Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың екінші деңгейі. Қажеттіліктерді бағалау мен қолдауды тек мұғалім ғана емес, сонымен
қатар психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының
командасы (психолог, логопед, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог) жүзеге
асырады. Оқушының мамандардың кӛмегіне қажеттілігін бағалауды жүргізу
үшін оқушының ата-анасының жазбаша келісімін алу қажет. Әрбір маман
қажетті әдістер мен әдістемелерді қолдана отырып, оқушыларды оқытудың
қиындықтарын тудыратын себептерді анықтау мақсатында психологиялық,
логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді. Зерттеу барысында маман
оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сондай-ақ оқудағы табысты болуы
үшін оқушының қолда бар ресурстарын да анықтайды. Тексеру нәтижелері
бойынша мамандар келесідей анықтайды:
- оқушының оқу бағдарламасын қысқарту қажеттілігі;
- қандай мамандардың кӛмегі оқушыға оқу қиындықтарын жеңуге
мүмкіндік береді (психолог, логопед, әлеуметтік педагог);
- оқытудың қандай әдістері мен тәсілдері неғұрлым тиімді болып
табылады;
- оқушының оқу орнына қалай бейімдеу керек.
Психолог, логопед, мұғалім-дефектолог, әлеуметтік педагог анықтаған
білім берудегі қиындықтар себептерінің негізінде оқушының психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеуінің жеке бағдарламасының мазмұнын сүйемелдеу
мамандары мен мұғалім анықтайды. Мамандардың кӛмек бағыттары
мұғалімнің сабақтағы жеке тәсілдемесі мазмұнымен, ата-аналар тарапынан
оқушыға кӛмек мазмұнымен келісіледі. Мамандардың кӛмегі жеке немесе
топтық сабақтарда кӛрсетіледі.
Мұғалім мен мамандардың кӛмегі қысқартылған оқу бағдарламасын (1-3
оқу тоқсан бойы) табысты меңгеруіне әкелмеген жағдайда, сүйемелдеу қызметі
оқушылардың ата-аналары ұсынымдар алу үшін психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультацияға жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін (ата-
аналардың келісімімен).