«екінші деңгейдегі мәтін аударма мәтіні
метамәтін» деген терминдер тілде түпнұсқа
және аударма мәтіндерін жіктеу әдістемесі деп аталатын зерттеу аппаратына кірді.
А.Поповичтің
пікірі бойынша, протомәтін-метамәтін қатынасы инвариант пен вариант
арақатынасы бойынша құрылады. Ғалымның пайымдауынша, «метамәтін жоғары деңгейде
протомәтінді қайталай алмайды. Себебі мұнда ең басты рөлді атқаратын – автор-аудармашы,
ал метамәтін авторлық стратегияның құндылығы болып табылады» [1, 184 б.].
Бұл терминдер денотаттағы ақпаратты дәлірек ашып беруге және аударма процесін
талдау барысында дұрыс бағытты ұстануға септігін тигізеді. Әдетте, мәтіндер
лингвистикалық-мағыналық, салыстырмалы және салыстырмалы-статистикалық әдістер
арқылы зерттеледі.
Қазіргі таңда жаңа лингвистикалық парадигма тілді таңбалар жүйесі ретінде зерттеуге
қарағанда, тілді қызмет пен осы қызметтің нәтижесі ретіндегі зерттеулерді алға тартумен
ерекшеленеді. Осы ғылыми көзқарас негізінде жалғыз тілдік
ақиқат болып тек мәтін ғана
мойындалады. Сондықтан да бірінші орынға әдеттегідей мәтін құрылуын емес, мағына
құрылуының (мәтінді ұғыну) тетігін зерттеу мәселелері қойылады
2, 80 б.
.
Аудармашының алдында түпнұсқаның бейнелеу құралдарының формалық құрылымын
жасау емес, тіл жүйесінің басты байлықтарын еркін қолдану жолымен шығарманы
стилистикалық мағыналармен қамтамасыз ету міндеті тұрады. Осымен байланысты
аудармашы автор интенциясының сақталуын қамтамасыз етумен қатар, метамәтіндегі
иллокутивті мақсатты жүзеге асыру үшін протомәтіннің прагмалингвистикалық
ерекшеліктерін беруге тиіс.
Кез келген аудармашы аудару барысында мазмұн баламалығын сақтауға тырысады.
Аудармашы-автордың жалпы
халықтық қордағы сөздерді, тұрақты тіркестерді пайдалануы,
өз тарапынан жаңа сөз тұлғалары мен сөз тізбектер жасауы көркем аудармадағы ойлаудың
бейнелік типінің нәтижесі екендігін, жазушының суреткерлік даралығы мен дарынынан
туындайтын дербес шығарма екендігін дәлелдейді. Аударма мәтініне қойылатын
талаптардың жүзеге асуы аудармашының ойлау-психикалық қабілетіне, білім-біліктілігіне
тікелей байланысты. Түпнұсқада айтылған ойды қандай әдіс-тәсілдермен жеткізудің
амалдарын іздестіру барысында аудармашы негізгі материалды
талдау және жинақтау
процестерінен өткізуге, түпнұсқа мәтіннің негізгі идеясын, мән-мазмұнын талдап түсінісу
және осы идея мен мазмұнды екінші тілдің құралдары арқылы жеткізу мәселелерін шешуге
тиісті болады.
Демек, аудару процесі барысында аудармашы мәтіндер баламалығын сақтап қалуы
тиіс. Көптеген ғалымдар баламалықты бір мәнмәтін шеңберінде бір-біріне қатысты
функционалды сәйкестілік танытатын екі басқа тілдің элементтері тұрғысынан қарастырады.
Ал ғалым А.Попович «Проблемы художественного перевода» атты монографиясында
стилистикалық және мазмұндық баламалықты «түпнұсқа және аударма элементтерінің
функционалды тепе-теңдігі» деп түсіндіреді
1, 197 б.
.
Жалпы аударматану ғылымында баламалықтың екі түрін ажыратып көрсету дәстүрі
қалыптасқан: 1) потенциалды баламалық; 2) аудармашылық баламалық. Бірінші типтегі
аударма баламалығы,
негізінен, түпнұсқа мазмұнының коммуникация мақсатын білдіретін
бөлігінің қатаң сақталуымен ерекшеленеді. Ал екінші типтегі баламалық аудару барысында
түпнұсқа мазмұнының барынша тілдік деңгейінің сақталуы қамтамасыз етіледі.
Аудару процесінде сәйкестіктің үш категориясы көрсетіледі:
1) тілдер арасындағы байланыстар дәстүрінде қалыптасқан және белгілеуші тепе-
теңдігі негізінде тұрақталған баламалар;
2) вариантты және контекстуалды сәйкестіктер;
3) аудармашылық трансформациялардың барлық түрлері.
Аталмыш номенклатура бойынша бірінші категория тіл саласына, ал қалған екеуі
сөйлеу саласына жатады.
Метамәтін құру барысында жоғары деңгейдегі баламалыққа қол жеткізу үшін, ең
алдымен, аудару процесін жүйелеу және аудармашының метамәтін моделін анықтау қажет.
Аударма теориясының қалыптасуына үлес қосып жүрген ғалым В.С.Виноградов аудару
процесінің келесі модельдерін ұсынады
3, 117 б.
:
1) жағдаяттық;
2) трансформациялық;
3) семантикалық;
4) семантика-семиотикалық;
5) заңды сәйкестіктер;
6) коммуникативті-функционалды;
7) ақпараттық;
8) баламалықтың деңгейлері теориясы.
Осылардың ең негізгілеріне тоқталатын болсақ, онда жағдаяттық
модель денотативті
модель дегенмен пара-пар болып келеді. Себебі түпнұсқа мен аударма мәтініндегі тілдік
бірліктер арақатынасы денотаттар сәйкестігін көрсетеді. Өз кезегінде денотаттардың
көпшілігі барлық тілдерде бірдей, ал сол тілге ғана тән денотаттар реалия, экзотизм
терминдерімен аталып, олар беретін мағына міндетті түрде комментарий немесе
интерпретация арқылы түсіндіріледі.
Семантикалық модель түпнұсқа мәтініндегі бірліктерді алдын-ала талдауды, содан соң
барып қана аударма тіліндегі сәйкестіктерді көздейді. Бұл модельдер ішіндегі маңыздысы –
коммуникативтік модель. Өйткені коммуникация актісіне экспедиент, перципиент және
хабарлама қатысады. Мұнда перципиент (аудармашы) анализ
және синтез процестерін
жүзеге асыру арқылы экспедиент рөлін атқарады да, келесі перципиентке, яғни, оқырманға
хабарламаны жеткізеді.
Ақпараттық модельдің негіздерін құрайтын бөліктерге түпнұсқаны жасаушы тұлға,
аудармашы, мәдениет ерекшеліктері, бағдарлы білім жатады. Осы негізде қарастырылған
баламалық деңгейлердің жіктемелерін барлық аудару процестерінде қолдануға болатын
мына үш түрге бөліп көрсетуге болады:
1) тілдік таңбалар деңгейі (денотаттық – сөз және фразеологизм деңгейі);
2) сөйлеу актілері бойынша айтылым деңгейлері (локуция, иллокуция, перлокуция);
3) прагмалингвистикалық деңгей (аудармашы, мәдениет, жанр).
Аудару процесі тілдердің жүйелік ұйымдастырылуында тілдік бірліктердің
семантикалық, стилистикалық, прагматикалық қырларын салыстырумен байланысты болады.
Сол себепті аударманың баламалық деңгейлерін айқындау
негізінде аудару процесінің
модельдерін анықтау қажеттілігі туындайды. Баламалық деңгейлерінің аталмыш
классификациясы аудару процесін талдаудың дұрыс модельдерін анықтауға септігін
тигізетіні сөзсіз.
Кез келген ғылым, білім саласының терминологиялық жүйесі сол ғылым саласымен
бірге дамиды және адамзаттың ақиқат шындықтың нысандарын танып білу кезеңдерін
көрсетеді. Мысалы, аударматану терминдері негізінде кейбір ғылыми ұғымдардың
қалыптасу сатыларын белгілеуге болады:
аудару
Достарыңызбен бөлісу: