Экономикалық теория
Жаһанданудың экономикалық аспектілері туралы көптеген теориялар бар.
Әлеуметтануда ең маңызды перспективалар марксистік теориямен байланыс-
ты. Олар табиғаты жөнінен неомарксистік идеямен үндес. Осы бөлімде екі ірі
мысал талқыланады.
Трансұлттық капитализм
Лесли Склер (2002) жаһандануды екі жүйеге бөледі. Бірінші – жаһанданудың
қазіргі үстем болып тұрған капиталистік жүйесі. Ал екіншісі – социалистік
жүйе. Ол әлі жоқ, бірақ қазіргі антиглобализациялық, әсіресе бүкіл әлемде адам
құқықтарын қорғауға бағытталған қозғалыстар арқылы белгі береді. Жаһанда-
нудың қазіргі жүйесіндегі проблемалар, әсіресе таптық поляризация және капи-
талистік жаһанданудың экологиялық тұрақсыздығы артуы антиглобализация-
лық қозғалыстарға және социалистік форманың орнауына мүмкіндік берді.
Ұлттық мемлекет маңызды болып қала берсе де, Склер шекараларды, соның
ішінде мемлекеттер жасаған шекаралардан өте алатын трансұлттық практика-
ларға назар аударады, олар аумақтық шекаралардың капиталистік жаһандануда-
ғы маңыздылығының төмендеуін білдіреді. Марксист ретінде, Склер экономи-
калық трансұлттық практикаға басымдық береді және осы тұрғыда трансұлт-
тық корпорациялар – оның талдауының негізгі аспектілерінің бірі. Трансұлт-
тық корпорацияларға баса назар аударудың негізінде капитализм халықаралық
жүйе болудан алшақтады (өйткені ұлт [мемлекет] мәні төмендейді) және ол кез
келген белгілі бір географиялық аймақтан немесе мемлекеттен ажыратылған
жаһандану жүйесі болуға ұмтылады деген идея жатыр.
Екінші үлкен маңызы бар трансұлттық практика – саяси. Мұнда трансұлт-
тық капиталистік тап басым. Дегенмен дәстүрлі марксизмге тән термин ма-
ғынасында бұл тап капиталистерден тұрмайды, яғни трансұлттық капиталистік
тап өндіріс құралдарына ие болуы міндетті емес. Склер трансұлттық капита-
листік таптың төрт «фракциясын» ажыратып бөледі: 1) трансұлттық корпора-
669
16-тарау
•
Жаһандану теориясы
циялардың және олардың жергілікті филиалдарының басшыларынан құралған
корпоративтік фракция; 2) жаһанданушы мемлекет пен мемлекетаралық бю-
рократтар, саясаткерлерден тұратын мемлекеттік фракция; 3) жаһанданушы
мамандардан тұратын техникалық фракция; 4) саудагерлер мен медиа басшыла-
рын қамтитын тұтынушы фракциясы. Бұл, әрине, Маркстің капиталисті тұжы-
рымдауынан гөрі өзгешеленетін топ.
Трансұлттық капиталистік тап термині дәстүрлі мағынадағы капиталист
болмауы мүмкін, бірақ ол түрлі жағынан трансұлттық болып табылады. Бірін-
шіден, оның «мүшелері» жаһандық (сонымен бірге жергілікті) мүдделермен
бөлісуге бейім. Екіншіден, олар елдер арасында әртүрлі бақылауды іске асыру-
ға тырысады. Яғни олар жұмыс орнында экономикалық бақылауды, ішкі және
халықаралық саясатта саяси бақылауды, сондай-ақ халықаралық шекараларда-
ғы күнделікті өмірде мәдени-идеологиялық бақылауды жүзеге асырады. Үшін-
шіден, олар мәселелердің кең ауқымы тұрғысынан жергілікті емес, жаһандық
көзқарасқа қосылуды жөн көреді. Төртіншіден, әртүрлі елдерден келеді, бірақ
барған сайын өздерін туған жерінің ғана емес, бүкіл әлемнің азаматтары ретінде
сезінеді. Ақырында, қай жерде болмасын, олар әсіресе тұтынатын тауарлар мен
қызметтерге қатысты бірдей өмір салтымен бөліседі.
Үшінші трансұлттық практика – мәдениет-идеология. Бұл жерде Склер ка-
питалистік жаһанданудағы консюмеризмнің мәдениет идеологиясына зор мән
береді. Басты көңіл мәдениет пен идеологияға бөлінсе де, консюме ризмге деген
назар жалпы экономикалық бағыттарды, әсіресе марксистік тео риядағы өндіріс-
ке (және трансұлттық корпорацияларға) қатысты дәстүрлі алаңдаушылыққа,
тұтынушылыққа қызығушылықпен қоса, тұтастай экономиканы қамтиды. Бұл
салада бүкіл әлемдегі адамдарға идеологиялық бақылау жасау мүмкіндігі, ең
алдымен, жарнаманың, бұқаралық ақпарат құралдарының және тұтыну тауар-
ларының таңғаларлық ауқымда таратылуы мен жетілдірілуі арқылы күрт өсті.
Сөйтіп, олар трансұлттық корпорацияларға, сондай-ақ жар намалық, медиа кор-
порацияларға пайда әкелетін жаһандық тұтынуға бағыт талған көңіл күйді қа-
лыптастыруға қызмет етеді.
Ақырында, Склер трансұлттық практикалар мен осындай практиканы наси-
хаттайтын институттар арасындағы қарым-қатынасқа қызығушылық танытады
және ол: «Трансұлттық корпорациялар трансұлттық капиталистік тапты тұты-
нушы мәдениеті мен идеологиясын қалыптастыру және нығайту үшін пайдала-
нады, – деп мәлімдейді. – Ол өндірістің капиталистік жүйесінің қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін қажет». Шынында да, бүгін нақ осы қатынастар жаһандық
капитализмді айқындап, әлемдегі болып жатқан өзгерістердің ең маңыздысы бо-
лып отыр.
Марксист ретінде, Склер тек капиталистік жаһандануды сыни талдауға ғана
емес, оның теріс пайдаланылуына қатысты балама ойлап табуға қызығушылық
танытады. Ол трансұлттық корпорациялар өздерін қанап отыр деп санайтын
кейбір елдердің протекционизмінен аз болса да, үміт ұшқынын көргендей бола-
ды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға белсене ат салысатын жасыл қозғалыс
секілді, жаңа әлеуметтік қозғалыстар мен соңғы жылдары пайда болған түрлі
антиглобализациялық топтар үміттендіреді. Ол әсіресе адам құқықтары шең-
беріндегі түрлі қозғалыстарға ерекше мән береді, оларда капиталистік жаһан-
дану баламасының, яғни социалистік жаһанданудың белгілері табылуы мүмкін
деп санайды. Осы және басқа да қозғалыстар ХХІ ғасырда кең қанат жаяды деп
670
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
болжайды, себебі олар трансұлттық корпорациялардың жаһандандыру әдісте-
ріне көбірек қарсылық білдіреді. Шын мәнінде, ол «марксистік диалектика тұр-
ғысынан капиталистік жаһанданудың табысы төмендеп, жойылу алдында тұр»
деп есептейді, өйткені капитализмнің кеңеюі қарсыластарын дайын ресурс-
тармен (трансұлттық капитализмнің экономикалық табыстарынан алынған),
ұйымдастыру формаларымен (жаһандық капитализмдегі табысты ұйымдардан
көшірмеленген) және, әлбетте, мақсаттың айқындығымен қамтамасыз етеді.
Трансұлттық корпорациялар табысты дамыған сайын олардың ерсі әрекеттері
бұрынғыдан да айқын бола түседі, сөйтіп, оларды жаһандық жүйенің орталық
ойыншылары ретінде ығыстыру қажеттілігі күшейеді.
Империя
Жаһанданудың марксистік көзқарастарын кеңінен талқылаған ең маңызды шы-
ғармалардың бірі – Майкл Хардт пен Антонио Негридің Empire («Империя»)
(2000; Passavant, 2012a) және Multitude («Көпшілік») аталатын еңбектері (2004;
Passavant, 2012b). Хардт пен Негридің постмодерндік әлеуметтік теория тура-
лы ескертпелері болса да, олар жаһандық экономиканың постмодернизациясын
талдайды. Қазіргі заманды империализммен байланыстырады. Анықтамасы –
әлемдегі бірқатар аймақты, әсіресе экономикалық тұрғыдан бақылайтын және
эксплуатациялайтын бір немесе бірнеше ел бар. Постмодерндік қадамда Хардт
пен Негри бұл империализмді «орталықсыздандырады» (decenter), сөйтіп, им-
перияны осындай үстемдікті сақтайтын, бірақ оның ортасында бірде-бір ұлт (не-
месе басқа бірлік) болмайтын постмодерндік шындық деп анықтайды. Басқаша
айтатын болсақ, модерндік еркіндік бір орынға байланысты болады, бірақ оның
империя ретіндегі постмодерндік формасында еркіндік орынға байланысты бол-
май, беймән-орындарда (nonplaces) орнайды. Империяның орталығы жоқ; ол
аумақсыздандырылған; тек бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланған
идеялар саласында ғана бар. Нәтижесінде империяның көрінісі барлық жерде
бар, ол – кезбе.
Империя әлі де толық өмір сүріп жатқан жоқ. Қазіргі сәтте ол қалыптасу үс-
тінде, бірақ біз оның параметрлерін түсіне аламыз. Империя әлемді бірыңғай
басқару логикасымен басқарады, бірақ империяда бірыңғай күш жоқ. Импе-
рияда – биліктің бірыңғай қайнар көзінің орнына – билік қоғамға және бүкіл
әлемге таратылады. Тіпті Америка Құрама Штаттары бүгінгі әлемдегі өзінің
гегемониясына қарамастан, осы терминдердің мағынасындағы империя болып
саналмайды, сондай-ақ Хардт пен Негридің түсінігіндегі империяға сай келмей-
ді. Алайда Құрама Штаттардың егемендігі империяның маңызды ізашары және
ол өзінің әлемдегі артықшылық позициясын сақтап қалуда. Дегенмен ол импе-
рия тарапынан ығыстырылады.
Империяға географиялық немесе аймақтық шекаралар жетіспейді (немесе
жетіспейтін болады). Сондай-ақ уақыт шекарасы жоқ деп қарастырылуы мүм-
кін, себебі ол (сәтсіз болса да) тарихты тоқтата тұруға және мәңгілік өмір сү-
руге ұмтылады. Империяның әлеуметтік әлемге тереңдеп енуге ұмтылуындағы
төменгі шекарасы жоқ деп қарастыруға болады. Ол әлеуметтік әлемнің негізін
(ой, әрекет, өзара әрекеттесу, топтар) бақылап қана қоймай, адамның табиғатын,
яғни адамдардың миы мен денесін бақылау үшін биоэнергетиканы пайдалануға
671
16-тарау
•
Жаһандану теориясы
тырысады. Империя империализмге қарағанда әлдеқайда өршіл, себебі ол бүкіл
өмірді және оның ең негізгі деңгейлерін бақылап отыруға тырысады.
Жаңа құқықтық билікті (немесе соған ұмтылуы) империяның жаһандық
билігінің кілті деуге болады. Ол тәртіп, норма, этикалық ақиқат жарғылары,
«дұрыс» делінетін жалпы түсінікке негізделген. Бұл заңдық формация – импе-
рияның билік көзі. Осылайша «дұрыс» деп аталатын нәрсе үшін «гума нитар-
лық» деп саналатын мәселелерді шешу, келісімдерге кепілдік беру және тіпті
бейбітшілікті қаламайтындарға күштеп таңу мақсатында әлемнің кез келген
жеріндегі мәселеге араласа алады. Нақтырақ айтқанда, ол осы заң дық форма-
ция үшін «әділ соғыстарға» қатыса алады; біріншісі соңғысын заң дастырады.
Мұндай соғыстар дұрыс іс-әрекет болып табылады. Демек, осы заңдық фор-
мация әлемдегі этикалық тәртіпке қауіп төндіреді деген кез келген нәрсе жау
болады. Осылайша әділ соғысқа қатысу құқығы шексіз, ол – бүкіл өркениет
кеңістігін қамтиды деген сөз. Әділ соғысқа қатысу құқығы уақыт жағынан да
шексіз; ол – тұрақты, мәңгі. Әділ соғыста этикалық тұрғыдан бекітілген әс-
кери іс-қимылдардың бәрі заңды және оның мақсаты – қажетті тәртіп пен
бейбітшілік орнату. Осылайша империя өз күшіне емес, дұрыс деп санала-
тын нәрсе үшін күш көрсету қабілетіне негізделеді (бұл ұғымның мысалда-
рын АҚШ-тың Иракқа екі рет, сондай-ақ Ауғанстанға басып кіруінен көруге
болады).
Империя үштік императивке негізделген. Біріншіден, ол қолынан келген нің
бәрін жұмылдыруға тырысады. Кеңпейілді болып көрінеді және либерал дық
пиғыл танытады. Дегенмен қосылу барысында айырмашылықтар, қарсы лықтар
және қақтығыстар жойылып, тұтас әлем құралады. Екіншіден, империя айыр-
машылықтарды ажыратып, бекітеді. Ерекшеленгендер мәдениет тұрғысынан
дәріптелсе де, заңдық тұрғыдан шеттетіледі. Үшіншіден, айырмашылықтарға
байланысты империя оларды иерархияландыруға, осы иерархия мен ондағы
айырмашылықтарды басқаруға ұмтылады. Иерархияландырумен басқару – им-
перияның нақты күші.
Демек, империя тұжырымдамасы – жаһандану және бүкіл әлемдегі билікті
айқындау туралы постмодерндік марксистік перспектива. Дегенмен билік ба-
сындағы капиталистерге немесе капиталистік ұлттарға қарағанда, бұл бақылау
жағдайындағы әлдеқайда бұлыңғыр империя болып табылады. Егер империяда
капиталистер болмаса, пролетариат туралы не деуге болады?
Хардт пен Нег-
ридің пайымынша, пролетариаттың заманы аяқталды. Егер пролетариат импе-
рияға қарсы әрекет етпесе, оппозиция қайдан шығады? Марксистік тұрғыдан
алғанда, Хардт пен Негри оппозициялық күшті ойлап табуы керек, олар бұл та-
рапта көңілжықпастық үшін оппозициялық топты «көпшілік» (multitude) деп
атайды. Бұл терминдердің таңдауы қызық. Бір жағынан, «пролетариаттан» жал-
пы және абстрактілі, сондай-ақ бізді тек экономикаға шектеулі назар аударудан
алыс ұстайды. Екіншіден, империяның ықтимал қарсыластарының көп екенін
анық түсіндіреді; шынында да, империяны басқаратындар көпшілікке қарағанда
азшылықты құрайды.
Хардт пен Негридің көпшілігі – империяны әртүрлі жолмен, оның ішінде
еңбегімен (бұл империядағы нағыз өндіруші күш) қолдайтын бүкіл әлемдегі
адамдар жинағы. Басқа әдістермен қатар, осы адамдар жиынтығы тұтынудың
мәдениет идеологиясына сену арқылы және, ең бастысы, оның әртүрлі ұсыныс-
тарын тұтыну арқылы империяны қолдайды. Капитализмнің пролетариатқа
672
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
қарым-қатынасы секілді, империя – өнім өндіруші көпшіліктің мойнындағы
паразит. Маркстің пролетариаты сияқты (бұл теорияда жоғалуға жақын), көп-
шілік – империядағы шығармашылық күш. Сондай-ақ пролетариат сияқты,
көпшілік контр-империяны автономды жасау арқылы империяны ығыстыра
алады. Контр-империя, империя сияқты, ғаламдық ағымдар мен алмасулардан
туындаған жаһандық құбылыс болып саналады (немесе саналатын болады).
Жаһандану аумақсыздандыруға алып келеді (көпшілік өзінше аумақсыздан-
дырудағы күш болады) және аумақсыздандыру көпшіліктің жаһандық азат
етілуінің алғышарты болып табылады. Маркс болжағандай, аумақсызданды-
ру арқылы әлеуметтік революция, мүмкін, алғаш рет жаһандық деңгейде, іске
асуы ықтимал.
Хардт пен Негри – жаһандануды сынаушылар, модерндік капиталистік
империализм немесе постмодерндік империя болсын, олар сонымен қатар
жаһанданудағы утопиялық әлеуетті де көреді. Осылайша, жаһанданудың өзі
үлкен мәселе болып саналмайды, мәселе – оның империализм мен империя
тұсында қабылдаған немесе қабылдайтын формасында. Утопиялық әлеует
әрдайым болған, бірақ өткен кезеңде идеологиялық бақылау немесе әскери
күш арқылы тұншықтырылған. Империя қазір бақылаушы құзыретін иелену-
де немесе көп ұзамай иеленеді, бірақ оның басып-жаншуға деген әлеуетті ын-
тасы көпшіліктің оны көрсетуге талпынған тегурінді күшімен тепе-тең түседі.
Сайып келгенде, жаһандануда жалпылама еркіндік пен теңдік әлеуеті бар. Со-
нымен қатар жаһандану бізді адамзат тарихының кең ауқымын қамтитын парти-
куляризация және изоляционизмге кері қайтуға жол бермейді. Бұл процестер,
әрине, көпшілік ұмтылатын жаһандық өзгерістерге кедергі келтірер еді. Жағым-
дырақ жағы: жаһандану дамыған сайын, ол бізді контр-империя құру бағытына
көбірек итермелейді. Бұл жаһандық деңгейге деген бетбұрыс Хардт пен Негриді
жергілікті деңгейге және сол жерде кездесетін мәселелер мен әлеуетке назар ау-
даратын басқа постмодернистер мен постмарксистерден ерек шелендіреді. Кері-
сінше, олардың пікірінше, жергілікті деңгейге назар аудару біздің негізгі мәселе-
леріміз бен азаттығымыздың бастау көзі жаһандық деңгейде, империяда екенін
жасыруға қызмет етеді.
Хардт пен Негри контр-империяны болжаса да, олар коммунизм жағдайына
қатысты, Маркс сияқты, мақсатқа қалай жетуге болады немесе империяның кө-
рінісі қандай болуы мүмкін екені туралы ешқандай жоспар ұсынбайды. Маркс-
тің коммунизмі сияқты, контр-империя нақты, әсіресе көпшіліктің іс-тәжірибе-
сінен пайда болады. Контр-империя жаһандық, яғни барлық жерде болуы тиіс
және империяға қарсы болуы қажет. Империя барған сайын көпшілікті басқару
мүмкіндігінен айрылып бара жатыр, демек, енді контр-империяның ауылы алыс
емес деген сөз. Осылайша империя өзінің күш-жігерін (мысалы, полиция күші
арқылы) екі есеге көбейтуі керек, бұл көпшілікті жұмылдыруға және контр-
империяны күшейтуге қызмет етеді. Постмодернист ретінде, Хардт пен Негри
марксизм теориясындағыдай, агент типіне назар аударудан бас тартады, атап
айтқанда, капитализмнің эксплуатациясын кеңінен мойындайтын пролетарлық
революциялық агентке мән бермейді. Оның орнына, олар көпшіліктің тұрғы-
лықты мекенін ауыстыру, көші-қон және көшпенділік сияқты агенттік емес,
ұжымдық әрекеттеріне ден қояды. Өздерінің постмодерндік бағытына сәйкес,
Хардт пен Негри, қазіргі кездегі гендерлік, сексуалдық және эстетикалық мута-
циялар (мысалы, тату және денені пирсингтеу сияқты) шеңберінде пайда болып
673
16-тарау
•
Жаһандану теориясы
жатқан жаңа денелік формаларды қамтитын «жабайылыққа» (barbarism) назар
аударуға үндейді. Мұндай денелер сыртқы бақылауға аз бағынады және жаңа
өмір – контр-империяның негізін қалайды. Осылайша революциялық күш – са-
налы агент емес, жаңа денелік, тәндік формалар.
Хардт пен Негри өндіріске деген марксистік көзқарастан айнымаса да, өнді-
ріс пен жұмыс процесінің жаңа әлемін мойындайды. Бұл тарапта материалды
емес, интеллектуалды және коммуникативті еңбек түрлері барған сайын белең
алып бара жатқаны анық. Осындай жұмысқа қатысатын индивидтерді бақылау-
дың маңызы артып келеді. Индивидтер жаһандық коммуникация мен идеоло-
гия арқылы (әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы) бақыланса, көпші-
ліктің революциялық әлеуеті де нақ сол коммуникация мен идеология арқылы
бір бағытқа жұмылдырылады. Коммуникацияға қатысты басты нәрсе – оның
бүкіл әлем бойынша оңай және жылдам таралуы. Бұл империяға басқаруды,
жаһандық өндірісті ұйымдастыруды және осы коммуникациядағы империяның
өзін және оның іс-әрекеттерін растауды жеңілдетеді. Ақыр соңында көпшілік
осы механизмнің көмегімен контр-империя құра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |