келеді. Қосалқы сөйлеуге мысалы: жазба текстерді оқу жатады. Сөйлеу əрекетін
топтастырып ажыратуда ерекше маңызы бар жəйт сөйлеудің еркін болуы.
Бұл сөйлеуді
топтастырып бөлудегі үшінші негіз болып саналады. Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді
сыртқы сөз-дауыстап естіртіп сөйлеу жəне іштей сөйлеу болып екі топқа бөлінеді.
Сөйлеудің адамдар əрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі коммуникативті
сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында қолданылады. Сөйлеудің бұл түрі:
а) монологтық сөйлеу
ə) диологтық сөйлеу
б) үнсіз іштей сөйлеу
в) жазба сөз болып төрт топқа бөлінеді
Сөйлеудің дамуы..
Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатылардан тұрады. Алғашқы
саты сөйлеуге дейінгі
кезең. Бұл кезең баланың екі айлығынан 11 айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты
баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі, 11 айдан 1 жылға дейінгі аралық. Үшінші сатыда
бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды.Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтып,
бүлдіршін сөздердің мəн-мағынасын жəне
қолданылуын, жеке сөздердің қызметін де
түсінеді. Тіл адамның санасы мен ақыл-ойын дамытушы фактор.
Тіл қоғамдық құбылыс
жəне табиғаттың адамға берген дарыны. Адамның дүниетанымының күрделі, қасиет-
сипаттарының əр тарапты жəне терең болуының мəн-жайы да оның сөйлеу əрекетіне,
болмысты дыбысты анық тіл арқылы тепе-тең етіп бейнелей алуына байланысты.
Сөйлеудің ең жақсы қасиет-ой пікірін қысқа əрі дəл айтып жеткізушілік.
Адамның
қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында,
орнымен, дəйекті сөйлей білуінде сөйлеу мəдениеті үлкен қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: