44
- білім алушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін
меңгеруіне ықпал жасау;
- білім алушылардың кеңістіктік ойлауы мен картографиялық дағдыларын
қалыптастыру;
- географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану
дағдыларын қалыптастыру.
Осы аталғандарды игермеу үлгермеушілікке алып келеді
Үлгермеушілік – бұл оқудағы артта қалушылық, бұл ретте бөлінген уақыт
ішінде білім алушы оқу бағдарламасында көзделген білімді қанағаттанарлық
деңгейде меңгерме алмауы. Оқытуға байланысты топта да, жеке де білім алушы
оқу бағдарламасын толық игермеуі көптеген жағдайларға байланысты
Оқуды меңгермеген білім алушының не себепті игере алмауын анықтау күрделі
нәрсе емес. Біз оның тудыратын себептерді білуіміз керек. Бұл психикалық
белсенділіктің төмен сапасы, бала, оның оқуға деген ынтасының болмауы, оқу
процесін ұйымдастырудың жетілмегендігі және т.б. себептер болуы мүмкін.
Мұғалімнің мақсаты:
- білім алушылардың географиялық білімді алуда оқу бағдарламаларын
мақсатқа сай түсіне білуін қамтамасыз ету, жағдай жасау;
- оқу үдерісін ұйымдастыру барысында педагогикалық технологияларды
іріктеу, карталармен жұмыс жүргізу арқылы үлгерімі нашар білім алушылардың
оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру;
- көп деңгейлі оқытуды жүзеге асыру;
- үлгерімі нашар білім алушылардың ерекшеліктерін, олардың оқуда қалып
қою себептерін және әлсіз уәждемесін зерделеу.
- білім алушылардың оқу еңбегіне жауапкершілікпен қарауын
қалыптастыру
- білім алушы әртүрлі себептер бойынша оқудан артта қалуы мүмкін:
- науқастануы бойынша сабақтарды өткізіп жіберу;
- әлсіз жалпы физикалық даму, созылмалы аурулардың болуы;
- қолайсыз отбасы;
- «көше» мәселесі.
Пән мұғалімі ретінде білім алушының оқу бағдарламасын неге
үйренбейтінін, оған бұл мәселеде қалай көмектесуге болатындығын түсінуге
тырысу қажет. Сәтсіздіктің нақты себептерін анықтап алып барып жоспар жасау
керек.
Пәнді оқу мәселесі бойынша сынып жетекшісімен, әлеуметтік педагогпен,
педагог-психологпен, білім алушының ата-анасымен бірлесіп жұмыс істей білу
шеберлікті талап етеді.
Кез келген мұғалім алдымен үлгерімі нашар білім алушыларға көңіл бөліп
сабақта жағымды атмосфера жасайды, дер кезінде көмек көрсете отырып, еркін
таңдау мен сәттілік жағдайын жасау ғана нәтиже бермек.
Достарыңызбен бөлісу: