сөзінің етістік мағынасы «нести, носить, вести, тощить, отправлять, предоставлять, уносить,
распростронять, гнать, вырывать т.б.» тәрізді сөздермен берілген және оның этимологиясын
алғаш сөз қылған Л.З. Будагов, Г. Рамстедт, Л. Лигети, К. Менгес, М. Рясянин т.б.
ғалымдарымыздың да пікірлері қамтылған [10, с. 268]. Жалпы түркі тілдерде
елт, элт, елет,
елит, илт, илет, ит (башқұрт тілінде илт-ит қысқарған түрі),
йелт (армян-қыншақтары
тілінде) т.б. болып келеді. Көне түркі тіліндегі
елт тұлғасы қазіргі түркімен, қ.татары,
қарайым, құмық, өзбек, якут, қазақ тілдерінде еш өзгеріссіз қолданылады. Сонымен бірге
монғол тіліндегі
елде мен эвенкі тіліндегі
элбу етістік сөздерімен де туыстық байланысы бар.
Көне түркі сөздігінде еліт (вести, уводить) және елт (нести, тощить) сөздері етістік
мағынасында жеке-жеке алынып берілген [7, с. 171]. Онда Алтын көлден табылған Енисей
жазбасынан және Тониқұқтан мысалдар беріліп, екі мағынада алынған. Мысалы:
Он ай елтді
өгүм оғлан тоғдым – моя мать насила (меня) десять месяцев, я родился мальчиком (Е, 29).
Бү
сүг елт – веди это войско (ТҚ. 32). Яғни, көтеріп жүру, бастау мағыналарында жұмсалынған.
А. Кононов та
елт көмекші етістігінің екі мағынасын көрсетіп, Күлтегіннен мысал келтіреді:
«йарақлығ қантан (қандын) келіп, йана елтді. Сүнүгліг қантан (қандын) келіпен сүре елтді
(КТб.23) – Откуда пришли вооруженные люди и победили (тебя)?
Откуда пришли
копьеносцы и прогнали тебя? [11, с. 199]. Ғалым осы мысалды бере отырып,
-е елті
аналитикалық форманты қимылдың субьектіден объектіге бағытын (т.е. центробежное
интенсивное действие) білдіретіндігін сөз еткен. Бұл қазіргі қазақ тіліндегі
-п елт
аналитикалық формантына сәйкеседі. Орхон-Енисей жазба ескерткіштер ішінде Күлтегін,
Тониқұқ,
Ырық бітік, Алтын көл мәтіндерінде бір-екіден ғана, жалпы 7 рет қолданылған.
Бірақ, аудармасы әртүрлі. Мысалы, аталмыш аналитикалық форманттың мағынасын
И.Шервашидзе – «погнать»; В.Радлов, П. Мелиоранский «увлекло», С. Малов – «увлекли»,
Ия Стеблява – «погнав, увели», М. Жолдасбеков – «ыдыратты»; Ғ.Айдаров – «түре қуды»; С.
Қаржаубай – «сүре тұралатты»; Қ. Өмірәлиев – «сүріп әкетті», K. UĞURLU – «сүрдүлер», Б.
Орынбай – «сүре тартып әкетті деп аударады [Қараңыз: 12, с. 45; 13, с. 41-180; 14, 176 б.; 15,
34 б.; 16, 60 б.; 17, 117 б.]. Елт сөзінің көне мағынасы әртүрлі берілгендіктен, біз қазіргі түркі
тілдерінде қандай мағынада болатындығына көңіл аудардық. Қазіргі түркімен тілінде:
Ит-
гуш бардыр, мен элтип гелейин – Может быть, имеется собака, я провожу [18, с. 446]. Сол
сияқты өзбек тілінде
елтиб берди –
апарып берді, якут тілінде «
илт – уносить, уводить»
мағынасында болса, қарақалпақ тілінде «
кюн елт//кюн көр – жить, существовать» деп
әртүрлі мағынада келеді [19, с. 312; 20, с. 21; 21, с. 79]. Қазақ тілінде «күн көру, өмір сүру,
тіршілік ету мағынасындағы біріккен сөз ретінде
күнелт етістігі қарақалпақ тіліне сәйкес.
Сол сияқты
түнелт сөзі құрамында да болады. Сонымен қазіргі түркі тілдеріндегі елт сөзінің
мағыналары көне тілдегі мағынасынан ерекшеленеді. Көне мәтінде
елті, елтді тұлғаларында
түрленген. Қорыта айтқанда,
елт сөзі көне түркі тілінде өте аз кездессе де толымды көмекші
етістік қатарына жатады. Қазақ тіліндегі қазіргі мағынасында қолданылмаған. Орхон-Енисей
жазба ескерткіштерінде елт көмекші етістігі (елтді, елті) жедел өткен шақ формасында келіп,
Достарыңызбен бөлісу: