Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет95/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   238
Байланысты:
COLLECTION of Сonferences XXIV «Akhanov readings» 2021

-мыш,-міш өткен шақ есімше тұлғасы. «Тұ» етістігінің өздік етіс түрі тұн, ырықсыз етіс түрі 
тұл болып қолданылған. Мысалы: Арт тұнды. «Асу жабылды (қар басты)» (МҚ ІІ 27). Көк 
тұнды «Аспан жабылды (бұлт басты)» (МҚ ІІ 27). Тұлар кіргү йол. «Өңеш бітеледі 
(жабылады)» (ҚБК 2117). Жабу, бүркеу, бітеу мағынасында көне және орта түркі 


дәуірлерінде қолданылған байырғы бір буынды «тұ» түбірі бүгінде тілімізде осы тұлғасында 
қолданылмайды. Дегенмен, «тұ» түбірін тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да 
өзгеріссіз сақтай отырып қалыптасқан қазақ тілінде бір қыдыру сөздер бар сияқты. Айталық, 
бас-аяғын тегіс бүркеу, жабу, бітеу мағынасын білдіретін «тұмшалау» етістігінің түпкі түбірі 
де, лексикалық мағынасы да көне түркілік осы «тұ» түбірімен бірдей. «Тұ» етістігі көне және 
орта түркі заманында «тұмшалау» мәнінде қолданылған. Жоғарыда келтірілген Ол ағзын 
тұды. Көк тұнды деген сөйлемдер: Ол аузын тұмшалады, көк (аспан) тұмшаланды дегенді 
білдіреді. «Тұмшалау» тұлғасы көне түркі тілдік деректерінен кездеспейді. Морфологиялық 
құрамы жағынан қарағанда да түркі тілдері айқын жіктелген кейінгі кезеңнің туындысы 
болуы мүмкін. Тұ (тұмшалау) етістігімен қатар көне түркі тілінде тұман сөзі де жиі 
қолданылады. Үзе тұман тұрды, асра тоз тұрды «Үстіде тұман тұрды, астыда (төменде) тозаң 
тұрды» (ЫБ 20). Қарарын тұман тозды, дүние тұды». «Қарайын тұман көтерілді, дүние 
тұмшаланды» (ҚБК 29817). Тұ мен тұман сөздерінің арасында да лексикалық мағына 
төркіндестігі бар. Яғни, тұ тұмшалау, тұман – тұмшалайтын зат. Бұны тұ мен тұман 
сөзінің қатар қолданылуынан да байқауға болады. Бірақ, тұман сөзі «тұ» түбірінен тұ+ман 
немесе тұм+ан әлде тұма+н түрінде қалыптасқандығы жөнінде әлі де тарихи тілдік 
деректерді іздеуге тура келеді. Сонымен қатар тіліміздегі бас киім атауы «тұмақ» (ауызекі 
тілде) сөзінің басты жабу, бүркеу, тұмшалау ерекшелігі бастпақы «тұ» түбірінің тұмшалау 
мағынасына жетелейді. Бұзаудың тұмсығын тұмшалап байлайтын киіз тұмылдырық, қыран 
құстың басына тұмшалап кигізетін қап – томаға (бастапқыда тұмаға, кейіннен соңғы ашық  
дыбысының ықпалымен алдыңғы қысаң «ұ» дыбысы «о» ға айналған) сөздері де байырғы 
«тұ» (тұмшалау) түбірінің мағынасы негізінде алғашқы «тұ» тұлғасын сақтап қалыптасқан 
деуге болады. «Тұмшалау» сөзінің түбірі де осы «тұ». Аталған сөздерді морфологиялық 
құрамы жағынан салыстырсақ, олардың барлығына «тұ» түбірінен кейін екінші ортақ тұлға 
тұм немесе тұма болады. Көне түркі сөздігінде тұм (қалқан) түбірі көрсетілген. Бұл 
алғашқы бір буынды «тұ» түбірінің мағынасына сәйкес келе ме жоқ па байланысын 
анықтауды қажет етеді. Сөйтіп жоғарыдағы мысалдарды қайталасақ: «Көгмен жолы біреу 
(ғана), оны қар басқан (қармен тұмшаланған) дегенді естіп, бұл жолмен жүрсек жарамас 
дедім...», Ол ағзын тұды. «Ол аузын тұмшалады» «Аспан тұмшаланды» «Қаз, үйрек, аққулар 
аспанды жапты (тұмшалады)» Арт тұнды. «Асу жабылды (қар басты) тұмшаланды» (МҚ ІІ 
27). Көк тұнды «Аспанды бұлт басты (жапты) тұмшалады» (МҚ ІІ 27). Тұлар кіргү йол. 
«Өңеш бітеледі (жабылады) тұмшаланады» (ҚБК 2117) деген мағынада қолданылғандығы 
айқындалады. 
Тониқұқ ескерткішінде мынадай сөйлем бар: Бұ Түрк бодұнқа йарықлығ йағығ 
келтүрмедім, төгүнліг атығ йүгүртмедім (Тон 54). Осы сөйлем С.Е.Малов аудармасында 
«Бұл түрік халқына қарулы жауды келтірмедім, жарақты аттыны жүгіртпедім» деп берілсе 
[4, 64], қазақша нұсқасында «бүкіл түрік халқына қарулы жау келтірмедім, атты әскер 
жолатпадым» деп аударылған [2, 37]. «Бұл түркі халқына қарулы жауды келтірмедім. 
Қаптаған (жұмылған жұдырықтай) аттыларды қаптатпадым (келтіртпедім) [5, 225]. Аталған 
аудармалардың екеуінде де түпнұсқа сөйлемнің мағынасы дұрыс бейнеленгендігі дау 
тудырмайды. Бірақ екі аудармада да оқушыға түсініксіз бір сөздің төгінліг сөзінің нақты 
мағынасы жөнінде ашып айтылмайды. Рун жазбасында «төгінліг» сөзінің құрамындағы «ө» 
дыбысы N таңбасымен берілген. Осындағы «N» таңбасы «ө» немесе «ү» дыбыстарын 
білдіреді. «Ү» түрінде дыбыстасақ бұл сөз «түгүнлік» болып оқылады. Ендеше төгінлік 
немесе түгінлік бұл жерде қандай мағынаны білдіреді соған келейік. Сыртқы түр-тұлғасына 
қарағанда бұл сөз қазіргі қазақ тіліне жат, қолданылмайтын сөз сияқтанғанымен, қазақ 
тілінің тарихи даму үрдісіндегі дыбыс құрамының өзгеруінде сөз ортасы мен сөз соңындағы 
көне түркілік «г» дыбысының «й» ға айналу ерекшелігі бар. Соған сай түгінлік сөзі қазақ 
тілінде түйінді, түйінделген болуға тиіс. Түгінлік сөзінің түбірі – түг /түй/. Бұл сөз көне 
және орта түркі дәуірінде «түйін түю» дегендегі түй мағынасын білдірген, қазірде солай. 
Мысалы, Ер түгін түгді . «Ер түйін түйді». /МҚ. II 20/. Көне түркі дәуірінде осы түг /түй/ 
түбір етістігінен түгүн /түйін/, түгме /түйме/ /МҚ. I 433/ сөздері жасалған. Бұлар қазір де 


тілімізде бар, кең қолданылатын сөздер. Енді түг /түй/ түбірінен жасалған түгүн /түйін/ сөзін 
осы мағынасында жоғарыдағы сөйлемдегі орнына қойсақ, «Бұл түрік халқына жарақты 
жауды келтірмедім, түйінді аттыны жүгіртпедім /жүргізбедім/» болып аударылады. Бұл 
жердегі түйінді атты нені меңзейді? Ертеде аттың жал-құйрығын түю – соғысқа 
шыққандықтың, жаулықтың белгісі ретінде қаралғандығы байқалады. Оны Қобыланды 
батыр жырындағы мына жолдардан да көреміз. 
Шыдай алмай Алшағыр 
Үстіне сауыт киеді. 
Беліне байлап болатын, 
Қарына найза іледі. 
Алтын тұрман ер салып, 
Атына енді мінеді. 
Қарақасқа тұлпардың, 
Құйрығын шарт түйеді. 
Сол уақытта алдынан, 
Қара қасқа ат мінген, 
Құйрық жалын шарт түйген, 
Алдына дабыл төңкерген, 
Артына сауыт бөктерген... 
Қазақ десе оқ атқан 
Қабағына қар қатқан... деген жолдардағы «құйрығын шарт түю, құйрық жалын шарт 
түю» сөздері жаулықтың, соғысқа шығудың белгісі ретінде айтылған [8, 134]. Демек 
жоғарыдағы Тониқұқ жазуынан келтірілген мысалдағы «түйінді ат» аттарының жал-
құйрығын түйіп жауласуға, жаулауға аттанатын атты әскерді меңзейді. «Жауды, бөтен 
ниеттіні жолатпадым» дегенді салт-дәстүрлік ұғыммен бірлестіріп, астарлы, образды тілмен 
жеткізу көне түркі руникалық жазуының жай-жұтаң тілмен емес, сұрыпталып, шыңдалған 
көркем әдеби тілмен жазылғандығын дәлелдейді. Мұндай образды теңеулер орхон жазулары 
тілінде көп. Мысалы «Тәңірдей тәңірден жаралған түрік Білге қаған» дегеннен өткізіп айтар 
теңеу болмаса керек. Сонымен қатар жоғарыдағы түю сөзінің алдында тұрып, онымен 
қатарласа қолданылатын «шарт» сөзіне де талдау жасауға тура келеді. Бұл жерде неге 
әрқашан «шарт түйді» делінеді, жай ғана жал құйрығын түйді, жалын түйді болып 
қолданылмайды деген сұрақ туады. «Шарт» сөзі қазіргі біздің ұғымымызда қатты, мықты 
болып түсініледі. Мысалы, белін шарт буды десе, қатты буды, бекем буды деп ұғамыз. Бірақ 
көне түркі деректеріне негізделсек «шарт» сөзі түю етістігінің алдында келіп басқа тұлғада 
және басқа мағынада қолданылған сияқты. Мысалы: Ұзын сачын чар түгүп /Uig III 30.26./. 
Осындағы чар көне түркі тілінде бұрым, өрім мағынасын білдірген. Аталған сөйлем «ұзын 
шашын өріп /бұрымдап/ түйіп» деген мағынада қолданылған. Чар сөзінің түю етістігінің 
алдында тұрғанына қарағанда үстеу ретінде «өріп» деген мағынаны білдіреді. Соған 
қарағанда кейінгі шарт түю тіркесі айтылу барысында түю сөзінің дыбысынан 
басталуына байланысты алдыңғы чар сөзінің соңына «т» қосылып «чарт /шарт/» болып 
қалыптасқан деуге болады. Сонда «шарт түю» тіркесінің мағынасы «өріп түю» болмақ. 
Аттың жал-құйрығын жай түймей, өріп түйетіндігі де бұны анықтай түседі.
Көне түркі тілінде өте аз қолданылған елт етістігінің ең әуелі қазақ тіліндегі 
мағынасымен байланыстыралық. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде елт түбір 
етістігінен қалыптасқан: елті, елту, елттір, елттіру, елтіт, елтіткіз, елтіткізу, елтіттір, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет