45
5. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:
А) Шаруашылықтың өндіруі тиіс екі тауарының нақты мөлшерін
В) Екі тауардың мүмкін комбинацияларының ең жақсысын
С) Қолда бар ресурстардың нақты мөлшеріне сәйкес тауарлардың
балама комбинацияларын
D) Өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы жүзеге асқан
уақытты
Е) Аталғандардың ешқайсысын көрсетпейді
6. Мыналардың қайсысы жеке тұтынуға жатады:
А) Саябақтар В) Университеттер С) Тұрғын үйлер
D) Бала-бақшалар Е) Кинотеатрлар
7. Экономикалық таңдау мәселесі қандай сұрақтарды шешедi?
А) Не, қашан және қалай B) Қанша, қандай түсте және қандай
көлемде
C) Қашан, не және қалай D) Не, қалай және кiм үшін
E) Кiмге, қайда және қанша
8. Егер қоғам шығындарды азайтып кірістерді максималдауға
тырысса, онда экономикалық мақсат неде?
А) Экономикалық тиімділікте B) Толық жұмысбастылықты
қамтамасыз етуде
C) Экономикалық өсуде D) Экономикалық еркіндікте E) Эконо-
микалық қауіпсіздікте
9. Еңбек өнімділігі қандай қатынаспен өлшенеді?
A) Өнімнің нақты көлемінің жұмыс уақытына қатынасымен
B) Капитал шығынының еңбек шығынына қатынасымен
C) Өнімнің нақты көлемінің халық санына қатынасымен
D) Жұмыс уақытының нақты өнім көлеміне қатынасымен
E) Капитал шығынының өнімнің нақты көлеміне қатынасымен
10. Белгілі бір нәтижеге немесе қалаулыға жету үшін бас тартуға
тура келетін нәрсе:
A) Бұл – баламалы шығындар болып табылады
B) Әртүрлі себептерге байланысты пайда табудан бас тарту
C) Ол – трансакциондық шығындар болып табылады
D) Салық төлеуден жалтару деген сөз
E) Заңдылықты уақытша мойындамау
Достарыңызбен бөлісу: