Байланысты: STUDY OF BIOTECHNOLOGICAL METHOD OF PRODUCING PLANTS ETUNIA HYBRIDA L. RESISTANT TO HEAVY METALS[#1160339]-2589506
ЯСАУИУНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019 238
Ауыр металдардың улылығын зерттеу жҽне гибридті петуния алудың биотехнология-
лық ҽдісін жасап шығару теориялық қана емес практикалық қызығушылық танытады, ол іс
жүзінде ҿсімдіктер биотехнология саласында зерттеушілердің білімін жетілдіре жҽне
тереңдете қолданылады. Соңғы жылдары ҿсімдіктердің ұлпаларын жҽне клеткаларын
культивирлеу биотехнологияда кеңірек қолданылуда, бірақ қалалық жасылдандыруда
қолданылуға болатын декоративті қасиетке ие гибридті петуния ҿсімдік регенеранттарын алу
технологиялары қазіргі уақытта мүлдем зерттелмеген.
Бұл жұмыстың мақсаты – ауыр металдарға тҿзімді гибридті петунияларды алу
жолдарын жасушалық селекция ҽдісімен зерттеу.
Зерттеу объектісі – петуния гибридті (Рetunia hybrida L.), қаладағы декоративтік
ҿсімдік.
Каллустық дақылдар үшін экспланттар алу мақсатында, микроклоналды түрде кҿбейту,
гормоналдық реттеуді зерттеу үшін тұқымдарды суға немесе қоректік ортаға егеді. Алғашқы
каллусты алу үшін жҽне оны ҿсіру үшін залалсыздандырылған қоректік орта қажет. Ҿсімдік
материалы алдын ала бірнеше рет жуылып, тазаланады. Ҿсімдік экспланттарын заттардың
ерітінділерімен залалсыздайды. Жиі қолданылатын залалсыздайтын заттар, атап айтқанда,
мыналар: активті хлоры бар натрий жҽне калий гипохлориттері, хлорамин, хлор ҽгі;
құрамында сынап бар (сулема), диацид, сутегі диоксиді, этанол. Залалсыздайтын заттардың
түрі, концентрациясы жҽне аластау мерзімі зерттелген ҿсімдікке байланысты. Ол заттар
барлық микроорганизмдерді құрту, жоюмен қатар ҿсімдік клеткаларына зиян тигізбеу керек,
жҽне де ҿсірілетін объектіден суға шайқағанда оңай кетуі керек. Осы шарттарға сай келмесе,
заласыздайтын заттан клеткалар мен ұлпалар уланады, содан кейін ҿсуі тежеледі. Ҽдебиеттер
бойынша, гибридті петуния ҿсімдіктерінің регенерациялық процестері дақылдың генотип-
теріне, залалсыздандыру ҽдістеріне жҽне де экспланттардың кҿлемдеріне тығыз байланысты
болатындығы анықталды [8]. Біздің жұмыста тҽжірибені жүргізудің ең бірінші кезеңіin vitro жағдайында
залалсыздандырылған ҿсімдіктерді алу болып табылды. Ол үшін гибридті петуния экспланттарын залалсыздандыру жағдайларын тандадық. Ҿсімдік экспланттарын KMnO
4
(0,1%), натрий гипохлоридтінде (10%), сутектің асқын тотығы (10%), 96%, 70% этил спирті
құрайтын ерітінділермен залалсыздандырдық
(1-кесте).