109
Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген сұраныс қисығы баға
бойынша өте икемді болып табылады. Ол абсцисса осіне параллельді
түрде өтеді.
Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары:
1. Өнім өндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге
асырылады.
2. Ресурстар оңтайлы дәрежеде бөлінеді.
3. Кәсіпорындар тұрақты, әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді.
Жетілген бәсеке нарығының кемшіліктері:
1. Нарықтың бұл типіне капиталдың үлкен бөлігіне ие бола
алмайтын шағын кәсіпорындар тән болғандықтан, олар
өнімділігі жоғары техника мен технологияны қолдануға
қабілетсіз болып табылады;
2. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуына үлес қоса алмайды,
өйткені ұзақ мерзімде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік
жұмыстарды жүргізу көп қаржыны талап етеді;
3. Қоғамдық игіліктерді өндіре алмайды.
Сәйкесінше, осы аталған артықшылықтар мен кемшіліктер тек
жетілген бәсеке нарығына ғана тән болады алады, яғни осындай
ерекшеліктер нарықтық құрылымдардың басқа да типтері үшін
сипатты болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: