Содан біз бөлмелерді араладық, ол кісі біздің тұрмысымызды көріп
танысты. Жатақханадан шықтық та, Федерация паркі арқылы үйіне
шығарып салдым. Қоштасардаол кісі менің оқуымды тастамауымды мақұл
көретінін, осы менің жағдайыма байланысты Наркомға арнайы баратынын
айтты...
394
Дегенмен мен қарап отырмай, «Правда» газетінің тілшісіне барып,
жағдайымды айтып, жәрдем беруді өтіндім. Ол кісі Наркомға бірнеше рет
телефон соғып еді, ешкім жауап бермеді. Сосын: «Ертең келіңіз» деді. Мен
ертеңіне айтқан уақытында жетіп келдім. Тілші маған: «Оқуда қалатын
болдыңыз, құттықтаймын, мен Наркоммен келістім», – деді.
Соның ертеңінде ҚазПИ-дің корпусында сабаққа келе жатқан
профессор Жұбановты көріп, мен оқуда қалатындығымды айттым. Ол кісі:
«Жақсы болған екен», – деп күлді...
Әлі есімде, ноябрь айының орта кезі еді. Бір күні сабақтың біткенін аян
ететін қоңырау сылдыры тынысымен біреу аудиторияға кіре беріп,
амандасты да: «Жолдас Ысқақов осында ма?» – деді. Оқытушы орнынан тұра
беріп: «Мына кісі», – деп мені меңзеді...
Келген кісі менің қасыма келіп, қолын ұсынып: «Менің фамилиям –
Устименко Петр Демьянович, 28-орта мектебінің директорымын», – деді.
Мен: «Өте жақсы, мен Ысқақовпын, құлағым сізде», – дедім. Ол кісі: «Біздің
мектепте қазақ тілін беретін оқытушы үй жағдайымен байланысты
Алматыдан кетіп қалып, бір айдай болды, қазақ тілі оқытылмай, үзіліп қалған
соң, қалалық оқу бөлімінен, Наркомпростан оқытушы сұрап едім, олар ондай
оқытушы жоқ деді. Содан кейін мен өзім осы ҚазПИ-дің түлегімін, әдейі
қазақ тілі кафедрасына келіп, жоғары курс студенттерінен бір адам бөлуді
өтіндім. Профессор Жұбанов: «Сізге барып, жолығыңыз», – деді. Мен:
«Жоғары курстарда ондай жоқ па?» деп едім, профессор Жұбанов:
«Ысқақовтың тәжірибесі молырақ», – деп күлді.
Сол күннен бастап сол мектепке мұғалім болып жұмыс істей
бастадым...
Оқуым да тұрақталып, қызметім де жайғасқаннан кейін сабақтан
қалмай, жұрт қатарлы оқуға тырысқаныммен, мектептің сабағы мен
институттың лекциялары жиі тоғыса беретін болды да, мазаны кетірді.
Дегенмен мектеп сабағын кезінде өткізіп, көбіне институттағы лекцияларға
қатыса алмай жүрдім...
Әлі есімде бір күні Құдайберген ағай: «Секторға барып келейік», – деп
ертіп алды да, Виноградов пен Красина көшелерінің түйісіндегі
Академияның Қазақ бөлімшесінің секторындағы бір әйелге: «Мына кісіге
карточка жазудың жөн-жобасын көрсетіп, нұсқау берерсіз», – деді де, маған:
«Біз болашақта қазақ тілінің сөздігін жасамақпыз, соған осындай
карточкаларды көбейтіп, әзірлік жасауымыз керек», – деді.
Тағы бір күні мені Наркомпросқа ертіп барып, өзі басқаратын оқу-
методикалық бөлімге кірді де, отырған адамдармен амандасқаннан кейін:
«Мына кісі Мәметова Әмина апаңыз, мына кісі Бегалиев Ғали ағаңыз», – деп
таныстырды. Мені бір столға отырғызды да, өзі өзінің орнына барып
жайғасқан соң, жазғы айларда облыс-облыстың бәрінде де 1,5 айлық
мұғалімдер курсы ашылатын болды, соған алдын-ала әзірлеп, қазақ тілі мен
әдебиетінің программаларын жасау керек, екеуіңіз осы жұмысты әзірлеп
қойыңыздар, келесі аптада қарап бітіреміз», – деді де, содан соң маған: «Сіз
395
сәл отыра тұрыңыз, мен бір кісіге жолығып келейін», – деп шығып кетті. 10-
15 минуттан кейін қайта оралып келіп, «Қане, қайтайық» деп, отырғандармен
қош айтысып, есікке беттеді.
Жолшыбай: «Жер-жердегі мұғалімдердің бәрінің дерлік білімдері де,
тәжірибелері де тіпті жоқтың қасы, сол себептен әзірше оларды жылма-
жылғы курстар арқылы даярлап отырмаса, жағдай қиын болып тұр. Сол
курстарға сабақ беретін оқытушылар да табылмайды. Жазғы каникулда
қаражат табамын деген тәуір-тәуір студенттерді сол курстарға жіберуіміз
керек. Сіздің курста сондай студент балалар болса, бізге айтарсыз.
Командировкаға жібереміз», – деді.
Профессор Жұбановтың курстарға оқытушы ретінде студенттерді
жіберуінің себептері бар еді: олар ең кем дегенде 1-курс көлемінде қазақ
тілінің жүйелі нормативтік курсын өткен адамдар ғой. Ал жергілікті жерден
оқытушы етіп алатындардың білімдері ала-құла. Сол себептен тәуір оқитын
студенттерді курстарға оқытушы етуді жөн деп ұйғарған.
Профессор Құдайберген Жұбанов айтқандай, жазғы каникулда бір топ
адам білім жетілдіретін курстарға барып сабақ бердік. Соның ішінде мен де
Қарағанды облысы, Шортанды (Щучье) ауданында ұйымдастырылған курсқа
сабақ беріп қайттым...
1937 жылдың сентябрь айының орта шенінде кезекті лекцияға кірісер
алдында проф. Қ. Жұбанов: «Ахмеди, сіз институттың сырттай оқитын
бөлімінің бастығы Зуев жолдасқа барыңызшы, мен жіберді дегейсіз», – деді.
Сабақ біткен соң Зуевқа бардым да, амандықтан кейін: «Мені проф. Жұбанов
жіберіп еді, фамилиям – Аха нов», – деп, жөнімді айттым. Зуев орнынан
ұшып түре гелді де, сейфтен бір анкета алып: «Мынаны толтырыңыз, жарты
ставкаға оқытушы етіп қабылдау жөнінде арыз жазыңыз, ал атқаратын
қызметіңіз — сырттан оқитын студенттерге арнаулы тапсырмалар беру, олар
орындалған тапсырмаларды осында жіберіп отырады, соларды тексеріп,
тиісті баға қойып, біздің инспекторға өткізіп отырасыз; одан кейін сессия
кезінде сырттай оқитын студенттерге нұсқау, жол-жоба көрсетіп, келесіде не
істейтіндерін, әрбір сессияға дейін жіберілген тапсырмаларды орындап
отыруға тиіс екендіктерін түсіндіріп отыратын боласыз», – деді...
Оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынастан келтірілген
мұндай үзінділерден проф. Жұбановтың адамгершілігі күшті, әрі кішіпейіл,
әрі өзгеге қамқор адам болғанын көреміз. Кейін байқасам, Құдайберген
ағайдың осындай қарым-қатынасы жалғыз менімен ғана емес, өзге де
бірқыдыру студенттермен болып отырған екен. Осы қамқорлығы, қазақ тіл
білімінің жас кадрларын даярлау жөніндегі ұстаған бағыты, әрі
ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігі енді бізді егде тартқанда да
қайран қалдырады.
Мен өзімнің профессор Жұбановпен қалай танысқанымды және одан
әрі қарайғы қарым-қатынастарым жөнінде үзік-үзік ойларымды ғана айтып
отырмын. Менің айтқандарымда ешқандай жалғандық та, ешқандай қоспа да
жоқ, нағыз шындық, тек қана шын мәліметтер.
396
Профессор Құдайберген Жұбанов басқа курстарда оқитын тілге бейім
кейбір студенттермен, мысалы, Әкім Әйнековпен, Ғайнеден Мұсабаевпен,
Шаймерден Балжановпен және басқалармен үнемі әңгімелесіп-білісіп
жүретін-ді. Сонымен қатар, профессор Қ.Жұбанов тіл табиғатын білуге
бейімділігі бар жастарды қамқорлығына алып, оларға тәрбие беруге, бағыт-
бағдар нұсқауға, олардың басқа да мұң-мұқтажына қарай көмек көрсетуге
шын ықыласымен әзір тұратын аға, азамат екені айқын көрініп тұратын.
Проф. Жұбанов тілді терең танып білуге бейім студенттерді әрбір курстарда
сабақ беріп жүрген оқытушылардан сұрастырып, білістіріп отыруды,
соларды бауырына тартып ақыл беруді, өзінің бірден-бір борышы деп
санайды екен. Сол кездегі Қ.Жұбанов басқарған үш мекемеде (ҚазПИ,
Наркомпрос, Академияның филиалы) небары бес-алты ғана тіл маманы
болды, ал республика көлемінде тіл құрылысы (ана тілінің) міндеттері ұшан-
теңіз еді. Қ.Жұбанов сол себептен жастар арасынан тілге бейімдігі бар
адамдарды біліп-танып, оларды болашақ үлкен істерге даярлауды өзіне зор
міндет санаған. Біздің курста «Қазақ тілінің нормативтік курсын» қазақ тілін
өте жақсы меңгерген білімдар, тәжірибесі бай Телжан Шонанов дейтін
оқытушы жүргізді. Бұл кісі сол кезде араб әліппесінен латын әліппесіне жаңа
ғана көшумен байланысты аталмыш курстың «Жаңа орфография» тарауына
көп көңіл бөліп, соған арнап өзі жасаған орфографиялық ережелерді жүйелі
түрде оқытты. Курстың фонетика, морфология, синтаксис тарауын да әрі кең,
әрі терең деңгейде жүргізді. Сондай-ақ осы тараулардың қай-қайсысын
болмасын оқушыларға үнемі сұрау-жауап арқылы, практикалық материалдар
іздестіруге машықтандыру жолымен дәйім тиянақтап, пысықтап отырды.
Бірінші курста «Тіл біліміне кіріспе» атты курсты жүргізген жас
оқытушы Нүрсейітов те курстың әрбір тақырыбына арнап коллоквиум
өткізіп, оқушылардың білімін тексеріп, орнықтырып отырды.
Ал орыс тілінің оқытушысы Е.В.Кротевич сабақты өзінше бір қонымды
әдіспен өткізуші еді. Оқытатын пәні практикалық курс бола тұрса да, дәйім
сабақтың әрі көрнекі, әрі ғылыми дәрежесі жоғары болып өту үшін белгілі
бір тақырыпқа, мейлі ол меңгеру категориясы ма, қиысу категориясы ма –
бәрібір, үйден текстер даярлап әкеп, тақтаға жазатын еді де, қажетті
формаларға әр түрлі белгі қойып, сол форманың қандай мағына беретінін
жіті түсіндіретін-ді. Оның үстіне сол орыс текстін қазақ тіліне аударатын.
Сөйтіп, орыс тіліндегі белгілі бір форма қазақ тілінде қалай, қандай форма
Достарыңызбен бөлісу: |