Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация


аударма    аударма туралы ғылым



Pdf көрінісі
бет125/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   238
Байланысты:
COLLECTION of Сonferences XXIV «Akhanov readings» 2021

аударма 

 аударма туралы ғылым 

 
аударма теориясы 

 аударматану. 
Белгілі бір терминологиялық жүйе шеңберіндегі таңбаның терминдік дәрежесінің 
жоғары немесе төмен болуы, таңба білдіретін ұғымның сол жүйедегі өзектілігіне байланысты 
болып саналады.
Сонымен, терминдерді аударуда әрбір сөз, әрбір тіркес айтылған ойдың, ұғымның 
қисынды дәлдігіне, шындығына толық сәйкес келуі керек. Терминдер мағынасы 
дефинициясы жағынан өте дәл, өзі белгілейтін ұғымның, заттың, құбылыстың нақты 
қызметін анық бере алатындай дәрежеде болуы керек. 
Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, ол қоғам мүшелерінің қатынас құралы ретінде 
қызмет етіп, сол қоғаммен бірге өсіп, дамып отырады. Қоғам мен мәдениеттің, тілдің өзара 
қарым-қатынасы жайлы мәселені таразылау үшін ұғымдарда қалыптасқан мағлұматтардың 
көмегімен белгілі бір қоғамға тән құндылықтарды сипаттау қажет. Олар әлеуметтік-тарихи 
жағдайларға, қоғамдық құрылыстарға байланысты өзгерістерге ұшырап отырады. 


Тілдік бірліктер атауларындағы дүниетанымдық ақпараттар айқын беріліп отырады. 
Олардың сипатын, негізінен, мағыналық талдау арқылы анықтауға болар еді. Әр ұлт өз 
тілінде дүние, әлем туралы түсініктерін түрлі тілдік фактілер арқылы кесіп-пішеді, қоршаған 
әлемнің тілдік бейнесі, негізінен алғанда, адамдар санасындағы дүниенің қисынды 
бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым 
категорияларын жасайтын тілдік бірліктердің толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің 
тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін құраса, әлемнің ондағы құбылыстардың тілдегі 
бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып-білуге болады. 
Тілімізде аударма жасау арқылы сөз жасаудың, ойды бейнелеудің жаңа тәсілдері туады, 
жазу шеберлігі артады. Бұл – халықтың рухани жағынан дамуының күшті құралы ретінде 
бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар 
бұлағы, тіл ұстартудың мектебі. 
Аударматану ғылымы – тілтану ғылымындағы арнаулы өрістің бірі. Біз, негізінен, осы 
саланың өзінде үлкен жүйенің бар екенін және оның белгілі бір дәрежедегі сипаттарын сөз 
еттік. Теориялық салада жаңаша ойлау, жаңа көзқарастарды ескеру – әрбір ғылым саласының 
негізгі, өзекті мәселесі. Онсыз бірде-бір ғылымның дамуы әрі жетілуі мүмкін емес, барлығы 
бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан ғылым салаларын біршама байланыстыра 
зерттедік. 
Қазақ тіліндегі терминдер когнитивтік санамен тығыз байланысты, ғаламның ғылыми 
бейнесін құрайтын концептілер объективтендірілу мен вербалданудың тілдік құралы болып 
саналады. Қазақ терминдерінің когнитивтік семантикасы тіл мен ойлаудың, тіл мен сананың 
өзара байланысын көрсетеді. 
Ақиқат өмірмен, шындықпен тығыз байланыстағы тілдік бірліктер тілдің 
терминологиялық жүйесінде орын алады. Осы тілдік бірліктер жүйесін сыртқы 
экстралингвистикалық мәнділіктермен байланысты қарау белгілі бір терминологиялық 
өріске жататын ұғымдық атаулар жүйесінің құрылымын, қалыптасу заңдылықтарын, 
үрдістерін айқындауға мүмкіндік береді. 
Аударматану терминдері болашақта терминдер мәселесін салғастырмалы лингвистика, 
психолингвистика тұрғысынан қарастыруға, кез келген ғылым мен білім саласы 
терминдерінің когнитивтік концептосферасын қалыптастыру мен біріздендіру мәселелерін 
шешуге септігін тигізеді. Терминдер мәселесі кез келген тілдер материалында сол халықтың 
ұлттық когниция ерекшеліктерімен жете танысуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет