Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет10/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
Байланысты:
4 МР Үлгерім каз

білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына білім алушыларды 
дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының 
тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық 
бағдары болуы тиіс. 
Қазақ тілін сапалы меңгерген әрбір білім алушы оны сауаттылықпен өзінің 
айналасындағы адамдармен күнделікті қарым-қатынас жасау құралы ретінде 
және қазақ тілін теориялық тұрғыдан терең тани отырып, сол арқылы басқа 
пәндерді де сапалы меңгерудің оқу-таным құралы ретінде пайдаланудың жоғары 
деңгейлерін игеруге ұмтылып отырады. 


28 
Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік және қатысымдық-
танымдық тұрғыдан оқыту тілдің қоғамдағы маңызды қызметі мен рөлін 
саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын ғылыми таным тұрғысынан түсініп 
меңгеруге, 
коммуникактивтіктілдесім 
әрекетіндегі 
тіл 
бірліктерінің 
функционалдық қасиеттерін саналылықпен қолдануға, әрбір тіл бірлігінің ішкі 
мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға дағдыландырады. 
Қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде оқытуда білім алушылардың ұлттық 
дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы 
адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде 
әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және 
кумулятивтік қызметтерін меңгерту, білім алушылардың шығармашылықпен 
жұмыс істеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту басты нысана 
болып табылады. 
«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы білім алушылар
:
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретіндегі мәртебесіне 
лайықты қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін танып-біледі; 
 
қазақ тілінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік 
дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді үйренеді; 
 
өзінің ойын ауызша және жазбаша формада сауатты құрауға, ойын 
сыртқа ауызша және жазбаша шығаруға әдеби тілдің нормаларын саналылықпен 
қолдана отырып, сөйлеу барысында тіл табысу тәсілдерін меңгеруге ұмтылады;
 
қазақ әдеби тілінің фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, 
лексикалық, морфологиялық, грамматикалық, стильдік, пунктуациялық 
нормаларын меңгереді;
 
тіл мен мәдениет арасындағы байланысты түсінеді; 
 
қазақ тілін ана тілі ретінде меңгеру арқылы білім алушылар алған білімін 
әлемдік мәдениетпен ұштастыра алады; 
 
адамгершілік құндылықтарды таңдау, оған анализ жасау және бағалау 
дағдыларын қалыптастыра отырып, кез келген жағдайдан шыға білу 
дағдыларына ие болады; 
 
әңгіме, поэзия, драма, сондай-ақ ғылыми және бұқаралық ақпарат 
құралдары материалдарын (газет-журналдар т.б.) сын тұрғысынан оқи отырып, 
өз түсініктерін дамытады; 
 
оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол 
ашады;
 
қазақ тілі пәнін меңгеру арқылы қоғамдық өмірге араласуға қажетті 
жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын жағдаяттар жүйесі 
негізінде дамытады; 
 
қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасайды, 
өзара пікір алмасады, көзқарастарын білдіреді, өз ойын жүйелі де нақты жеткізе 
алады; 
 
қазақ тілінде берілген кез келген ақпаратты тиімді қолдана отырып
өзіне қажетті мәліметті ала алады; 


29 
 
түрлі мәтіндерді өздігінен түсініп оқиды, оқығаны бойынша өзіндік 
қорытынды жасап, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары арқылы тың 
идеяларын өзгелермен еркін бөліседі.
Қазақ тілін оқытудың классикалық тәсілі, негізінен, тілді академиялық 
тұрғыдан оқытуды көздейді. Ол тәсіл қазақ тілінің грамматикалық құрылымын 
тереңдете түсінуіне, жазба тілді дамытудың тұрақты дағдыларын 
қалыптастыруға, сөйтіп, аса жоғары сауаттылықты дамытуға бағытталды. Ал 
коммуникативтік әдіс болса, қолданбалы бағытты ұстанады. Бұл бағыт бойынша 
білім алушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын, ойын айшықты етіп беру 
шеберліктерін қалыптастыру көзделеді. Мұның өзі білім алушыларда қазақ тілін 
жан-жақты танып-білудің жаңа мотивациясын туғызады.
Пән мазмұны білім алушыларға қазіргі қазақ тілін дамыған жүйе ретінде 
танытып, оның құрылымын жай ереже түрінде емес, өмірдің түрлі саласындағы 
атқаратын қызметімен тығыз байланыста меңгертеді. 
Бағдарламада білім алушылардың қазақ тіліне деген құндылық көзқарасын 
қалыптастырып, қазақ тілін қазақ халқының болмысын танытушы ерекше 
феномендік құбылыс ретінде түйсінуге жетелейтін әдіс-тәсілдер жүйесі 
жүйеленіп берілген. Қазақша сауатты сөйлеу мен жазу, пікір алысу, мәтін талдау, 
тыңдай білу мәдениеті негіздерін үйрену, сұхбаттасу әдептерін коммуникативтік 
дағдылармен тығыз бірлікте қалыптастыру – бағдарламаның өзіндік ерекшелігін 
танытады. 
Бағдарламада қамтылған дидактикалық бірліктер – көркем мәтін мен 
көркем емес мәтін негізінде сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын тілдік 
бірліктермен тығыз байланыста дамытатын оқу материалдарын қамтиды. Олар 
оқу және әдістемелік міндеттерге сай болуы тиіс. Атап айтқанда, ана тілінде 
сөйлеу мен жазу арқылы өз ойын білдіру, монолог құру мен диалогке қатысу, 
өзінің ойын, пікірін жеткілікті дәрежеде айта алу мен дәлелдеу, басқа пәндерді 
оқып-меңгеруі барысында қазақ тілінен үйренген дағдыларын мол етіп қолдану 
мен қазақша сөйлеу және жазба тілін барлық пәндер бойынша дамыту деген 
дидактикалық талаптарға сай сұрыпталынып, нәтижесінде оқу материалының 
құрылымдық-мазмұндық болмысы осы бағытты ұстанды.
«Қазақ әдебиеті» пәні оқу бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды 
креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және 
жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, 
бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту. 
Аталмыш мақсатқа жету үшін білім алушылар:
1) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі 
маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
2) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ 
халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, 
мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
3) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау 
дағдыларын қалыптастырады; 
4) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын 
дамытады. 


30 
5) тіл мен мәдениет арасындағы байланысты түсінеді; қазақ тілін ана тілі 
ретінде меңгеру арқылы білім алушылар алған білімін әлемдік мәдениетпен 
ұштастыра алады, адамгершілік құндылықтарды айқындайды, оған анализ жасау 
және бағалау дағдыларын қалыптастыра отырып, кез келген жағдайдан шыға 
білу дағдыларына ие болады; 
6) 
поэзиялық, прозалық, драмалық шығармаларды, сондай-ақ ғылыми және 
бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын (газет-журналдар т.б.) сын 
тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады; оқу арқылы танымдық 
дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады;
Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби 
формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше 
білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді. [17] 
Теориялық материалдар білім алушының қазақ әдебиеті туралы 
ұғымдарын кеңейтуге, әдебиет туралы дүниетанымын қалыптастыруға және 
адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде табысты болу үшін білім алушыларға білім қандай қажет 
болса, дағды да сондай қажет деген пікірді қолдаушылар саны артып келеді. Бұл 
білім алушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін 
және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану білім 
алушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды 
құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
Бұл пән әдеби шығармаларды оқытып қана қоймай, танымдық және 
коммуникативтік 
дағдыларын 
қалыптастыруға 
да 
негізделген. 
Оқу 
бағдарламасында білім алушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық 
мүмкіндіктеріне сәйкес пәннің мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемі 
анықталған. Әр сыныпта оқытылатын шығармаларды таңдау кезінде қазіргі 
замандағы баланың жас ерекшелігімен қатар танымдық ерекшеліктері де 
ескерілген.
білім алушы толық түсінбейтін ұзын сонар туындыларды шала-шарпы 
оқып шығудан гөрі бір шығарма болса да оны саналы түрде түсініп, талдап, 
зерттеп, кейіпкерлерді салыстырып, олардың әрекетіне баға беріп, сол 
шығармалар арқылы оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру көзделуі тиіс.
Кең ауқымды дағдылар білім алушының мектептегі білім алу 
тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі 
болып табылады. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны 
оқу мақсаттарына бағынады және білім алушылардың меңгерген білім, білік 
және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында 
шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол 
жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға 
ынталандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет