керек. Көне түркі сөздігінде
күк, гу формалары күшейткіш мәнді сұраулы демеулік деп
алынуы негізсіз емес [7, с. 325]. Сонымен қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын мүмкін
(мөмкин, мүмкүн, мүмкин) модаль сөзінің формасынан тарихи тұрғыдан
күк формасынның
бөлшегін байқауға болады. Тофалар тілінде мүмкін модаль сөзінің мағынасында «чоъһом»
тұлғасы болады. Ол монғол тілдеріндегі «чухам, сохом, чукум» тұлғаларымен
байланыстырады. Мысалы: ам ур болбас мен, чжоъһом – я, наверное, долго не проживу!
Иресаң дейдірі: «Сииң гүчжүң чжок, ачжыры чараш сен, бүннү бәәр сен, чжоъһм
– Медведь
говорит (мыши): «У тебя сил нет, ты слишком маленькая, наверное, утонешь [25, с. 268]. Ал
орта ғасыр жазбалар тілінде мүмкін тұлғалы модаль сөз ұшыраспады. Оның мағынасында
«бозғай, мағар, түвүн» тұлғалары қолданылған, бірақ оның өзі сирек кездеседі [37, 53-139
бб.].
Қорытынды. Жалпы қазіргі тіліміздің сөздік жүйесін V-VІІІ ғасырлардағы көне түркі
тілімен салыстыра қарағанда, көне дәуірге қарай сөздердің буын санының азаю беталысы
байқалады. Оны қазіргі екі немесе онан да көп буынды сөздердің көне түркі тілінде бір
буынды болып көрінуінен айқын аңғаруға болады. Дегенмен көне түркі тілінде көп буынды
сөздер аз емес және көне түркі тіліндегі сөздер бір буынды болсын, ол қазіргі тіліміздің
алғашқы бейнесі емес. Қайта бай сөздік қоры бар, граммтикалық құрылымы жетілген,
дамыған тіл деуге болады. Оны көне түркі жазба ескерткіштеріндегі образды, өткір
теңеулерді бейнелеудегі тілдік икемділіктен, сөздердің көп мағынада қолданылуынан, аз
сөзбен көп мағынаны аңғартатын ұтымды тілдік қолданыстардан т.б. жақтарынан аңғару
қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: