668
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тәуелсіз жаһандық процестер ретінде қарастырыла алады. Екіншіден, жаһан-
дық ағындар ландшафттар арқылы ғана емес, олардың арасындағы
алшақтық-
тардың (disjunctures) ішімен де барады. Осылайша, мұн дай
алшақтықтың бір
мысалы – жапондықтар идеяларға (идеялық кеңістік, медиакеңістікке) ашық,
бірақ иммиграцияға (кем дегенде этнокеңістіктің біреуі) жабық. Тұтастай ал-
ғанда, кейбір ландшафттардың еркін қозғалысы басқалардың кедергісінен те-
желуі мүмкін. Осы саладағы зерттеулер мұндай алшақтықтарға және олардың
жаһандануға жасайтын ықпалына назар аударуы керек. Үшіншіден, аймақтар-
ға бес ландшафт пен олардың алшақтықтарының тигізетін әсері әртүрлі. Бұл
мәдениеттердің өз арасында маңызды айырмашылықтарды тудырады. Ланд-
шафттарға ерекше назар аудару жаһандану зерттеулерін бірегей бағыттардың
жиынтығына жұмылдырады. Алайда ландшафттарға айрықша көңіл бөлу –
жаһанданудың гомогенизацияға қарағанда – гетерогенизациямен, гробализа-
циядан гөрі глокализациямен байланысы әлдеқайда тиянақты деген идеямен
сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: