қолданылғандығы көрсетілген. Күлтегін жазуында: Тамағ ыдұғ башда сүңүшдіміз (КТҮ. 41)
деген сөйлем бар. Осындағы ыдұқ сөзі «өте алмас», «өре жетпес», «биік» мағынасында
қолданылған сияқты. С.Е.Малов аудармасында «қасиетті Тамағ асуында» деп берілген [4,
41]. Қалай болған күнде де ыдұқ сөзінің келтіріліп отырған мағыналары түп төркіні жағынан
бір-бірінен алшақ кетпейді. Өре жетпейтін немесе адам аяғы баса алмайтын, өте алмайтын
жердің өзі де қасиетті болмай ма?!
Тіліміздегі көмескі (өлі) түбірлерді анықтап, сөз құрамын талдағанда руникалық жазу
ескерткіштерінің тіліне соқпай кету мүмкін емес және бұлайша зерттеудің көне ескерткіштер
тіліндегі әрбір сөздердің нақтылы мағынасы мен қолданылу ерекшеліктерін айқындай түсу
үшін де қажет. Мысалы: Сүчіг сабын, йымшақ ағын арып, ырақ бодұнығ анча йағүтүр ерміш.
«Тәтті сөзімен, асыл бұйымымен азғырып (алдап) алыстағы халықты өзіне сондай
жақындатар еді» (КТК 5). Бұл сөйлемдегі «арып» сөзі етістіктің көсемше тұлғасы. Түбірі
«ар». Осы ар сөзі орысша
обманывать (алдау), лгать (өтірік айту),
соблазнить (еліктіру);
қазақша алдау, азғыру сөздерімен аударылып жүр. Сөйлемге мазмұны жағынан талдау
жасасақ, ар сөзінің мағынасы алдау, азғыру, еліктіру екеніне күмән келтіруге болмайды.
Бірақ ар мен алдау, азғыру сөздері тұлғалық жақтан ешқандай да сәйкес келмейді. «Алда»
етістігінің түбірі «ал» көне түркі тілінде айла, қулық дегенді білдірген. Мысалы, Алын арлан
тұтар, күчін сычған тұтмас «Айламен арыстанды алуға болады, күшпен тышқан да ұстай
алмайсың» (МҚ 622 13). «Ал» түбірінен алчы (алдамшы), алда сөздері жасалған. Мысалы,
Йана алчы болса қызыл тілкү тег. «Және алдамшы болса қызыл түлкідей» (ҚБН 17410). Ол
йағыны алдады. «Ол жауын алдады» (МҚ 13917). Алда етістігінің түбірі көне түркілік «ал»
екендігі жөнінде қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде де көрсетілген [6, 24-25].
Сонымен қатар
ар түбірі азғыру дегенді де білдірмейді. «Азғыр» етістігінің түбірі «аз» көне
түркі тілінде
адасу, қателесу мәнінде қолданылған. Мысалы: «Тәңірі (дей) Білге қағаннан
айырылмайық азбайық (қателеспейік)». «Аз» етістігі қазір де тілімізде азу, азғындау түрінде
қолданылады. Ал «ар» түбірі осы қалпында тілімізде жоқ. Тек арба (арбау) етістігінің
құрамында өлі түбір күйінде сақталған. Арбау етістігі көне және орта түркі жазбаларында
кездеспейді. «Ар» түрінде ғана қолданылған. «Ар» түбірінің қазіргі арбау сөзінің бастапқы
тұлғасы екендігі жөнінде қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде «арбау сөзінің
түбірі ар, ол көне түркі тілінде, қашқари сөздігінде алдау, арбау, сиқырлау, қаратып алу,
айналдырып алу мағынасында қолданылған» делінеді [6, 37]. Сөйтіп жоғарыда Күлтегін
жазуынан келтірілген сөйлемді өз мағынасынан ауытқымай, дәлме-дәл «тәтті сөзімен, асыл
бұйымымен арбап, алыстағы халықты өзіне сондай жақындатар еді» деп аударуға болады.
Тониқұқ ескерткішінде «Көгмен йолы бір ерміс, тұмұс-тійін, есідіп бү
йолын йорысар
йарамачы, тідім...» (Тон 23) деген сөйлем бар. Орысша С.Е.Маловтың аудармасында бұл
сөйлем «Көгмен жолы біреу (ғана), оны қар басқан дегенді естіп, бұл жолмен жүрсек
жарамас дедім...» деп берілген [4, 67-бет]. Қ.Сартқожа аудармасында «Көгмен жолы біреу
ғана, тұманды дегенді естіп, бұл жолмен жүрсем жарамас дедім». Көне түркілік нұсқасына
қарасақ, ондағы «тұмұс» сөзінен басқасы қазақ тілінде түсінікті. Сөйлемдегі сөздердің орнын
өзгертпестен «Көгмен жолы біреу (ғана), тұмұс (?) дегенді естіп, бұл жолмен жүрсе жарамас
дедім» деп тікелей аударуға болады. Ендеше осы сөйлемдегі «тұмұс» қандай мағынаны
білдіреді? Орысша қармен жабылған (бүркелген) делінген. Орта түркі жазбалары М.Қашқари
сөздігі мен «Құтты білікте» «тұмұс» формасының түбірі «тұ» екендігіне дәйек боларлық
мынандай деректер бар. Ол ағзын тұды. «Он закрыл рот» (ол аузын жапты) (МҚ ІІІ 227). Қаз,
өрдек, құғұ қыл қалықығ тұды «Қаз, үйрек, аққулар аспанды жапты» (ҚБН 186). Бұл екі
мысалдағы 3-жақ, өткен шақ «тұды» тұлғасының түбірі «тұ», мағынасы жағынан
жоғарыдағы «тұмұс» құрамындағы
тұ түбірінің мағынасымен бірдей екендігі «көне түркі
сөздігінде» де көрсетілген [7, 584]. «Тұ» түбіріне жалғанған
мұс формасы көне түркі тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: