Қазақ мәдениетінде қазақ әйеліне байланысты ой-орамдар тіпті бөлек. Ендеше, қазақ мақал-
мәтелдеріндегі әйел образын аша алатын бірнеше мақалдарға тоқтала кетелік: Men make houses, women make
homes- Әйел үй сақтайды, Еркек түз сақтайды; Еркек- үйдің егесі, Әйел-үйдің шегесі.
Қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі гендерлік компоненттердегі мақал-мәтелдерді сараптай келе, мынадай
қорытынды жасадық : мақал-мәтелдердің басым көпшілігі әйелдерге арналған еді және кейбіреулерінде әйелді
жағымсыз мағынада суреттейді.
Бағзы заманда, адамдар бақытсыз, сәтсіз істер мен құбылыстар үшін арнайы
адамдарды жамандайтын
болған. Көптеген деректерге сүйенсек, әйел образын әлсіздік ұғымымен байланыстырса, еркектерді физикалық
тұрғыда, тіпті ойлау жүйесі бойынша салыстырмалы түрде ақылды деп санаған. Сондай-ақ, әйелдер жағымсыз
мінез-құлақтары үшін көбінесе күнәлі деп танылған.
Ендеше, әйелдер жайлы бірнеше мақал-мәтелдерді сараптап, зерделеп көрейік. Мәселен, Әйелдің шашы
ұзын, ақылы қысқа. Ағылшынша аударатын болсақ, мынадай болады: Women have long hair, but short minds
(narrow minds). Ағылшын мен орыс тілінде мына мақалдың баламасы былайша көрініс табады: Women are the
devil’s nets.
Зерттелінген үш тілдегі сараптамаға сәйкес, мынадай қорытынды жасауға болады: қазақ лингвистикалық
көзқараста үйдегі әйел мен ер ұғымы сандық қарым-қатынаста ағылшын мен қазақ тілге қарағанда көбірек
көрінеді. Мақал-мәтелдердің көп бөлігі әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты. Сонымен бірге жиен, нағашы,
ата-ана, іні, қарындас, жеңге секілді туыстық атаулар қолданылады.
Бірақ қонақтарды, туысқандарды жау
болып қалуы мүмкін деп ұғынған: Үй ішінен жау шықса, Тұра қашып құтылмассың.
Әртүрлі тілдердегі мақал-мәтелдерді салыстыра келе, олардың мағынасын зерттеп, баламасын таба
алдық. Жоғарыда атап өткендей, мақал-мәтелдердің тақырыбына классификация жасап, барлық тіллде ең көбі
адам өмірі, тұрмысы жайында екендігі белгілі болды. Мәселен, Өз үйім- өлең төсегім(East or west, home is best).
Бұл мақалдың баламасы барлық тілде табылады, себебі өте көп қолданылатын мақал болып саналады.
Әр адамға өзі үйі жұмақпен тең деп бұрынғылар бекер айтпаса керек. Отбасы мен үй әртүрлі
затпен
байланыстырып , теңеледі. Мысалы, My home is my castle-Мой дом моя крепость-Өз үйім-кең сарайдай боз
үйім. Балаға, қызға, ана мен әке деп жекеленген мақал-мәтелдер бар. Мәселен, Like mother, like daughter-
Анасын көріп, қызын ал, аяғын көріп, асын іш. Бұл мақалдар ұзақ бақылау
мен тәжірибесінің арқасында
зерттелді, себебі ата-аналар өздерінің балалар мен қыздары жайлы алаңдайды. Әр адам өзінің бала-шағасын
дұрыс жолда жетілгенін, өскенін қалайды: Little children, little sorrow, big children, big sorrow- Баланы жастан.
Бала тәрбиесі қазір де, бұрын да өзекті мәселе болған.
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
Балалы үй базар, Баласыз үй қу мазар.
Бесіксіз үйде береке жоқ.
Үйің үй-ақ екен, ішінде ойнайтын баласы болса.
Сонымен қатар, отбасының келесі тақырыпшасы үйлену той, жалпы үйленуге бағытталады. Marriage
comes by destiny- Екі жақсы қосылса, өлгенше дос болады, екі жаман қосылса, өлгенше қас болады.
Қонақжайлылық, мысалы:
Қонақ келсе-құт,
Қарақшы келсе-жұт.
Отты үрлей берсең, өшіресің.
Көршіні күндей берсең, көшіресің.
Бірақ ағылшынша бұл мақалдарға тең келетін мақалдар, яки баламасы жоқ.
Әлеуметтік коммуникация:
«Do in Rome as the Romans do» деген мақал әдетте басқа ұлттарға деген сыйластықты, олардың мәдениеті
мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуді білдіреді. Кімнің жерін жерлесең, соның отын ота- В
чужой монастырь со
своим уставом не ходят. Кейбір коммуникацияға қатысты мақалдар халықтың
эмоциясымен тікелей
байланысты. Мәселен, бақыт, қуаныш , мұңаю және басқалары. Мысалы, He lives long that lives well- Көңілдінің
үйінде күнде мейрам, күнде той- В добрый житье кудр вьются. Негізінде бұлар жай ғана сөйлем болып
табылады, тек халық ұзақ бойы қолданған соң мақал қатарына жатқызылып жүр.
Үйдің жылы-суығын,
Қыс түскенде білерсің.
Ағайынның алыс-жақынын
Іс түскенде білерсің.
Адамдар үшін әлеуметтік арақатынас маңызды рөл атқарғаннан кейін, оларға арналған мақал-
мәтелдер де көп. Халықтың қабілетін, болмысын көрсете алатын махаббат, сатқындық, білім секілді ұғымдар
мақалдарға арқау бола біледі. Синтактикалық нормаларға байланысты фразеологиялық бірліктер жіктеледі. Бұл
жөнінде зерттеген ғалым деп И.В.Арнолдты айта аламыз.Көптеген мақалдар метафорадан тұрады, мәтелдер
метафорадан тұрмайды. Мысалы, Жақсы да болса-өз үйім, Жаман да болса-өз үйім. Кең сарайдай боз үйім.
Салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулер мақал-мәтелдер, идиомалардың этникалық эстетикалық болмысын
және контекстегі функциясын тануға үлкен мүмкіндік береді. Ғылымды әртүрлі тілде түсіне отырып, кез келген
адам көңіл көкжиегін ашып, әлемді жан-жақсы зерттей алады. Жоғарыдағы үш тілді зерттей отыра, олардың
тілдік
құрылымында, сөздердің мағынасында ұқсастықтар көп екендігіне көз жеткізе аламыз. Қандай тілдік
семьясында болмасын, сөздердің дыбысталуы әртүрлі болса да барлық тілдік өзегі бір, бастауы бір.
Құм үстінде ине сабақтама,
Түсіп кетсе, табылмас.
Қонар үйді бір күнде адақтама
Қоналқы ертең табылмас.
Ағылшын тілінде мақал-мәтелдердің орны ерекше, бірақ аударма жұмыстарын жасау кезінде көптеген
қателіктермен ұшырасамыз. Сонымен қатар, мақалдарды бір тілден екінші тілге тасымалдаудың көптеген жолы
бар, бірақ ол күрделі үрдіс болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: