373
оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толерантты мінез-
құлық мәдениетін тәрбиелеу ресурстары. Бір оқушының қиындықтарын жеңуге
қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда әкеледі;
2) оқудағы жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, сыныптың
барлық оқушыларына бағдармен оқу үдерісін құру;
3) Ерекше білім беру қажеттілігі бар
оқушыларды тек мамандармен
(логопед, арнайы педагог, психолог, жеке кӛмекші) ғана емес, барлық білім
беру процесіне қатысушылар тарапынан
қолдауды қамтамасыз ету;
4) оқу үдерісінде оқушыларға кӛмек кӛрсету мәселелерін шешуге
командалық тәсілдемені қолдану;
5) оқушыларға қолдау кӛрсету және ұйымдастыру кезінде «таңбашаларды»
ілуден бас тарту. Кӛмек оқушыларға – «инклюзивщиктерге», «ерекше»,
«дағдарыстық»,
«инклюзияға
жататын»
балаларға
емес,
оқушылар
қауымдастығының толық құқылы мүшелеріне кӛрсетіледі. Таңбашаларды ілу
кемсітушіліктің кӛрінісі болып табылады.
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бастауыш,
негізгі орта және орта) сәйкес «ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім
алушылар үшін ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
арнайы жағдайлар жасалады».
Қазіргі уақытта ҚР Білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігінің
қатарына қажеттіліктер жатады:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ӛзгертуде (қысқартылған немесе
жеке бағдарлама бойынша оқыту);
2) оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерін (оқушының жетістіктерін)
ӛзгертуде;
3) оқытудың вариативті, арнайы және балама әдістерін қолдануда;
4)
оқулықтарды, оқу құралдарын таңдауда, жеке оқу материалдарын
пайдалануда;
5) оқыту нысанын таңдауда;
6) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу;
7) орнын толтырушы және техникалық құралдарда;
8) арнайы психологиялық-педагогикалық кӛмекте (психолог, логопед,
арнайы педагог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог);
9) педагог-ассистенттің кӛмегінде;
10) әлеуметтік-педагогикалық кӛмекте (әрбір қажеттілікті жүзеге
асырудың толық сипаттамасы ТП ҰҒПО әдістемелік құралында берілген).
Оқыту қиындықтарының сипаты мен айқындылық дәрежесіне байланысты
білім алушыда біреуден бірнеше ерекше білім
алу қажеттілігі айқындалуы
мүмкін. Оқушылардың ерекше білім алу қажеттілігі білім алудың кез келген
кезеңінде пайда болуы мүмкін.
Арнайы жағдайлар жасау бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі
және оқу үрдісінде оқушыға психологиялық-педагогикалық қолдау кӛрсету
келесідей болып табылады:
а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарға жағымды кӛзқарасы;
б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі
374
академиялық табыстылық;
в) оқушының әлеуметтік бейімделуі.
Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекше білім
беру қажеттілігін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Ерекше білім беру
қажеттіліктерін бағалау – бұл анықталған оқыту
қиындықтары мен олардың
пайда болу себептері негізінде оқу үрдісінде оқушының қолдау түрлерін,
формалары мен кӛлемін анықтау.
Қажеттіліктерді бағалау, білім алушыларды қолдау секілді деңгейлік
сипатқа ие. Бір деңгейді қолдаудан қолдаудың қарқындылығын арттыру
жағына да, қолдауды азайту жағына да басқа деңгейді қолдауға кӛшу
мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: