№ 10 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Пластидтер
Мақсаты:
1. Пластидтердің ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу.
2. Пластидтердің түрлерінің ерекшеліктерін анықтау.
1-ші
тапсырма: Өсімдік клеткасындағы хлоропластар. Традесканция
жапырағының үстіңгі бетінен жұқалап кесіп алып, заттық шыныға орналастырып, үстіне
су тамызып, жапқыш шынымен жабыңыздар. Микроскоптың үлкен көрінісіне қойып
зерттегенде, клеткалар ішінде көптеген хлоропластар көрінеді, сонымен қатар, граналарды
көруге болады. Суретін салып белгілейтіндеріңіз: 1)
клетка қабығы; 2) ядро; 3)
хлоропласт.
2-ші тапсырма: Сәбіз және қызанақ клеткаларындағы хромопластар.
Қызанақтың сыртқы қабығын кесіп алып тастап, жұмсақ ішкі жағынан жұқалап кесіп
алып,
зат шынысына орналастырып, микроскоп арқылы зерттеңіздер. Бірден көзге
түсетіні-сарғыш келген пластидтер ядроның маңайында орналасқан. Анықтап қарағанда
пластидтер ішінде каротин кристалдары көрінеді. Сәбіздің
кесіндісінде микроскоппен
қарағанда лейкопластарда каротин кристалдарын байқауға болады. Осы көргендеріңіздің
суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) сыртқы мембрана; 2) ішкі мембрана; 3)
матрикс; 4)
строма ламелласы; 5) грана; 6) тилакоид (27-сурет).
Б
Достарыңызбен бөлісу: