47
Көркем шығармада орнымен үстемелей, қатар, қабаттаса қолданылған
синонимдердің орны да айырықша. Бұл
плеоназм құбылысы. Мысалы:
Орынды іске жүріп, ой таппаған
Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған.
Қасиетті болмайды ондай жігіт
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
(Абай)
Ескі дүние есігін теуіп ашып,
Кіріп келді ол жүзінен жалын шашып.
Босағада тұрмады, төрге ұмтыллды.
Бұзып, жарып, еңсеріп, еркін басып.
(Қ. Аманжолов)
Омонизм (грекше
аттас) – айтылуы,
естілуі бір болғанымен, мән-
мағынасы әр тарап сөздер. Мысалы: қара, көр, ер, жар, ор, сор, аң, нан, қан, таң,
сан, мал, салт т.б.
Бірақ бұл сөздерді аса сақтықпен абайлап пайдаланған дұрыс. Себебі
омоним сөз орынды жерде тұрмаса, сол арадағы ұғымды бұлдыратып, кейде екі
жақты мағына беруі мүмкін.
Жаз де маған жақсырақ,
Сабырлықты мін деме:
Ол жұлқынып, бақ сұрап,
Жорта берсін, үндеме! (Қ. Бекхожин)
Осы шумақтағы
жаз, сабыр, мін, деме, бақ, жорта деген сөздердің бәрі –
омоним: біреуінде бірнеше мағына бар. Алайда ақын әр сөзді өз орнына дәл
қойып, ойнатып әкеткенде, әрқайсысында тек бір-ақ (ақын дарытқан)
мағына
қалған. Суреткердің сөздік қорын омоним осылайша байытады.
Антоним (грекше қарсы атау) – бір-біріне кереғар, қарама-қарсы
мағынадағы сөздер. Мысалы:
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда. (Абай)
Өлеңде
қолданылған дос-дұшпан, алас-жақын антонимдері ақынның
айтар ойына нық түйін, тұжырым, дәйек болып тұр. Дұшпаннан көңіл қалса,
оған
таңырқаудың жөні жоқ, ал достан көңіл қайтқан соң, одан әрі не қалды?
Өлең сөздерінің ішіндегі аздаған антоним ақын байлауын осылай айқындап,
ұғымын осылай дәлдеп, өлең әсерін осылай күшейтіп, оқырман мен автор ойын
осылай ортақтастырады. Кейде авторлар оқырманға
шығарма мазмұнынан
хабар беру үшін шығарма атауында антонимдік қарама-қарсылықтарды шебер
қолданады. Мысалы, Л. Толстойда «Соғыс пен бейітшілік». З. Қабдолвтың
айтуынша, «антоним- өмір шындығын өнерде шынайылау тәсілдерінің бірі».
48
Суреткердің сөз қорын молайтып, тілін байытар қайнар бұлақ қатарында
архаизм, неологизм, диалектизм, идиомалар да ерекше қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: