Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет5/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
4 МР Үлгерім каз

Бастауыш білім беру 
Жалпы білім деңгейіне қойылатын талаптардың ұдайы артуы мектептегі 
үлгермеушілік мәселесін шиеленістіріп жіберді. Түрлі себептермен оқу 


13 
бағдарламасын белгіленген уақытта және қажетті көлемде меңгере алмай жүрген 
білім алушылар саны күрт артып келеді. Бастауыш сыныпта үлгермей қалу 
баланың қалыпты дамуы үшін қиындықтар туғызады, яғни негізгі тақырыптарды 
түсінбей қалған білім алушылар орта буында білім көлемінің ұлғаюына төтеп 
бере алмайды және кейінгі кезде оқу үрдісінен «түсіп қалады». 
Үлгермеушіліктің себептері қандай және үлгерімі төмен балалармен 
жұмысты қалай ұйымдастыру керек? Сәтсіздік деген не? Жұмыстың қандай 
формалары мен әдістері қажет? 
Үлгермеушілік- нормативтік критерийлерге сәйкес келмейтін және 
баланың оқу материалын толық меңгере алмауының нәтижесі болып табылатын 
мектептегі білім берудің тиімділігі. 
Педагог және психолог П.П. Блонский мектеп білім алушыларының жалпы 
типологиясын құра отырып, үлгерімі төмен мектеп білім алушыларының 
түрлерін бөліп көрсеткен. Бірінші түрін ол “ жаман білім алушы” деп атады. 
Үлгермеушілердің бұл түріне жататын білім алушыларға мынандай қасиеттер 
тән: 
1) білім алушы тапсырманы немқұрайлы қабылдайды, бірақ мұғалімге 
сұрақ қоймайды, түсінбей қалған жерлерін түсіндіруін сұрамайды; 
2) енжар жұмыс істейді ( еңбектің келесі түріне өту үшін үнемі 
ынталандыруды қажет етеді); 
3) өзінің сәтсіздіктері мен қиындықтарын байқамайды; 
4) мақсаты туралы нақты түсінігі жоқ, өз жұмысын жоспарламайды және 
ұйымдастырмайды; 
5) не өте баяу жұмыс істейді, не бірте-бірте баяулайды; 
6) жұмыс нәтижесіне немқұрайлы қарайды. [45] 
Үлгерімі төмен білім алушының бұл қасиеттері оның оқу үрдісіндегі 
белсенділігін сипаттайды, сондықтан оларды үлгермеушіліктерін анықтауда 
қолдануға болады. 
Үлгермеушілікке әкелетін екінші түрі патологиялық деп аталады- бұл 
эмоциональды, көбінесе оқуда сәтсіздікке ұшырайды, басқалардан өзіне деген 
ерекше көзқарасты кездестіретін мектеп білім алушылары. 
Олар жұмысқа кіріспес бұрын “ қолымнан келмейді” дейді, басқалардың 
мақұлдауын қажет етеді, қиындықтар мен сәтсіздіктерге төтеп беру қиынға 
соғады.
Сәтсіздіктің психологиялық себептері арасында мыналарды атап өтуге 
болады: 

оқу әрекетінің қалыптаспаған әдісі; 

психикалық процестердің жеткіліксіз дамуы. 
Бала мектептен келіп, үй тапсырмасын орындауға келген кезде жаңа оқу 
әрекетін орындау қажеттілігімен бетпе-бет кездеседі. Ол өз бетімен жұмыстың 
дұрыс әдістерін табуға әрқашан дайын емес. 
Бастауыш сынып білім алушыларының белгілі бір оқу пәнін игерудегі 
артта қалуын келесі белгілер арқылы анықтауға болады: 
1) себеп-салдар арасында байланыс орната алмайды; 
2) өз уақытын ұйымдастыра алмайды; 


14 
3) оқу- тәрбие тапсырмаларын орындауға жігерлі күш сала алмайды. 
Үлгерімі төмен балалардың көңілі жиі ауытқиды, өте қозғалмалы, мазасыз, 
тез шаршайды және жұмыс қарқыны баяу; олар жиі құрбыларымен, 
мұғалімдерімен қақтығысады, оқу әрекетінде күш салудан бас тартады. 
Оқудағы үлгермеушіліктердің алдын алу үшін білім алушылардың білім, 
білік, дағдыларында туындайтын олқылықтарды дер кезінде анықтап, осы 
олқылықтарды дер кезінде жоюды ұйымдастыру қажет. 
Бастауыш сынып білім алушыларының сабаққа деген шынайы 
қызығушылықтарын ояту үшін, оларды ынталандыру үшін белсенді қимылмен 
байланысты әртүрлі дидактикалық ойындарды қолдану көмектеседі. Бұл қол 
соғу, жүгіру, жүру, сүйек, доп лақтыру, т.б. болуы мүмкін. Бұл да сабаққа деген 
жағымды эмоциональды көзқарасты қалыптастырады. Әрине, қимыл-қозғалысқа 
негізделген дидактикалық ойындар сабаққа қойылатын дидактикалық 
талаптарды ескеруі керек, яғни ол тәрбиелік сипатта болуы, дидақтикалық 
мақсаты болуы және сабақ материалдарымен байланысты болуы керек.
Нашар, жақсы үлгеретін білім алушыларды бақылау түрлері 
Сабақтағы бақылау бағдарламасы. Білім алушылардың үлгермеушілігін 
болдырмауға бағытталған шаралар жүйесі. Сынып білім алушыларына 
төмендегідей сұрақтар қойылады: 
- сыныпта достық қарым-қатынастар жағдайы жасала ма? 
- тақта алдында жауап беру кезінде білім алушыларға көмекші құралдар 
қолдануға рұқсат етіле ме? 
- тақырыптың негізгі бөлімдеріне ерекше мән беріле ме? 
- білім алушылардың үнемі қайталанатын қателеріне назар аударыла ма? 
- білім алушылардың жауабын көтермелеу тәсілі қолданыла ма? 
- жетістікке жетуге жағдай жасала ма? 
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде: 
- Нашар үлгеретіндерге жаңа тақырыпты баяндау жылдамдығы қиындық 
туғызбай ма? 
- Жаңа тақырыптың негізгі мәселелері ерекше айтылып көрсетіле ме? 
- Мұғалім нашар үлгеретін білім алушылардың жаңа тақырыпты түсіну 
деңгейін анықтап ескере ме? 
- Тақырыпқа қызығу туғызатын техникалық, т.б. құралдар қолдана ма? 
- Нашар үлгеретін білім алушылар әңгімеге тартыла ма? 
Жаттығу кезінде: 
- Өз бетімен жұмысқа арналған жаттығулар дұрыс таңдалды ма? 
- Нашар үлгеретіндерге өз бетімен жұмыс кезінде көмек көрсетіле ме? 
- Білім алушылардың қабілеті ескеріле ме? 
- Өз бетімен жұмыс кезінде білім алушылар өзін тексеруге дағдыланған ба? 
Үй тапсырмасын түсіндіру кезінде: 
- үй тапсырмасының көлемі сол сыныпқа сай ма? 
- Үй тапсырмасына қатемен жұмыс енгізілген бе? 
- Мұғалім үй тапсырмасын нақты, жете түсіндіре ме, кездесер қиындықтар 
жөнінде ескерте ме? 


15 
- Нашар үлгеретін білім алушылар үшін жеке тапсырмалар қарастырылған 
ба? 
Білім берудің қай сатысында болмасын оның негізгі көрсеткіші – сапасы. 
Осыны ескере отырып, жинақталған іс-тәжірибелер мен әдіскер, ғалым-
ұстаздардың зерттеулерін негізге ала отырып білім алушылардың оқу үлгеріміне, 
біліктілігіне әсер ететін негізгі жағдайларды қарастыра отырып, төмендегі 
сызбаны құрастырдық. 
Білім алушының оқу үлгеріміне әсер етуші жағдайлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет