Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет221/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   238
Байланысты:
COLLECTION of Сonferences XXIV «Akhanov readings» 2021

Keywords: advertising text, statement, superlative, metaphorical model, and image. 
Бүгінгі күні ұсынылатын қызмет түріне сұранысты жоғарлату я тауардың өтімділігін 
арттыру, сондай-ақ жеке немесе заңгерлік тұлғаға қатысты көпшіліктің оң / теріс пікірін 
қалыптастыру, қоғамда орын алған мәселеге назар аударта отырып, соған орай адамдардың 
әдеп-дағдыларын өзгерту, оны жаңа арнаға бұру мақсатында берілетін жарнама 
мәтіндеріндегі ақпаратқа тұтынушыны иландыру, көзін жеткізу, оған ықпал етуде 
жарнамашылардың бірден бір құралы – тіл. Осындай сипаттағы коммуникативтік мақсатты 
жүзеге асыруды көздейтін жарнама мәтіндеріндегі тіл қолданысы кейбір жағдайларда өзара 
бәсекелес тараптан немесе тұтынушылар тарапынан наразылықтардың туындап, оның соңы 
ақпараттық дауларға алып келіп жатады.
Ақпараттық дау БАҚ өнімдерінде көрініс тапқан шындыққа сәйкестігі бұрмаланған 
мәліметтерге байланысты немесе қалың бұқараға таратылған тілдік мәліметтің тұтынушы-
интерпретаторлар тарапынан екімәнді талқылынап, қабылдануы барысында екі тарап 
(жауапкер және талапкер) арасында орын алады.


Ғылыми әдебиеттерде ақпараттық даулардың тіл, сөз қатысында орын алғанымен, сот 
ісінде тілдің тікелей қатысуымен бұзылған құқықтық, заңгерлік мәселенің дауға түсуіне орай 
олардың заңгерлік дау, құқықтық қақтығыс ретінде де танылатыны көрсетіледі.
Аталмыш жағдай көбінесе бірдей немесе ұқсас өнім, я бір ғана сала бойынша өз 
қызметтерін ұсынатын компаниялар мен фирмалардың өздерін жарнамалау барысында 
бірінің екіншісінің құқығына нұқсан келтіру мүмкіндігіне орай туындап, филолог-маманның 
құзыретіне енетін мәселелер бойынша даулы жарнама мәтініне лингвистикалық зерттеу 
жүргізілуі қажет етіледі.
Бұл тұрғыда филолог-маман шешіміне қойылатын сұрақтар мазмұны төмендегідей 
болып келеді: «Ең жақсы бағамдар «МиГ» ақша айырбастау жүйесінен» және «МиГ» 
компаниясы Алматыдағы валюта айырбастау бойынша көшбасшы» мәтіндері қандай 
формада (тұжырым, пайымдау, пікір, баға) берілген және бұл мәтіндердің мағыналық мәнісі 
қандай?; «Ең жақсы бағамдар «МиГ» ақша айырбастау жүйесінен» және «МиГ» компаниясы 
Алматыдағы валюта айырбастау бойынша көшбасшы» мәтіндерінде басқа айырбастау 
пунктерінің құқығына нұқсан келтіретін мәліметтер бар ма?; «Ең жақсы бағамдар «МиГ» 
ақша айырбастау жүйесінен» және «МиГ» компаниясы Алматыдағы валюта айырбастау 
бойынша көшбасшы» мәтіндерінде басқа айырбастау пунктерінің беделін төмендететін 
(кемсітен) мәліметтер бар ма? 
Зерттеуге ұсынылып отырған «Ең жақсы бағамдар «МиГ» ақша айырбастау жүйесінен» 
деген жарнама мәнмәтінінде негізгі мағыналық мәніс «Ең жақсы бағамдар» тіркесінің 
мазмұнында қамтылған. Ең жақсы (лучший сөзі) тіркесі сын есімнің асырмалы шырайы 
формасында берілген. Өз кезегінде, асырмалы шырай қайсыбір белгінің объектіде аса 
жоғары немесе өте төмен дәрежеде екенін білдіре отырып, имплицитті (жасырын) түрде 
салыстыру мәнін қамтиды. Имплициттілік (ағылшын тілінде «implicit” – астарлы, 
айтылмаған) объективті жағдаятқа субъекті қатынасы негізіндегі ойды беруде тиісті тілдік 
элементтің орын алмағанымен, оның мәнісін басқа тілдік бірліктер қатынасында қамтып 
тұратын, сонымен бірге тілдік бірліктердің логика-ассоциациялық жүйесі қатынасында 
жеткізетін синтаксистік құрылым. 
Имплицитті берілетін ақпарат 1) ешбір тілдік бірлік арқылы ресімделмейді, бірақ ол 
сөйлемдегі сөздердің өзара байланысында немесе контекстегі сөйленістер я абзац құрайтын 
сөйлемдердің өзара логика-семантикалық байланысында анықталады. Имплицитті берілетін 
ақпарат 2) жекелеген имплицитті тілдік бірлік арқылы ресімделуі мүмкін және толық 
мәлімет тұтас мәтін мазмұнында анықталады [1]. 
Логика-мағыналық тұрғыдан алғанда, «Ол – менің ең жақын досым» сөйленісі 
субъектінің өзіне қарым-қатынасында осы досының басқа барлық достарына қарағанда 
сенімдірек, аса жақын екені туралы ойды имплицитті (жасырын) қамтиды.
Талданылып отырған жарнама мәтінінде сын есімнің асырмалы шырайы 
формасындағы ең жақсы тіркесі (лучший сөзі) зат есімнің көптік формасында тұрған бағам 
(бағамдар) сөзін анықтау үшін қолданылған. Бағамдар сөзінің аталмыш мәтінде «МиГ» ақша 
айырбастау жүйесі тіркесімен логика-семантикалық байланысы негізгі ойдың ақша (валюта) 
бағамына және қайсыбір емес, нақты түрде «МиГ» ақша айырбастау желісіне қатысты екенін 
білдіреді.
Сөйтіп, жарнама мәтініндегі сөздердің өзара логика-семантикалық, синтаксистік 
байланыстары мен ең жақсы тіркесінің (лучший) семантикасының талдауы «МиГ» ақша 
айырбастау жүйесі ең жақсы бағамдарды ұсынады, яғни бұдан жақсы бағам жоқ дегенді 
мағынаны терең семантикасында қамтиды.
Келесі - «МиГ» компаниясы Алматыдағы валюта айырбастау бойынша көшбасшы» 
даулы жарнама мәтінінде негізгі мағыналық жүк немесе көпшілікке жеткізілуі тиісті негізгі 
хабар көшбасшы сөзіне шоғырланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет