дүние арасында таңдау бірден-бір абыройлы құндылық болып табылады. Адам тіршілігі
құндылықтарының арасында ылғи жақсы көріп аялайтын игіліктер мен тек пайдалануға
жарайтындарын бөлуге болады. Біріншісіне тіршіліктің бастауы болып табылатын абсолютті
жақсылық ретінде Құдайды сүю жатады. Екіншісіне адамзат мәдениетінің жемістері мен
нақтылы дүнияуи игіліктерді қосуға болады. Оларсыз тіршілік ету мүмкін емес. Бірақ оларға
үйреніп, жақын көруге болмайды. Августин Құдайға біртіндеп жақындатып, тән мен жанды
тазартатын, аскеттік сипатта болатын «катарсис» жүйесін тұжырымдады. Августиннің
мәдениетке деген көзқарасы «Құдай қаласы туралы» еңбегінде берілген. Ол екі адамдық
қауымдастықты бөліп қарастырады: «Жер қаласы» — Құдайды ұмытқан өзімшілдікке
негізделген мемлекет пен мәдениет және «Құдай қаласы» — өзін ұмытқан, Құдайға деген
сүйіспеншілігі шексіз рухани бірлестік. Рим империясының соңғы уақытына ұқсас «Жер
қаласы» нәпсіқұмарлық пен күнәһарлыққа толы және «алғашқы күнәдан» бастау алады. Осы
қалада өмір сүруге мәжбүр адам бар ықыласын Құдайлық Қалаға бағыттауы керек. Августиннің
теологиялық ілімдері оның эстетикасымен де тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: