193
аспектуалдық функционалды-семантикалық категориясының табиғатын
ашудағы алғашқы ұмтылыстар деп есептеуге болады.
Қимылдың өту сипаты категориясы қазақ тілінде алғашқыда «сыпат
категориясы» тұрғысынан зерттелген. Қимылдың өту сипаты категориясы
арнайы қарастырылмағанмен, бұл категорияның мағыналық аясы туралы
мәселелер қазақ тілінің негізін қалаушы ғалымдар назарынан тыс қалмаған.
Қимылдың
өту
сипаты
категориясын
функционалды-семантикалық
аспектуалдылық категориясы тұрғысынан докторлық диссертация қорғаған
М.Жолшаева: «Біз қазақ тіл білімінің негізін қалаушы аса көрнекті тұлғалар
А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтың етістік сөз табына қатысты мәселелерге
білдірген тұжырымдарына ерекше тоқталамыз. Өйткені бұл тұжырымдардың
қимылдың өту сипаты категориясын дұрыс тануға тікелей қатысы бар», – деп
ұлы ғалымдар еңбектерінің маңызын ерекше атап көрсетеді (52, 65).
Қимылдың өту сипаты категориясына қатысты ой-тұжырымдарды
Қ.Жұбановтың «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах» атты
мақаласынан кездестіреміз. М.Жолшаева Қ.Жұбановтың
қимылдың өту
сипаты категориясына қатысты ой-пайымдауларын былайша түйіндейді:
«Қ.Жұбанов
отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің бірнеше мағыналық
реңктерінің бар екендігін және бұл олардың көмекшілік қызметіне де әсер
ететіндігін айта келе, нақты мына мәселелерді қарастырады: қандай көмекші
етістік тұлғасының қандай жетекші етістікпен тіркесетіндігі және олардың
қандай мағына беретіндігі. Бірінші кезекте, төрт етістіктің басын қосатын
ортақ морфологиялық белгілерді көрсетеді; екінші
кезекте төрт етістіктің
жетекші етістікке тіркесіп, көмекшілік қызмет атқаратындығы шақ
мағыналарын беру ерекшеліктеріне тоқталады. Төрт етістіктің көмекшілік
қызметте келу арқылы күрделі осы шақ түрін жасау ерекшеліктерін төртке
бөліп қарайды:
1) Әмбебап осы шақ (форматив –
жатыр)
2) Үздіксіз емес созылыңқы осы шақ (форматив –
жүр);
3) Нақ осы сәттегі үздіксіз созылыңқы қимыл (форматив – тұр);
4) Нақ осы сәттегі белсенді қимыл (форматив –
отыр) (8).
Ғалым қазіргі функционалды грамматикадағы категориялардың атын
атап, түсін түстемесе де, болашақ зерттеулерге ой салатын пікірлер келтіреді.
Мысалы, ғалым шақ категориясын қарастырғанда тек грамматикалық
формаларды ғана зерттеу
нысаны етіп қана қоймай, оның басқа да тіл
деңгейлерімен өзара әрекеттестігін көрсетеді: «
Бір айдан бері сөз тіркесі іс-
әрекеттің қанша уақытқа созылғанын нақтылайды. Әмбебап осы шақ
осындай ұзаққа созылған іс-әрекетті де білдіруге қабілетті» (52, 69).
Қ.Жұбановтың бұл пікірінен
темпоралдылық функционалды-семантикалық
Достарыңызбен бөлісу: