады. Жылдам тамақта-
ну мейрамханалар санының өсуін тұжырымдаған Бразилиядағы
Pizza Hut мей-
рамханасының атқарушы директоры жергілікті халықтың амери калық заттарға
құмарлық танытатынын айтты.
Достарыңызбен бөлісу: