Джордано Бруно – итальяндық философ, астроном. Негізгі еңбектері: «Себептілік
бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы». Бруноның
пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс
оның өмір сүру формасы. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен Құдай бір. Әлем -
әмбебап бастама, жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді.
Социалистік-утопистік (ХУ-ХУІІғ.ғ.) бағыт мемлекет пен қоғамды құрудың идеалды -
қияли формаларын, тендестіру, жаппай реттеу және т.б. мәселелерді қарастырды.
Томас Мор (1478-1535)-утопистік социализмнің негізін салды. Мордың атақты
шығармасы "Утопия" деп аталды. Утопия грекше «жоқ жер» дегенді білдіреді. Томас Мордың
Утопиясында:
- жеке меншік жоқ;
- барлық азаматтар өндірістік еңбекпенен айналысады;
- еңбек ету бәрін еңбекке міндеттеу негізінде жүзеге асады;
- барлық өндірілген өнім қоғам меншігіне өтеді және барлық Утопия
тұрғындарына бірдей бөлініп беріледі;
- барлығының еңбекпен айналысуына байланысты Утопияны қамтамасыз ету үшін 6
сағатық жұмыс күні жеткілікті;
- ғылымға ерекше қабілеті бар адамдар қара жұмыстан босатылады;
- ауыр қара жұмысты құлдар-тұтқындар және сотталған қылмыскерлер атқарады;
Утопистік социализмнің көрнекті өкілі
Томмазо Камнанелла (1568-1639) «Күн қаласы»,
«Галилей апологиясы» деген еңбектер жазды. «Күн қаласында» оның тұрғындары-солярийлер
әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, өмір мен еңбектің рахатын көреді.
Томмазо Кампанелланың Күн қаласында:
- жеке меншік болмайды;
- коммунистік идеал-4 сағаттық жұмыс күні;
- барлық азаматтар еңбек етеді, еңбектің нәтижесі бүкіл қоғам меншігіне
өтіп, барлық тұрғындарға, қоғам мүшелеріне теңдей бөлінеді.
7-дәріс. Жаңа Дәуір философиясы. ХVIII ғасырдағы Еуропаның Ағартушылық
Достарыңызбен бөлісу: