Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет9/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72
Байланысты:
4 МР Үлгерім каз

 
«Тіл және әдебиет» оқу пәндері 
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, 
жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды 
мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – 
маңыздылығы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер білім алушыларды 


26 
ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Мұндай сұрақтардың туындауының себебі: 
қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның 
ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді 
халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, 
сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі 
мектеп білім алушыларына келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға 
қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеру қажет.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, 
лицей, т.б.) «білім алу жолдарын білетін», өз бетімен білім алуға ұмтылатын, 
шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы мен жауапкершілігі 
жоғары, өзіне сенімді, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке 
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. 
«Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері оқу бағдарламасының негізгі 
міндеттері:
1) шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға 
дағдыландыру;
2) білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
3) туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл 
ұрпақ тәрбиелеу; 
4) білім алушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада 
қолдана білуге үйрету; 
5) білім алушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту; 
6) білім алушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық 
салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, 
мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу. [2] 
Қазіргі кезеңде білім алушының өз бетімен білімге ие болу барысында 
оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі 
талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және 
коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері 
мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін 
тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп 
шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің 
қолдауы кезінде білім алушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа 
ие болады.
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің оқу бағдарламасы білім 
деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған 
мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу 
мәселесін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады. 
Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде білім 
алушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: 
қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және 
идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең 
ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану 
дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.


27 
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып 
табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін 
нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары білім 
алушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі 
ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу 
бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара 
шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын 
және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі мектепті бітіргеннен 
кейінгінәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен 
қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше 
өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылу жүйесі: білімді 
функционалдық және шығармашылық тұрғыда қолдану, сын тұрғысынан ойлау, 
зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, 
қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке жұмыс 
істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды 
дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар білім алушының 
мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де 
жетістігінің кепілі болып табылады.
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер 
білім алушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің 
жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау 
және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау 
үшін шығармашылық тұрғыдан қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар 
жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, 
өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер 
өзекті болып отыр. 
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу 
мақсаттарына бағынады және білім алушылардың меңгерген білім, білік және 
дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында 
шығармашылықпен қолдануға дайындығын қалыптастыруға, жетістікке қол 
жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға 
ынталандырады.
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: 
«қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», 
«ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет