49
Метафора (грекше: metaphora-ауыстыру)
шығармадағы заттың яки
құбылыстың суретін күшейту үшін оны ұқсас,
басқа зат яки басқа бір
құбылыспен балап, мағынасының өңін айналдырып айту. Метафораға мысал:
Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел,
алдыңғы толқын - ағалар, артқы
толқын - інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер. (Абай)
Алтын күн батып барады,
Алтын күн ақырын өледі.
Сорлы бұлттар- сорлы жар
Қан жылап күнді көмеді. (Мағжан)
Кейіптеу (олицетворение: «с гор побежали ручьи» - Н.Некрасов) – жансыз
нәрсені жанды заттай ғып көрсету. Абайдағы кейіптеу:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Заттандыру (овеществление: «Гвозди б делать из этих людей: Крепче б не
было в мире гвоздей» - Н.Тихонов) –
керісінше жанды затты жансыз затқа
балау. Мысалы: Әйел- үйдің шегесі.
Кейіптеу де, заттандыру да метафораның түрлері.
Эпитет (грекше:
epitheton-қосымша, қоса тіркеу) бір заттың,
құбылыстың
көзге ұрып тұрған бедерлі суретті сипатын, заттың, құбылыстың атына қосақтап
айту. Мысалы:
Тәкәппәр таудың етегі туған өлкеміз...
(Таңсық қой таудың ұлына тулаған теңіз).
Түсімде мені қол бұлғап шақырады ылғи,
Толқынға қарап, толықсып тұрған ерке қыз. (Қ. Сарин)
Достарыңызбен бөлісу: