Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет461/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Неолиберализм
Неолиберализм – экономикаға (әсіресе нарыққа және саудаға) және саясатқа 
(әсіресе нарық пен саудаға үкіметтің қатысуын және бақылауын шектеу қажет-
тілігіне) қатысты қолданбалы теория. Бұл, өз кезегінде, маңызды теория, соны-
мен қатар осы екі сала туралы басқаша ойлауға және теориялауға ай рықша әсер 


676
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
етті. Бұл әсіресе неолиберализмге қатал сынмен қарайтын түрлі неомарксистік 
экономикалық теорияларға (алдыңғы материалдан қараңыз) қатысты.
Көптеген танымал ғалымдардың, әсіресе экономистердің зерттеулері (мыса-
лы, Милтон Фридманд) неолиберализммен тікелей байланысты. Біз неолибе-
рал-экономист Уильям Истерли (2006a, 2006b) идеяларының кейбірін қысқаша 
қарастырып, осы көзқарасты жақтаушылардың пікірі ар қылы түсіндіруге тыры-
самыз. 
Истерли коллективизмнің және мемлекеттік жоспарлаудың кез келген фор-
масына, Кеңес Одағында қабылданған және тә жірибеде қолданылған немесе бү-
гінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы, басқа экономистер қолданып жатқан фор-
масына да қарсы шығады. Коллективизм Кеңес Одағында сәтсіздікке ұшырады. 
Истерлидің пікірінше, бүгін де сәтсіздікке ұшырайды. Себебі ол еркіндікті жо-
йып жібермесе де, қысым көрсетеді, ал еркіндік, әсіресе экономикалық еркіндік 
экономикалық табыспен тығыз байланысты. Өйткені экономикалық еркіндік 
табысты кез келген бағыттан іздестіруге мүмкіндік береді; мұндай ізденістер 
еркін нарық идеясының не гізіне айналды. Экономикалық еркіндік пен еркін на-
рық – неолиберал-эко номистердің ең сүйікті тақырыбы.
Истерли экономикалық табысқа жағдай жасайтын экономикалық еркіндік-
тің бірнеше артықшылықтарын ұсынады. Біріншіден, қандай экономикалық 
әре кеттер сәтті және сәтсіз болатынын алдын ала білу өте қиын. Экономика-
лық еркіндік көптеген әрекеттерге жол ашады, сәтсіздікке ұшырағандар ығы-
сып қала береді. Уақыт өте келе табысты, сұранысқа ие іс-әрекеттер іріктеліп 
қалады да, әлеуметтік тұрмысымыздың жоғарылауына қызмет етеді. Жоспарлы 
экономиканы құрушылар да табысқа жету жолдарын іздестірген, бірақ олардың 
да, өзінің және басқалардың сәтсіздіктерінен үйренуге тырысқан көптеген адам-
дардай, білім-білігі бәрібір жетіспейді. Екіншіден, нарықтар қандай әрекет сәтті 
және сәтсіз болатыны жайлы үздіксіз кері байланыс ұсынады; бірақ жоспарлы 
экономикашыларға осындай кері байланыс жетіспейді. Үшіншіден, экономика-
лық еркіндік сәтті әрекеттер үшін ресурстарды қайта бөлуге алып келеді; ор-
талық жоспарлаушылар осындай жиі қайта бөлудің алдын алуға мүдделі. Төр-
тіншіден, экономикалық еркіндік қаржы нарықтарының және кор поративтік 
ұйымдардың ауқымды әрі жылдам өсуіне мүмкіндік береді; орталық жоспарлау-
шыларға ауқымды өзгерістерді жылдам жасау үшін икем ділік жетіспейді. Со-
ңында жеке адамдар мен корпорациялар күрделі шарт ты қорғаныстардың есебі-
нен үлкен тәуекелдерге баруға дайын; бір нәрсе дұрыс болмай қалған жағдайда 
орталық жоспар лаушылар өздерінің осал тұстарына байланысты тәуекелге жол 
бермейді.
Джон Локк (1632–1704), Адам Смит (1723–1790) және басқалар жасаған 
классикалық либералды теория, 1930 жылдардағы оқиғаларға орай, неолибе-
рализм деп атала бастады (Fourcade-Gourinchas and Babb, 2002). Неолибера-
лизм термині жеке еркіндікке деген саяси міндеттемелер мен еркін нарыққа 
бағытталған және осы нарыққа мемлекеттің араласуына қарсылық білдіретін 
неоклассикалық экономиканың үйлесуін қамтиды (Harvey, 2005). Кәсіпкер-
лер босатылуы тиіс, нарықтар мен сауда-саттық еркін болуы керек, мемлекет-
тер оны қолдап, араласуды барынша қысқартуы қажет және күшті меншік құ-
қығы болуы керек.
Неолиберализм депрессия дәуірінде, ішінара кейнстік экономика және оның 
үлкен қоғамға әсеріне деген реакциясынан пайда болған. Джон Мейнард Кейнс-


677
16-тарау

Жаһандану теориясы
тің (1883–1946) сол кездегі әйгілі теорияларына негізделген нарық, кәсіпкерлер 
мен корпорациялар неше түрлі (әлеуметтік және саяси) тежеумен және мықты 
реттеуші ортамен шектелді. Бұл бағыт либералды идеяларды қайта жанданды-
руға деген жаппай құлшыныстан, сонымен қатар XX ғасырдың басында көпте-
ген ақыл-ой иелері мен саяси жүйелерге үстемдік еткен коллективизмге (маркс- 
истік теория) қарсы тұру қажеттілігінен туындады.
Бұл жанданудың интеллектуалды көшбасшылары экономистер болды, әсіре-
се Австрия мектебінің мүшелері Фридрих фон Хайек (1899–1992) пен Людвиг 
фон Мизесті (1881–1973) айрықша атаған жөн. 1947 жылы либералды идеялар-
ды насихаттайтын «Мон Пелерин» қоғамы (МПҚ) құрылды. Оның мүшелері 
ұжымдық социализмнің кеңеюіне (әсіресе Кеңес Одағында және оның демеу-
шілігімен) және нарыққа либералды үкіметтердің озбырлықпен араласуына
(мысалы, Франклин Рузвельттің «Жаңа бағыт») қатты алаңдады. МПҚ-мен 
байланысты топ, әсіресе танымал және ықпалды Чикаго экономисі Милтон 
Фридман (1912–2006) дәстүрлі либералды идеяларды қорғауға, неолибералды 
теорияны дамытуға және бүкіл әлем елдерінің оларды пайдалануына демеуші-
лік көрсетуде маңызды қызмет атқарды.
Неолиберализм әртүрлі формада болады, бірақ олардың бәрі төменде кел-
тірілген идеялардың кейбіреулерімен немесе барлығымен қуаттандырылады 
(Antonio, 2007; for a critique of the kind of generalizations about neoliberalism to 
follow, see Collier, 2011):
Еркін нарыққа және оның рационалдығына үлкен сенім артылады. Нарық-
тың еш кедергісіз, әсіресе ұлттық мемлекетпен басқа да саяси ұйымдар та-
рапынан жасалатын кедергілерсіз жұмыс істеуіне мүмкіндігі болуы керек. 
Нарықтағы еркін әрекет барлық адамға дерлік тиімді болады және эконо-
микалық әл-ауқат пен жеке еркіндіктің (және демократиялық саяси жү-
йенің) жақсаруына алып келеді. Осы мақсатқа жету үшін нарық пен оның 
еркіндігін қолдайтын технологиялық, құқықтық және институттық меха-
низмдердің кең спектрін қорғау, қолдау және кеңейту өте маңызды. Еркін 
нарықтың маңыздылығы соншалық – неолибералдар оны капитализм-
ге теңестіреді. Сондай-ақ еркін нарық принциптері экономикамен (және 
мемлекеттік құрылымымен) шектелмейді; өмірдің барлық салаларындағы 
(отбасы, білім, мәдениет) транзакциялар да еркін болуы керек.
• Нарықтағы, жалғыз болмаса да, басты актор – жеке адам; неолиберализм 
түбегейлі индивидуалистік болып саналады.
• Еркін нарыққа деген сенімге қоса, еркін саудаға деген параллель сенім бар.
• Еркін нарық пен еркін саудаға шектеулер болған жағдайда, мұндай шектеу-
лерді шектеу немесе жою үшін қайта реттеу (дерегуляция) жүргізу қажет. 
Еркін нарықтар мен еркін сауда демократиялық саяси жүйемен байланыс-
ты. Осылайша, саяси жүйе, әсіресе демократия еркіндігі экономикалық әл-
ауқатпен және жеке адамдардың жеке байлық жинау еркіндігімен тікелей 
сабақтас.
Төмен салықтарға және салықты қысқартуға қатысты міндеттеме бар (әсі-
ресе салықтары тым жоғары және ауыртпалық түсірді деп саналатын бай 
адамдар үшін). Төмен салық және салықтың қысқартылуы адамдарды көп 


678
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
қаражат тауып, соңында көбірек инвестициялауға және оны жұмсауға ын-
таландырып, экономикаға дем береді.
Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпке арналған салықтың төмендеуі есебінен олар са-
лықтық жинақтарды өз әрекеттері мен инфрақұрылымға көбірек қаражат 
салу үшін пайдаланады. Осылайша көбірек бизнес, кіріс пен табыстарды 
қалыптастырады деген идеямен ынталандырылады. Бұл тек бизнес пен ин-
дустрияға ғана емес, тұтастай алғанда қоғамға табыс алып келеді. Жоғары 
табыстар «төменге жетіп», қоғамдағы көп адам үшін пайдасын тигізеді.
Әл -ауқатқа жұмсалатын шығындарды барынша азайту керек және кедейлер 
үшін қауіпсіздік желісі айтарлықтай азайтылуы қажет, өйткені бұл саясат эко-
номикалық өсуге нұқсан келтіреді, тіпті кедейлерге зиян тигізеді. Әл-ауқатқа 
жұмсалатын шығындардың қысқартылуы мемлекеттік шығындарды қысқар-
туға және үкіметке салықты азайтуға немесе «жемісті» іс-әрекеттерге инвес-
тиция салуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік желісі болмаған жағдайда, кедей 
адамдар көбінесе ең төмен айлық немесе төмен жалақы ұсынатын жұмыс та-
буға мәжбүр болады. Бұл компаниялардың өнімділігі пен табысын арттыруға 
мүмкіндік береді. Қауіпсіздік желісінің төмендетілуі бизнес жұмыс күшін ке-
ңейтуге қолданатын үлкен «резервтік армияны» құрайды.
 Үкіметтің шектелуіне зор сенім артылады, өйткені ешбір үкімет немесе 
үкіметтік агенттік еш нәрсені нарық секілді жасай алмайды (Кеңес Ода-
ғының сәтсіздігі бұған дәлел ретінде қарастырылады). Сонымен қатар 
бұл үкіметті, теориялық тұрғыдан болса да, нарыққа араласуға анағұрлым 
қабілетсіз немесе қабілетсіз қылады. Сондай-ақ бұл салықты аз жинауы 
тиіс, арзан үкімет дегенді білдіреді. Бұл, өз кезегінде, жұртшылыққа, әсі-
ресе соңғы жылдары салық жеңілдіктерінен көп пайда тапқан қоғамның 
бай адамдарына мол табыс әкеледі. Мемлекет шектеулі болуы керек және 
оның жұмысы – ашық жаһандық нарықтармен ынтымақтасу.
Жаһандық капиталистік жүйені кеңейтуді жалғастыру қажеттігіне үлкен 
сенім бар. Мұндай кеңейту әл-ауқаттың өсуіне әкеледі (бірақ қоғамның 
қай мүшелері үшін?) және кедейлікті азайтады деп санады.
Бұл идеялардың басым бөлігі неолибералды экономикаға назар аударады, 
бірақ кейбір идеялар неолибералды мемлекетке тығыз байланысты (Harvey, 
2006). Неолибералды мемлекет мынадай әрекеттерді нақты және тікелей жа-
сауы керек:
• Бизнес пен оның капитал жинақтауы үшін қолайлы климатты қамтамасыз 
ету. Бұл белгілі бір іс-әрекеттер (мысалы, Федералдық қордың пайыздық 
мөлшерін көтеруі) жұмыссыздықтың өсуіне әкеліп соқтырса да жасалуы 
керек.
• Бизнестің мүдделерін алға тарту, жеңілдету және ынталандыруға (қажет 
болған жағдайда) ерекше назар аударуы керек. Бұл бизнестің сәтті болуы 
әрқайсысымызға пайда тигізеді деген сеніммен жасалады. Бірақ көпшілігі 


679
16-тарау

Жаһандану теориясы
неолиберализм салыстырмалы түрде тек кейбір адамдар мен әлемнің кей 
аймақтарына ғана пайдасын тигізді деп санайды.
• Бұрын мемлекет басқарған салаларды (мысалы, білім беру, телекомму ни-
кация, көлік) жекешелендіру. Бұл салаларды бизнес пен пайда табу үшін 
ашу және жекешелендіруге жатпайтын секторлардың «тиімді» және «есеп 
беру» тәртібімен жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
• Экономикалық секторлар мен географиялық аймақтар ішінде және өз ара-
сында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеу.
• Еркін бәсекелестіктің артықшылықтарын көрсету, алайда мемлекеттің іс 
жүзінде бизнес мүдделері арқылы нарықты монополизациялауды қолдай-
тыны туралы ой кеңінен таралған.
• Бизнес мүдделерін және олардың капитал жинақтауға жұмсайтын күш-
жігерін шектеуге бағытталған топтарға (мысалы, кәсіподақтар, қоғамдық 
қозғалыстар) қарсы жұмыс істеу.
• Ұлттық шекаралар арқылы капиталдың еркін қозғалысы мен жаңа нарық-
ты құру жолындағы кедергілерді азайту.
• Қаржы институттарына құлдырау қаупі туындаған кезде қаржылай көмек 
көрсету (мысалы, 2008–2009 жылдары Bear Stearns, AIG, Citibank және 
басқалар үшін жасалғандай).
Тұтастай алғанда, сыншылардың пікірінше, неолибералдық мемлекет элитаны 
қолдайды, бірақ бұл фактіні демократиялық болып көрінетіндей етіп жасыруға 
тырысады; шын мәнінде, көптеген адамдар үшін бұл антидемо кра тиялық, өйткені 
еркіндік пен бостандыққа ерекше көңіл бөлу көбінесе нарықпен шектеледі.
Қалыптасқан көзқарасқа қарамастан, неолиберализм мемлекеттің маңызын 
жоймады. Керісінше, мемлекет институттары мен практикалары неолиберал-
дық нарық, экономиканың қажеттіліктері мен мүдделеріне жақсырақ бейімделу 
үшін өзгертілген болатын.
Дегенмен неолибералдық мемлекет ішкі қарама-қайшылықтармен күресе-
ді. Бір жағынан, оның авторитаризмі жеке еркіндікке және демократияға деген 
қызығушылығымен қатар өмір сүреді. Екінші жағынан, тұрақтылықты сақтауға 
қарамастан, оның қызметі әсіресе қаржылық (және басқа) айла-шарғыны қол-
дауға арналған тұрақсыздықтың өсуіне алып келеді. Бәсекелестікке ашық адал-
дық танытса да, ол монополизация атынан әрекет етеді. Ең бастысы, бәрі эконо-
микалық элитаны қолдауға арналған амал-айла деп санайтын қайшы пікір бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет