Лекцияның жоспары:
Ренесанстық дүниетанымның антропоцентризмі және гуманизмі.
Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялық ізденістері.
Қайта Өркендеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия.
Ренессанс және Реформация
дәуірі өнеркәсіптің, сауданың, әскери істің, яғни материалдық
өндірістің дамуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар техника,
жаратылыстану, механика,
математиканың дамуы да байқалады. Бұндай өзгерістер орта
ғасырға тән схоластикалық
ойлаудың принциптерінен арылуды талап етеді. Жаңа дәуірге ауысуға себепкер болған
жаңалықтар:
Американың ашылуы, астрономия жүйесінің орнауы, өмірге, дүниеге деген
адамдардың
көзқарасын өзгертіп, ғылым мен философияның әрі қарай дамуына үлкен із
қалдырды. Осы дәуірдің ойшылдары тәжірибеге сүйене отырып, қоғамды, адамдарды,
табиғатты, өмірді түсіндіргісі келді. Осы дәуірге сонымен қатар
антикалық идеялардың қайта
жаңғыруы тән. Гуманизм, адамның шығармашылық дербестігі принципі, оның өмірдегі барлық
жақсылықтарды иеленуге құқығы бар сияқты идеялары кең тарады.
Уақыт жағынан
Ренессанс
және Реформация
дәуірі XIVғ. аяғы мен XVIІ ғасырдың
аралығын қамтиды.
Ренессанс және Реформация
мәдениетіндегі
философия дәуірі қандай да
болмасын бір ғана дәстүрге ғана бағынудан бас тартты.
Ренессанс және Реформация
дәуірінің
философиясының пайда болуының алғышарттары:
1.Феодализмнің дағдарысы;
2.Сауда, мәдени, саяси орталықтарға айналған қалалардың өсуі;
3.Европа мемлекеттерінің орталықтануы;
4.Алғашқы
парламенттің пайда болуы;
5.Ғылыми-техникалық жаңалықтар.
Ренессанс және Реформация
мәдениетіндегі философиясына тән ерекше белгілер:
- антропоцентризм мен гуманизм;
- шіркеу мен шіркеу идеологиясына деген оппозиция;
- қоршаған ортаны ғылыми-материалды негізде түсіну;
- әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекетке деген үлкен қызығушылық;
- индивидуализмнің басымдылығы;
- әлеуметтік теңдік идеясының кең таралуы;
Ренессанс және Реформация
философиясына бірнеше бағыттың болуы тән:
1.Гуманизм;
2.Неопалтонизм;
3.Натурфилософия;
4.Реформация;
5.Саяси бағыт;
6.Утопистік-социалистік.
Достарыңызбен бөлісу: