680
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
экономикалық негіздері») кітабын атауға болады. Ол – экономикаға,
әсіресе
экономикалық либерализмнің өзін-өзі реттейтін немесе реттелмейтін нарыққа
деген, сондай-ақ барлығын өзіндік мүдделерге негіздеуіне назар аударған ірі
сыншы. Оның пікірінше, бұл – әмбебап принциптер емес, керісін ше, капита-
лизмнің пайда болуына байланысты бұрын-соңды болмаған оқи ғалар. Поланьи
(1944)
көрсеткендей, laissez-faire
(кедергі келтірмеу) жүйесі мемлекеттің кө-
мегі арқылы пайда болды және мемлекеттік іс-әрекеттер нәтижесінде жұмыс
істей алды. Сонымен қатар, егер laissez-faire жүйесі өз алдына қалдырылса,
ол қоғамды жойып жіберу қаупін төндірді. Шынында да, дәл осындай қауіп-
тер, нақты қауіп-қа терлер қоғам мен мемлекет
тарапынан контрреакциялар-
ға (мысалы, социализм, коммунизм, жаңа бағыт) әкеліп соқтырды. Олар осы
контрреакциялар арқылы еркін нарық мәселелерінен өздерін, әсіресе өнім-
дерді және онда еңбек ететіндерді қорғауға тырысты (Munck, 2002). Laissez-
faire нарығының кеңеюі және мемлекет пен қоғамның одан қорғану реакциясы
қосарланған қозғалыс (double movement) деп аталады (D. Hall, 2007). Эконо-
микалық либерализм осы контрреакцияларды (протекционизмнің
кез келген
формасын қоса алғанда) нарықтардың іс-әрекетін бұзған «қателіктер» ретінде
көрді. Бірақ Поланьи оларды еркін нарықтың қиянатына қарсы қажет және
қалаулы реакциялар деп санады. Поланьи өзін-өзі реттейтін нарықтың абсурд
идея болғанына сенді. Ол «социалистер, коммунистер, жаңа бағытшылар және
т.б. либерализмге, еркін нарыққа қарсы қастандық күреске қатысқан» деген
либералдық идеяны мазақ қылды. Бұл қастандық күрестен
гөрі еркін нарық
қатер төндірген қоғамның және оның әртүрлі элементтерінің табиғи, «тосын»,
ұжымдық реакциясы болды. Өз уақытында Поланьи экономикалық жүйенің
қоғамға үстемдік ету үшін өзгерген үрдісін көрген. Бұл еркін нарықтық жүйе
үстемдігінен туындаған зұлымдықты тоқтатуға, сондай-ақ көбірек еркіндік бе-
руге уәде етті. Яғни, Поланьидің пайымдауынша, ұжымдық жоспарлау және
бақылау барлығына либералды экономикалық жүйеде қолжетімді болған ер-
кіндіктен көбірек еркіндік береді.
60 жылдан астам уақыт өткен соң, ол қорқынышпен қарап, кемсіткен еркін
нарықтық жүйе үстемдік ететін жаһандық
экономика дамыған кезде, Поланьи-
дің идеяларын қайта қарау қызықты. Поланьи қоғам мен ұлттық мемлекетке
үміт артты, бірақ олар жаһанданудың, әсіресе жаһандық экономиканың дамуы-
на орай, әлдеқайда әлсіз болып шықты. Мұнда Маргарет Тэтчердің танымал
(жағымсыз) мәлімдемесін айту өте орынды: «Қоғам деген ешқандай түсінік
жоқ».
2
Қуатты әлеуметтік және саяси әсерсіз нарық артықшылықтарын тоқтату
мүмкін емес. Мұндай жоспарлау мен бақылау ғаламдық кезеңде бұрын-соңды
болмаған. Бұдан басқа, «жаһандық жоспарлау мен бақылау, шынында да, ықти-
мал ма немесе қажетті ме» деген сұрақ туындайды. Бүгінде
Поланьи тірі болса,
ұстанымының логикасы жаһандық деңгейде болғандықтан, қазіргі әлдеқайда
қуатты әрі қауіпті еркін нарықтық экономикада жаһандық жоспарлау мен бақы-
лауды қолдауға мәжбүрлейтін еді.
2007–2008 жылдардағы ірі жаһандық экономикалық дағдарыс Поланьи
идеясының маңыздылығын көрсетеді. Нарық бұрын-соңды болмаған еркіндік
шегінен асып кетті; оған қойылатын шектеулер тым аз немесе жоқ болып шық-
ты. Нәтижесінде бірқатар артықшылықтар бой көрсетті (ол үшін
біліктілігі жоқ
адамдар ипотекалық несие, қаржы институттарының тым қатерлі іс-әрекетте-
рі, күмәнді (мысалы, «деривативтер») және пайызы жоғары кредиттер үшін
681
16-тарау
•
Жаһандану теориясы
жауапкершілік (ипотекалық қаптамадағы бағалы қағаздар) және т.б.). Қаржы
құралдары америкалық тұрғын үй нарығының құлдырауына, несие дағдарысы-
на және, ақыр соңында, әлемдік экономикалық дағдарысқа әкеліп соқтырды.
Поланьи мұның бәрінің себебі нарықта мемлекеттік
бақылаудың жоқтығы де-
ген болар еді. Шындығында, біз дағдарыс жағдайында нарықты және экономи-
каны реттеуге қызығушылықтың қайта оралуына куә болып отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: