Кілт сөздер: интеграция, CLIL әдісі, тілдік емес мамандықтар, құзыреттілік моделі, пәндік-
тілдік
Резюме: Статья основана на формирование компетентностной модели студентов неязыковых
специальностей на основе применения интегрированного предметно-языкового подхода.
Рассматривается важность обновленного содержания образования и предметно-языкового подхода, а
также особенности работы учителя в учебном процессе использования данного метода. Были
исследованы использование и значение термина «компетентностная модель». Были предоставлены
особенности формирования компетентностной модели студентов неязыковых специальностей,
включая изучение иностранного языка с основным предметом.
Ключевые слова: интеграция, методика CLIL, неязыковые специальности, компетентностная
модель, предметно-языковой
Summary: The article is devoted on the formation of a competence-based model of non-linguistic
specialties in teaching foreign language at a university based on the use of an integrated subject-language
approach on the updated content of education. The importance of the updated content of education and the
subject-language approach is considered, as well as the peculiarities of the teacher`s work in the educational
process of using this method. The use and meaning of the term «competence model» formation features were
investigated. The competence model of students of non-linguistic specialties, the desire for a foreign
language with the main subject were provided.
Key words: integration, CLIL method, non-linguistic specialties, competence-based model, subject-
language
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде
білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие
жұмысында өзгерістер енгізумен бірге, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру
қызметіне жаңаша қарауды, студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті
жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған басты мәселе - жас ұрпақтың сапалы
білім алуына сай білім жүйесіне жаңартылған білім беру үдерісін енгізу болып табылады.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман
талабына сай келешек ұрпақтың сұранысына қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім беру
бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды
бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың
тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және
сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында үш тілдік білім
беру соның ішінде интеграцияланған пәндік – тілдік тәсілді қолдану арқылы шет тілін
оқытудың құзыреттілік моделін қалыптастыру өте маңызды.
Интеграцияланған пәндік-тілдік тәсіл, яғни CLIL – шет тілін үйренудегі ең қызықты әрі
соңғы жыдарда кеңінен тараған танымал тәсілдердің бірі болып табылады. CLIL терминін ең
алғаш рет 1994 жылы Дэвид Марш пен Анна Мауллердің шетел тілінде тілдік емес пәндерді
оқыту әдістемесі ретінде ұсынған. Пәндік-тілдік тәсіл оқыту құралы ретінде шетел тілін
пайдаланудың түрлі формаларын қамтиды, яғни жоғары оқу орындарындағы студенттерге
жаңа тілдік дағдыларды дәл осы уақытта іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен
қатар, шетел тілін үйрену пәнаралық сипатқа ие болып, басқа да пәндермен тығыз
байланысады. CLIL шет тілін үйренуді басқа пәндерді үйренудің құралы ретінде
қарастырады, осылайша студентердің қарым-қатынас қабілетін қайта ойластыруға және
дамытуға мүмкіндік беретін оқуға деген қажеттілігін қалыптастырады, оның ішінде ана тілін.
Яғни, тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы
емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен қатар, студенттердің тілдік қарым-
қатынастағы өажеттіліг мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлауларына жағдай жасайды. Бұл
әдістеменің артықшылығы студенттердің жеке мүмкіндіктерінің дамуына, танымдық
белсенділігі мен шығармашылық дербестігінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Пәндік-
тілдік тәсіл пәндер шет тілі арқылы оқытылатын жағдайларға жатады, яғни екі мақсата, атап
айтқанда, мазмұны мен шет тілін бір уақытта үйренуге назар аударатын мәселе. [2, 44]
Пәндік-тілдік тәсілді қолдануда ЖОО-ға арналған қолданыстағы оқу бағдарламалары
мен оқулықтардың аясын кеңейтетін және әртүрлі пәнаралық проблемалар қарастыралды.
Бұндай тәсіл оқытудың түрлі әдістерімен (баяндама, әңгімелесу, түсіндіру, бақылау,
тәжірибе, салыстыру, талдау, жинақтау, компьютерде оқыту) үйлесімді байланыста болады.
Осы тұрғыда пәндік-тілдік тәсілді оықту барысында студенттердің шығармашылық
қабілеттерін дамыту басқаша айтқанда құзыреттілік моделін қалытастыру негізгі рөль
атқарады.
Көптеген дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік»
термині жаңартылған білім беру аясында ұстанған басты бағыт ретінде біздің мемлекетімізде
де кеңінен қолданыла бастады. Құзыреттілік теориясы Г.В. Вайлер, Ю.В. Койнов, Дж. Равен,
В.В. Сериков секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Берілген ғалымдардың
еңбектеріне сүйене отырып, «құзыреттілік» терминін әдетте белілі бір әлеуметтік-кәсіби
статус иесіне байланысты қолданылады және сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің
орындалуына тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы
сипатталады. «Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік – қандай да бір оқу пәнін
оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да
бір қызметті орныай алу қабілеттілігі», - делінген.
Сондықтан білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы
олардың құзыреттілік моделін жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде күн тәртібіне қойылып
отырғанын көріп отырмыз. Бүгінгі күні «құзыреттілік» ұғымы оқыту үдерісінде білімді
қолданудың негізгі нәтижесі ретінде қарастырылуда.
Интеграцияланған пәндік-тілдік тәсілдің басты артықшылықтарының бірі ЖОО-да
тілдік емес мамандықтарындағы студенттердің ағылшын тілін үйренуге деген
қызығушылықтарының артуы болып табылады. Сонымен қатар, жаратылыстану
бағытындағы пәндердің қазіргі таңда барлығы дерлік ағылшын тілінде оқытылуы пәндік-
тілдік тәсілді қолданудың негізі болып табылады. Бұнымен қоса, ЖОО-да студенттердің
ағылшын тілін үйренуде көптеген мүмкіндіктері болады. Мысалы, үйреніп жатқан тілдің
мәдениетін танып әрі жақсы түсінуде студенттер мен оқытушылардың әлеуметтік-мәдени
құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндігі. Бұл әдіс арқылы студенттер тіл үйренуде көптеген
ақпаратты бойларына сіңіріп, табиғи тілдік ортаға толыққанды енеді. Сонымен қатар, әр
түрлі тақырыптағы тапсырмалар мен өзіндік жұмыстары рақлы студенттерге оқытылып
жатқан тілдегі терминдер мен белгілі бір лингвистикалық құрылымдарды үйренуге
мүмкіндік береді. Бұл студенттерді оқытылып жатқан тілде сөздік қорларының молаюы мен
белгілі пәнде кездесетін термин сөздермен толықтырып және алған білім мен дағдыларын
өмірде одан әрі қолдануға дайындайды. Интеграцияланған пәндік-тілдік тәсілдің сабақта
қолданудың басты артықшылықтары: ЖОО-да ағылшын тілін қолдана отырып, бір-бірімен
тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді; студенттердің мәдениаралық білімдерін
кеңейтеді; ағылшын тілінде ойларын еркін жеткізуге ықпал етеді; студенттердің ойлау
қабілетін дамытып, шығармашылық әлеуетін ашады; студенттердің тілге деген
қызығушылықтарын ашып, өзіне деген сенімділігін арттырады; барлық тілдік дағдыларды
қалыптастырады; тілдік құзыреттілік пен еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіреді; әр түрлі
тілдерге деген қызығушылық пен ынтасын дамытып, оларды өмірде қолдануға деген
қызығушылықтарын оятады. [4, 11]
Пәндік-тілдік тәсілді қолдануда оқытушылар шет тілін жеткілікті деңгейде меңгеруі
қажет, сонымен қатар оқытып жатқан тілде ой, көзқарастарын еркін жеткізе ала білуі қажет.
Оқытудың бұл түрі пәнді ана тілінде оқытуды толығымен алмастыра алмайды, алайда оны
толықтыра алады. Бұл әдісті пайдалану барысында тақырыптық материал студенттердің тілді
қаншалықты меңгеруіне байланысты таңдалуы қажет. Бұл үшін оқытушы шет тілі
сабақтарына қатысып, шет тілі оқытушыларымен ақылдаса отырып студенттердің тіл
деңгейлерін анықтауы қажет. Сонымен қатар, жазбаша тапсырмалар студенттерді мәтіннің
негізгі ойларын түсінц, талқылау процесіне қарай, тақырып мазмұнына ерекше назар
аударылуы қажет. Барлық тапсырмалар, ең алдымен шет тіліндегі коммуникативтік, жазбаша
және ауызша дағдыларын дамытуға бағыттаулы қажет.
Оқыту барысында пәндік-тілдік тәсілді қолдану барысында оқытушы бірнеше іс-әрекет
атқарады: пәндік-тілдік кіріктірілген оқытудағы іс-әрекет алгоритимін ашу, ағылшын тілінде
берілген тақырып бойынша түсіндіру, студенттердің толыққанды тәсілді түсіну үшін белгілі
пән бойынша тілдік оқытудың әртүрлі құралдарымен қамтамасыз ету: сөздіктер,
дидактикалық карточкалар, жанама сөздер, көрнекілік карталары және т.б., студенттерге
пәндік-тілдік тәсілді қолдану барысында қол ұшын созып, көмектесу, пәндік-тілдәк тәсіл
бойынша жасалған жұмыс нәтижелерін тексеру, жұмысты қорытындылау.[3, 5] Сонымен,
практикалық негіз ретінде интеграцияланған пәндік-тілдік тәсілді қолдана отырып тілдік
емес мамандықтарының құзыреттілік моделін қалыптастыруды негізге ала отырып
информатика мамандығында білім алатын студенттерді мысал ретінде алсақ болады.
Құзыреттілік моделін қалыптастыру дегеніміз студенттердің сабақ үстінде алған білім-
дағдыларын өмір жүзінде, одан әрі қолдана ала білуі, шығармашылық қабілеттерінің дамуы,
ойын еркін жеткізіп, берілген мәселені өз бетімен шешіп, талдай алуы болып табылады.
Сондықтан, информатика сабағында студенттер пәндік-тілдік тәсілді қолдана отырып
компьютермен жұмыс жасау арқылы тілді үйреніп, түрлі компьютерлік жұмыстар жасау
арқылы құзыреттілік моделін қалыптастыра алады. Мысалы алатын болсақ, информатика
пәнін ағылшын тілінде оқыту барысында тақырыпқа сай терминдерді видеолар мен
мультфильмдер, оңай кинолар арқылы есте сақтауға үйретуге, мәтіндік тапсырмалар, түртіп
алу әдістерін пайдалану арқылы үйретуге болады. Немесе студенттердің қызығушылықтарын
ояту мақсатында түрлі онлайн ресурстар арқылы мысалы, «Matching» (сәйкестендіру) қазақ-
ағылшын терминдерінің немесе ережелердің дұрыс сәйкестендірілуіне негізделген. Сонымен
қатар, Quizlet.com онлайн ресурсы арқылы студенттердің білімін тексеруде, жаңа сөздер мен
терминдер үйренуде, ережелерді еске сақтауда аталған әдісті қолдануға болады.
Бұндай әдіс шет тілі оқытушыларына, сондай-ақ шет тілін жетік меңгерген
оқытушылар мен университетте мамандандырылған пәннен сабақ беретін оқытушылар
арасында үлкен қызығушылық туғызады. Сонымен, екі бағытты біріктіре отырып, пән
оқытушылары өздерінің негізгі пәндерін шет тілінде оқытып қана қоймай, сонымен қатар
тілді оқытудың маңызды құралдарын қолдана алады. Яғни, пәндік-тілдік тәсіл арқылы пәнді
шет тілінде оқытып, студенттердің бойынан тілген деген қызығушылықтары мен
құзыреттілік моделін қалыптастыра алады. Бұл университтегі оқу бағдарламаларын
жеңілдетуге және жаңартуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |