Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет457/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Мәдени гибридтену
Үшінші парадигма жаһанданудың нәтижесінде мәдениеттердің бірігуіне, жа-
һан дық және жергілікті интеграциядан жергілікті немесе әлемдік мәде ниетке 
қатысы жоқ, жаңа бірегей гибридтік мәдениеттердің пайда болуына ерекше 
назар аударады. Осы тұрғыдан алғанда, макдональдтандыру мен мәнсіздіктің 
гробализациясы туындауы мүмкін, бірақ олар, негізінен, үстіртін өзгерістер.
Гомогенизацияның орнына гетерогенезацияны жалғастыратын жаңа гибрид 
формалар шығу үшін жаһандық процестердің әртүрлі жергілікті мәдениеттер-
мен интеграциясы анағұрлым маңызды рөл атқарады.
Гибридизация – бұл жаһандануға өте позитивті, тіпті романтикалық көзқа-
рас, ол әртүрлі аймақтарда гетерогенділікті жоғарылатпаса да, жалғастыратын 
терең креативті процесс ретінде қарастырылады.
Мәдени гибридизацияға, сондай-ақ жаһандануға ден қойып жүрген қазіргі 
теорияшылар «трансұлттық процестердің табиғаты глокализациямен байла-
нысты» деп тұжырымдайды. Глокализация әртүрлі географиялық аймақтар-
ды бірегей кейіпке әкелетін жаһандық және жергілікті құбылыстардың өзара 
байланысы ретінде анықталуы мүмкін. Жоғарыда талқыланған гробализация 
мәнсіздіктің таралуымен байланыстырылса, глокализация әдетте бір нәрсемен 
байланыстырылады, сондықтан ештеңенің таралуына ішінара болса да (және 
жергіліктінің өзімен бірге) қарсы шығады. Роланд Робертсонға жүгіне отырып 
(2001; see also M. Smith, 2007), глокализацияға баса назар аударатын ғалымдар 
қабылдаған негізгі элементтер мынадай:
1. Әлем барған сайын әр алуан дамуда. Глокализация теориясы әлемнің ай-
мақтары ішіндегі және бір-бірімен арадағы айырмашылықтарды ескереді.
2. Жеке адамдар/индивидтер мен жергілікті топтар глокализацияланған 
әлемге бейімделуге, инновациялауға және маневр жасауға зор ынта таны-
тады. Глокализация теориясы жергілікті жеке адамдар мен топтарды ма-
ңызды және креативті агенттер ретінде қарастырады.
3. Әлеуметтік процестер салыстырмалы және нақты емес. Гробализация 
ұлт шылдықтан космополиттік жаулап алуға дейінгі аралықта әртүр лі 
реакциялар туғызады, олар гробализацияға ықпал етіп, оны трансфор ма-
циялап, глокализацияны тудырады.


666
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
4. Тауарлар мен медиа (толық) мәжбүрленетін дегеннен гөрі, әлемнің барлық 
глокализацияланған аймақтарында жеке және топта қолданылатын ма те-
риал ұсынатын құбылыс ретінде қарастырылады.
Глокализацияға баса назар аударатындар оны мәнсіздіктің гробализациясы-
на қарсы күрес ретінде бағалайды және, шын мәнінде, ол жаңа бір нәрсенің кең 
ауқымды «глокальды» формаларын жасайды деп ойлайды. Керісінше, гробали-
зацияға баса назар аударатындар оны мәнсіздіктің (nothingness) бүкіл әлемге 
таралуына тегеурінді ықпал етеді деп есептейді.
Кейбір тығыз байланысты терминдерді (және онымен байланысты мы-
салдар) талқылау глокализацияны, сондай-ақ мәдени гибридизацияның кең 
ауқымды мәселесін жақсырақ түсінуге (Garcia Canclini, 1995; Pieters, 2004) 
кө мектеседі. Әрине, гибридизация – гробализациямен байланысты біртұтас-
тыққа қарама-қайшы, жаһандық және жергілікті мәдениеттің бірегей қоспа-
лары әсерінен әртүрліліктің артуына баса назар аударатын термин. Мәдени 
гибрид әлемнің әртүрлі мәдениеттерінен немесе әлемнің әртүрлі бөлікте-
рінен екі немесе одан да көп элементтерді біріктіреді. Гибридизация (және 
гете рогенизацияның, глокализацияның) мысалдарының бірі – екі марокка-
лық әйел дің Тай боксында өнер көрсеткенін көру үшін Амстердамға келген 
угандалық туристер, Сауд Арабия азаматына тиесілі Лондон клубында Оң-
түс тік Америка тобы орындайтын Азия рэпін көріп жатқан аргентиналық-
тар және америкалықтардың ойдан шығарылған заттар ретінде ирландиялық
рогаликтер/тоқаш, қытайлық тако және кошерлі пицца сияқты тағамдар-
ды жеуі. Мұндай гибридтердің тізімі артуда. Америка Құрама Штаттарында
гамбургерлер, Францияда бәліштер немесе Жапонияда суши жеу сияқты бір-
келкі тәжірибелер болмақ.
Глокализациямен тығыз байланысты тағы да бір тұжырым – креолизация 
(creolization) (Hannerz, 1987). Креоль (creole) термині әдетте аралас нәсілдің 
адамдарына қатысты қолданылады, бірақ ол бұрын бір-біріне түсініксіз болған 
тілдер мен мәдениеттер тіркесін қамтитын тіл мен мәдениеттің креолизациясы 
идеясына кеңейтілді.
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы – глокализация, гибридизация, крео-
лизация оқырманға «мәдени гибридизация» тақырыбында талқыланған мәсе-
лелер жайлы жақсы түсінік беруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет