Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет91/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Бағалық дискриминация – монополист-фирманың сапалары 
бірдей болып табылатын берілген тауар немесе қызмет бірлігінің 
көлемін берілген шығындар деңгейінде әртүрлі бағалар бойынша 
әртүрлі тұтынушыларға сатуын немесе сата алуын сипаттайтын 
монополиялық тәжірибе.
Бағалық дискриминацияны іске асырудың шарттары:
1. Тұтынушының монополиядан сатып алған тауарын қайтадан 
сатып жіберуге мүмкіндігінің болмауы.
2. Қарастырып отырған тауарды тұтынатын сатып алушыларды 
сатып алу қабілетіне қарай түрлі топтарға бөлу мүмкіндігінің 
болуы.
Монополиялық билік – бұл фирманың нарықта сатылатын 
тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал 
ету қабілеті.
Таза монополия шын (толық) монополиялық билікке ие бола алады.
Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бір емес бірнеше 
өндірушілер болса, онда монополиялық биліктің деңгейі өте 
салыстырмалы болады.


112
Монополиялық биліктің қажетті алғышарты – фирма тауарының 
сұраныс қисығы төмен қарай көлбеулі болуы керек.
Монополиялық биліктің сандық түрдегі сипаттамасын 
анықтау үшін төмендегі көрсеткіштер қолданылады:
1. Лернер индексі (I
L
) – монополиялық биліктің сандық мәнін 
анықтайтын негізгі көрсеткіш. Кезінде 1934 жылы ағылшын эконо-
мисі Абба Лернер алғаш рет монополиялық билікті анықтаудың 
осындай әдісін ұсынғандықтан, аталған көрсеткіш сол экономистің 
атымен аталады. Ол мына формуламен анықталады:
I
L
 = (P
m
 – MC) / P
m
 = 1 / E
d

,
мұндағы, P
m
– монополиялық баға, МС – шекті шығын, E
d
P
– 
сұраныстың бағалық икемділігі.
Жетілген бәсеке жағдайында баға шекті шығындар шамасына 
тең және осы жағдайда Лернер индексі 0-ге тең болады. Баға шекті 
шығындардан асып кеткен жағдайда индекс нөл мен бірдің аралығын-
да (0 < L < 1) орналасқан оң мәнге ие болады. Индекс 1-ге жақындаған 
сайын фирма монополиялық биліктің үлкен көлеміне жақындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет