5.15. сурет. Тұтынушылар анықтаған төрт бəсекелес шығаратын
тауарлардың орналасу схемасы Фирмаға тек тартымды болумен қатар, сəтті жұмыс істеуге
қажетті іскери алғышарттары бар сегментті таңдау керек.
Фирма бəсекелестердің алатын орнын ескере келе, қандай орын-
ды иеленуі мүмкін? Оның екі түрлі ықтимал жолы бар. Біріншісі —
өзін бəсекелестердің бірімен қатар қойып, нарықты игеру бойынша
күресті бастау. Фирма жетекшілігі мынандай жағдайларды сезінсе
сол жолме жүре алады: 1) фирма өзінің бəсекелесі шығаратын
қарда жүргіш көліктен жақсы машинаны шығара алады; 2) нарық
екі бəсекелесті сыйдыра алатындай үлкен; 3) фирманың ресурсы
бəсекелестеріне қарағанда үлкен немесе 4) таңдап алынған жол
ұйымның мықты іскери сипатының ерекшеліктеріне айтарлықтай
сəйкес келеді.
Екінші жол — нарықта жоқ қарда жүргішті жасау, мысалы,
тез жүретін үлкен қарда жүргішті ойлап табу. Фирма осындай
қарда жүргішті іздеген тұтынушыларды өзіне тартады. Себебі,
бəсекелестер мұндай машинаны ұсынған емес. Алайда, мұндай
шешім қабылдамас бұрын, фирманың басшылығы мынандай
жағдайлардың барлығына көз жеткізуі керек: 1) тез жүретін
үлкен қарда жүргішті жасаудың техникалық мүмкіндіктері; 2)
жоспарланған баға деңгейінің аясында тез жүретін үлкен қарда
жүргішті жасаудың экономикалық мүмкіндіктері; 3) тез жүретін
үлкен қарда жүргіштерді қалайтын сатып алушылар санының
көп болуы. Егер бұл сұрақтардың жауабы оңды болса, фирма
нарықтағы бос орнын тапты жəне оны толтыру үшін барлық шара-
ларды қабылдау керек деген сөз.
Алайда, басшылықтың ойынша, фирма «А» бəсекелестің
өнімдерімен бəсекеге түсетін тез жүретін шағын машиналар-
ды шығаруды қолға алса, ықтимал табыс жоғары, тəуекел аз бо-
лады делік. Бұл жағдайда фирмаға «А» бəсекелес шығаратын
қарда жүргішті зерттеп, əлеуетті сатып алушылардың алдында
өз ұсынысын дифференциялау жолын табу керек. Бəсекелестік
позициялауды тауардың безендірілуі, сапасы, бағасы, басқа да
қасиеттеріне сүйеніп, қамтамасыз етуге болады.
Фирма өз орнын табу стратегиясы бойынша шешім қабылдаудан
кейін, маркетингтік кешенді жете пысықтаумен айналыса алады.
Егер тауарды сегментте жоғары сапалы, жоғары бағадағы бұйым
ретінде ұсыну туралы шешім қабылданса, фирма қасиеттері жəне
сапасы жағынан бəсекелесі шығаратын өнімнен артық тауарды жа-
сау керек, жақсы техникалық қызмет көрсетумен танымал бөлшек
саудагерлерді іріктеп, дəулетті сатып алушылардың назарын ауда-
ратын жарнама жасау, т.б. қажет.
Бəсекелестік орын туралы шешім қабылдау өз кезегінде фирмаға
терең маркетингтік кешенді жете жоспарлауға кірісуге мүмкіндік
береді.
Үлкен қарда жүргіш машиналар
Шағын қарда жүргіш машиналар
Баяу қозғалатын қарда жүргіш машиналар