Ключевые слова. Педагогика, направление, самостоятельная работа, дидактика, лингвистика,
функция.
Summary: At the present stage, scientific and technical modernization and development of the
country, changes in all spheres of society require creative implementation of intellectual efforts, conscious
human activity. By developing the creative abilities of students through the orientation to independent work,
we contribute to the professional development of the student and form a comprehensive personality capable
of creative thinking.
Keywords. Pedagogy, direction, independent work, didactics, linguistics, function.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен
байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы
табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру
мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-
студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілді.
Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың құрылымы
да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді
түрде өзгеріске ұшырады [1].
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі:
1. Студентке жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру;
2. Студенттерге топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау;
3. Ізденушінің өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату;
4. Іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
Сондықтан студенттердің арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі
маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді студенттердің өздігінен оқып-үйренуіне
бағытталуы керек [2].
Ағылшын тілін меңгертуде өз бетінше жұмыс істеудің тиімділігі, студенттерді:
- өзiне деген сенiмділікке тәрбиелейдi;
- шешендiк өнерiн жетiлдiредi;
- танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық
болмайтынын);
- сыни ойлау дағдыларын дамытады;
- өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;
- шығармашылық қабілетін дамытады.
Ал, шығармашылық – қандай да бір тілді меңгеру кезінде басты негізге алынатын
қабілет.
Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту жолдарының бірі — білім беру
үрдісінде олардың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын күшейту. Сол себептен де
шығармашылық қабілетті дамытуда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі
мәселелерінің бірі ретінде қарауға тура келді.
Студенттердің өз бетінше жұмыс жасауын ұйымдастыру арқылы олардың дербес
жұмыс істеу дағдыларын арттыруға, оның нәтижесінде өз ой-пікірін құрастырып, әр іске
шығармашылықпен қарауға жағдай туады. Өзіндік жұмыс үнемі оқытушының жол
сілтеуімен, басшылық жасауымен ғана орындалып қана қоймай, соңғы кездегі тиімді жаңа
технологиялар тұрғысынан алғанда бүгінгі студенттің, ертеңгі маманның жеке тұлғалық
және шығармашылық қабілетін қалыптастыратындай деңгейге көтерілуі оның түрлерін,
ұйымдастырылу жолдарын, қолданылатын әдістерді, олардың беретін нәтижесін
педагогикалық тұрғыда теориялық және практикалық тұстарын жан-жақты зерттеуді және
зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануды керек етеді.
Оқытудың кредиттік жүйесінде ең тиімді және жоғарғы тиімді сабақ берудің бір түрі
студенттің өз бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру болып табылады. Ол қазіргі заманғы
білім беруде үлкен орын алады, себебі әр студент өз бетінше оқу әрекетінде білім алады, өз
бетінше жұмыс істейді. Жеке өз бетінше жұмыс жүргізуді – оқытушының студенттің
белсенді әрекетін ұйымдастыру, ол алға қойылған мақсатты арнайы берілген уақыт ішінде
орындау, білімді іздеу, оларды түсіну, бекіту, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру деп
түсінеді.
Дидактикалық құбылыс ретінде өз бетімен жұмыс, бір жағынан, оқу жұмысы, яғни
студенттің
вариативтілік
–
шығармашылық
қабілетті
жетілдіруге
бағытталған
демократиялық сапалы білім алудың әрбір студент үшін қол жетерлік болуы;
– жекедаралық – әрбір студенттің дамуында оның дара ерекшелігін ескеру;
– үздіксіздік – білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастық, үздіксіздік пен
нақтылықтың ескерілуі,
– студент тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау;
– сәйкестік немесе үйлесімділік – оқыту үдерісінде қолданылатын технологиялар мен
мазмұнның сәйкестігі [3].
Өз бетінше жұмыс істеу – мәселені бақылауды, өзін-өзі бақылауды және түзетуді,
қарапайым жұмыстың түрлерінен күрделірегіне, іздену сипатындағы болатын студенттің
нақты деңгейінің болуын талап ететін оқыту іс-әрекеті. Бұл студенттердің танымдық
қабілеттерін қалыптастыратын, оларды үздіксіз өз бетімен білім алуға бағыттайтын құрал.
Жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың
негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
оларға кәсіптік білім беруде болашақ мамандықтарына байланысты қабілеттерін де дамыту
аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шығармашылық қызығушылықты
қалыптастырудың қазіргі тұжырымдамасы жаңа парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның
ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның шығармашылық өзін-
өзін дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басылымдылығы – сыртқы шығармашылық
өзін-өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған сипаттамасы
ретінде түсінуден тұрады. Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы – бұл ішкі
процесс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар
әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің
субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге
ұмтылысы [4].
Шығармашылық қызығушылықтың жетекші функцияларына:
– талаптанушылық;
– танымдық;
– реттеушілік;
– рефлексиялық;
– белсенді өзара қарым-қатынас т. б. жатқызылады.
Олар өзін-өзі дамытудың бағыттылығы мен артуын, тұлғалық компоненттердің
деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға өзін жетілдіруге орай дербес
әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Шығармашылық қызығушылықты
қалыптастыру – субъект-субъектілік бағдардың шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол
бір жағынан “өзіндік” процестердің “өзін-өзі тану, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі басқару, өзін-
өзі таныту” қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші жағынан, педагог олардың
шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде күрделеніп
отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама-қайшылықтарды шешуге
бағытталады [6].
Жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың
негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
оларға кәсіптік білім беруде болашақ мамандықтарына байланысты қабілеттерін де дамыту
аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шығармашылық қызығушылықты
қалыптастырудың қазіргі тұжырымдамасы жаңа парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның
ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның шығармашылық өзін-
өзін дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басылымдылығы — сыртқы шығармашылық
өзін-өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған сипаттамасы
ретінде түсінуден тұрады.
Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы — бұл ішкі процесс, адамның орта
әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған
ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын
есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы. Шығармашылық
қызығушылықтың жетекші функцияларына:
– талаптанушылық;
– танымдық;
– реттеушілік;
– рефлексиялық;
– белсенді өзара қарым-қатынас т. б. жатқызылады.
Олар өзін-өзі дамытудың бағыттылығы мен артуын, тұлғалық компоненттердің
деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға өзін жетілдіруге орай дербес
әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Шығармашылық қызығушылықты
қалыптастыру — субъект-субъектілік бағдардың шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол
бір жағынан “өзіндік” процестердің “өзін-өзі тану, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі басқару, өзін-
өзі таныту” қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші жағынан, педагог олардың
шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде күрделеніп
отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама-қайшылықтарды шешуге
бағытталады [5].
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ең алдымен біз
олардың бойындағы жеке қасиеттерінің деңгейлеріне аса көңіл бөлуіміз керек. Шығармашыл
тұлғаның бойында қасиеттері, біліктері мен дағдылары, шығармашылық ойлауы,
шығармашылық қызығушылығы, шығармашылық қабылдауы болу қажет және біз оларды
әрдайым дамытып отыруымыз қажет.
Теориялық және практикалық проблемаларды шешу үшін студенттерге арнайы
шығармашылық қабілеттер қажет. Бұл қабілеттер белгілі бір проблема туындағаннан бастап
шешілгенге дейін кешенді түрде шешуге көмектеседі.
– проблеманы өздігінен тауып, шешім жасау қабілеті;
– проблеманы топпен бірге шешуде өзінің қатысу рөлін анықтау;
– проблемаға жүйелік талдау жасай алу;
– зерттеудің мақсатын және міндеттерін қоя білу;
– гипотеза шығарып, оны шешу жолдарын табу;
– хаотикалық ситуацияда негізгі мақсат пен міндеттерді таба білу;
– қажетті ақпаратты тауып, оған талдау жасап, жүйелеу және қорытынды шығару;
– стандарттық емес шешім қабылдап, соңғы нәтижеге жету;
– проблема бойынша алған білімдерінен қорытынды жасап, түйін шығару;
– жүргізілген зерттеулерге презентация ұйымдастыра алу; [6].
Шығармашылық қабілетті дамыту студенттердің қажетті теориялық білімі,
біліктіліктер мен дағдылардың болғанында ғана мүмкін болады және әрі қарай дамиды.
Олар:
– қолдану (теориялық білімдерін практикада қолдана алса, бір пәннен алған білімдерін
басқа пәннен алған білімдерімен өзара байланыстырып кешенді түрде қолдана алса)
– ойлау (шығармашыл ойлап, өзінің ойларына еркіндік бере алса, анық және логикалық
тұрғыда ойлай алса; сыни ойлау)
– шешім (проблемаларды тауып, шеше алса; шешімнің жаңа жолдарын тапса; жаңа
ситуацияда жөн таба алса;)
– түсіну (оқу материалының мағынасын шығармашылық бағытта түсіне алса; оқу
материалынан ең бастысын атап көрсетсе;)проблеманы көріп, оны шешудің барлық
аспектілерін және кезеңдерін таба білу;
– болжау (нәтижелерді болжай алса; ғылыми проблемаға өзіндік зерттеу жұмыстарын
жүргізе алса;)
– сөйлеу (ауызша және жазбаша тілді жақсы меңгерген болса;)
– бағалау (бағалай және өзін өзі бағалай алса;)
– талдау (анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификация жасай алса;)
– зерттеу (өзіндік, шығармашыл, ғылыми ізденіс жасай алса).
Әрбір маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін өмір бойы толықтырып отырады.
Студенттік кезеңде кәсіби білімнің теориялық негізі қаланады. Студент өз бетімен білімін
толықтырудың әдісмемесін меңгеруге, кәсіби мақсаттарды шешудің жаңа әдіс-тәсілдерін
табудың жолын үйренуі тиіс. Студенттерде ондай мүмкіншілік олардың өз бетімен
орындайтын жұмыстары арқылы қалыптасады. Өзіндік жұмыс дегеніміз – оқытушының
тапсырмасы және оның әдістемелік жетекшілігімен орындалатын студенттердің жоспарлы
жұмысы.
Білік – игерілген білімдер мен өмірлік тәжірибе негізінде орындалуы тез, дәл саналы
теориялық жэне тәжірибелік әрекеттерге даярлығы. Білік дағдылы емес өзгертілген
жағдайларда да жаттығулар жолымен әрекеттерді орындаудың мүмкіндігін жасайды.
XX ғасырдың ортасына таман өз бетімен оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясы
қалыптасты.
Оны негіздеушілер – Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.К. Маркова, П.Я.Гальперин,
Н.Ф.Тальзин т.б. – оқу теориясында жаңа проблема көтерді.
Ғалым-педагог зерттеулерінде дәстүрлі сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі терең әрі
нақты қарастырылған болса, студенттің өз бетінше жұмыс істеу проблемасы педагогика
ғылымын әлі де толғандыруда.
Студенттердің өз бетінше орындаған жұмысы өзінің мәні жағынан, оқу іс-әрекетінің
жоғарғы формасы ретінде ұғынылады. Психологиялық-педагогикалық еңбектерде ол
мынадай сипатта қарастырылады:
- студенттердің өз бетімен оқуға мүмкіндік беретін интеллектуалды қабілеті мен
дағдысы;
- студенттің өз күшімен білім игеруге ұмтылуы, қабілеті, дайындығы;
- жеке
тұлғаның
өз
күшімен
білімді
жэне
іс-эрекет
жолын
игеру
ұмтылысында көрінетін қасиеті;
-индивидтің өз күшімен өзінің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны жаңа
танымдық проблеманы шешуге пайдалану қабілетін туғызатын жеке тұлға қасиеті;
- оқу тапсырмасының ерекше түрі [7].
Осылайша ол дидактикалық құбылыс ретінде екі жақты сапаға ие болады: студенттің
оқу тапсырмасы және «студенттің оқу тапсырмасын орындау барысындағы
шығармашылық елестету, ойлау, еске сақтау әрекетіне сай көрінетін форма. Ол, сайып
келгенде, суденттің өзіне бұрыннан таныс емес жаңа білім алуына немесе бұрын игерілген
білімін кеңейту мен тереңдетуге әкеледі».
- студенттердің университет қабырғасындағы дербес іс-әрекеттерінің бір түрі немесе
оқытушының тапсырмасымен, бірақ оның тікелей қатынасынсыз орындалған іс-әрекет түрі.
Оқу үрдісіндегі оқушылардың өзіндік танымына сүйену маңыздылығы туралы ойлар
Н.Г.Чернышевскийдің еңбектерінде де айтылады:
«Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болуды қаласа, олар өз бетінше
оқып үйрену арқылы игеруі тиіс».
Балалардың ойлау дербестігін жандандыратын оқыту әдістемесі К.Д.Ушинский
еңбегінде де терең ашылды [8].
60-жылдары өзіндік жұмыс – белгілі бір тапсырмаларды оқытушының тікелей
қатысынсыз сабақта немесе танымдық күші мен қабілетін дамыту, білім сапасын көтеру
мақсатында үйде орындау деген түсінік қалыптасты. Кейінгі зерттеулерде бұл проблема кең
қаралып, өзіндік жұмыстар туралы терең түсінік берілді. Өз бетінше жұмыс істеу
дидактикалық құбылыс ретінде қаралды, ол оқу тапсырмасы ретінде де, еске сақтау іс-
әрекетіне сай көрінетін форма ретінде де, тапсырманы орындау барысындағы ойлау, сондай-
ақ оқушылардың өзіндік іс-эрекетін басқару мен ұйымдастырудың арнайы педагогикалық
құралы ретінде де сипатталады.
В.А.Козаков өз еңбегінде И.Канарскийдің 1936 жылы бірінші курсқа қабылданған
студенттердің өз бетінше жұмыс істеу дайындығының нашарлығын айтқан болатын [9]. Бұл
пікірден туындайтын тұжырым мынадай: ЖОО-да студенттер 1-курстан бастап өз бетінше
жұмыс істеу дағдысының дұрыс қалыптасу үшін тапсырмаларды мектеп қабырғасынан, оның
ішінде бастауыш сыныптардан бастаған жөн.
Білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс
кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы студенттерді оқыту үрдісінде студенттердің өз бетінше
оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Осыдан келіп, студенттердің
өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді, әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін,
нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады.
Демек, студенттердің өз беінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру – оқу үрдісін
жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Сапалы білім, саналы тәрбие алған жастарымыз егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп,
қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани адамгершілік тұрғыда дамуына үлес қоса
алады.
Сондықтан студенттерге берілген білім мен іс-әрекет тәсілдерін бағалау өлшемдерін
қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәрбие тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай
өзінің белсенді, мақсатты іс-әрекетімен сабақтастыру үшін күнделікті оқу үрдісінде бағдар
алып отырғанда ғана нәтижеге қол жеткізе алады.
Жеке тұлғаның танымдық қабілетін, шығармашылық қажеттілігін дамыту –
оқытушылар қауымының басты міндетінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |