Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия



Pdf көрінісі
бет89/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

6.3. Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия, 
монополистік бәсеке, олигополия, т.б.
Жетілген бәсекенің жоғарыда аталған шарттарының ең болмағанда 
біреуі ғана бұзылатын болса, онда нарықта жетілмеген бәсекенің 
формалары орын алады.
Жетілмеген бәсеке жағдайында фирмалардың саны шектеулі 
болып табылады, мұндай нарықтық құрылымдар жетілген бәсеке 
нарығына қарағанда экономикалық жағынан тиімділігі төмен 
нарықтар ретінде саналады. Себебі, жетілмеген бәсеке жағдайларында 
фирма нарық тағы бағаны бақылай алады, оның нарықтағы белгілі бір 
үстемдігі орын алады және өнім көлемін жетілген бәсекеге қарағанда 
салыстырмалы түрде аз өндіреді.
Жетілмеген бәсекенің негізгі формаларын қарастырғанда кейбір 
жағдайларда сатушылар да және сатып алушылар да нарықтық билік-
ке ұмтылып бағаға ықпал жасай алуы мүмкін.
Жетілмеген бәсекенің негізгі формалары:


110
1. Монополия – нарықта бір ғана фирма сатушы ретінде жұмыс 
істейтін бәсекелестіктің ең шеткі түрі. 
Қарастырып отырған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма 
бар және осы ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда 
мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. 
Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдалана отырып, тауардың 
бағасын бәсекелес фирманың бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде 
белгілейді және бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде 
ұсынады.
Монополияға тән сипатты белгілер немесе оның шарттары:
1. «Фирма» және «сала» түсініктері түйіседі;
2. Сатып алушыларда тауарды таңдауда мүмкіндіктері болмайды;
3. Таза монополист өнім шығарудың барлық көлемін бақылай 
отырып, бағаны кез келген бағытта өзгертеді және басқара 
алады;
4. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма 
болғандықтан, оның өніміне деген сұраныс қисығы бір мезгілде 
нарықтың да сұраныс қисығы болып табылады және ұсыныл-
ған тауардың бағасын анықтайды;
5. Таза монополия бәсекелестіктен биік кедергілермен (тосқауыл-
дармен) қорғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет