111
қарағанда өз пайдасын максималды дәрежеге жеткізе алатын тиімді
баға деңгейін іздейді және соны саналы түрде тағайындайды.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты
монополияның мынадай түрлері болады:
1. Жабық (жасанды) монополия – бәсекелестіктен заңды
шектеулер көмегімен қорғалған монополияның бір түрі.
2. Табиғи (мемлекеттік) монополия – белгілі бір өнімнің
көлемін бір фирманың өндіруі және оны екі немесе одан да көп
фирмаларда өндіргеннен гөрі арзанға түсетін өндіріс саласы.
3. Ашық (кездейсоқ) монополия – берілген тауарды өндіретін
тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай
арнайы (заңдық шектеулер көмегімен) қорғанышы жоқ болатын
жағдай.
Таза монополияның тауарына деген сұраныс қисығы теріс көлбеулі
болады, сондықтан фирма өнім шығару көлемін бақылай отырып,
бағаға ықпалын тигізе алады. Егер сатушы өз тауарының өндіріс
көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол
монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Кейбір жағдайларда таза монополия
бағалық дискриминация
саясатын жүргізе алады, яғни сатып алушылардың әртүрлі тобына
сапасы да, шығындар деңгейі де бірдей тауарларды әртүрлі бағамен
сата алады.
Достарыңызбен бөлісу: