Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет45/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Қиял түрлері. 
Өзіндік ерекшеліктерімен олардан туындайтын себептерге қарай, қиял ырықсыз, 
ырықты болып екіге бөлінеді. Ырықсыз қиял адам алдына мақсат қоймай-ақ пайда 
болады. Мысалы: адам ұйқылы ояу кезіндегі сөзі немесе түс көру. 
Ырықты қиял. Адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, қажетті бейнелер мен 
образдар жасау. 
Ырықты қиял түрлері қайта жасау қиялы жəне шығармашылық қиял. Қайта жасау қиялы 
адамның өмір тəжірибесінде кездескен, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртады. 
Қиялдың ең жоғары түрі – шығармашылық қиял немесе жасампаздық қиял. Қиялдың 
бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Творчестволық қиял бейнелері 
түрлі тəсілдер арқылы жасалады. 
1. Қиыстыру-белгілі элементтердің қосындысы ғана емес, творчестволық синтез. 
2. Аглютинация түрлі объектіге тəн бөлшектерді (жинастыру немесе) жинақтау. 
3. Объектінің кейбір сапасын немесе басқаларға қатынасын алға шығара, күшейте 
көрсетуден байқалатын акцент жасау.Əсірелеу жəне кеміте көрсету əдістері акцент 
жасау тəсіліне жатады. 
4. Əдеби, мүсін жəне сурет арқылы бейне жасаудың кең тараған тəсілі-типтік бейне 
жасау тəсілі. 
Творчестволық қиял бейнелерінің бір түрі фантастикалық бейнелер.Бұларға діни-
мистикалық, ертегі – фантастикалық, ғылыми – фантастикалық бейнелер жатады. 
Армандар мен мұраттар қиялдың ерекше формалары. 
Творчество, қажырлы еңбек, сонымен бірге адамның барлық дене жəне рухани күшін 
жұмсауды қажет ететін шабытты еңбек болып табылады.Творчестволық процесс кезінде 
адамның психикалық əрекеті жоғары деңгейде өтеді. Бұл жеке адамның интелектуальдық 
эмоциялық, еріктік күйіне жатады. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Ойлау ерекшеліктері қандай. 
2. Ойлау түрлері. 
3. Ойлау формалары. 
4. Ой операциялары. 
5. Қиял түрлері. 
6. Қиялдың жасалу тəсілдері. 
7. Шығармашылық қиял. 
Əдебиеттер: 


1.Богословский В.В. Жалпы психология.-Алматы, 1982 
2.Немов Р.С. Практическая психология.-М.,1998 42-56 б. 
3.СтоляренкоЛ.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону, 2003 
4.Лурия А.Р. лекции по общей психологии.-СПб.:Питер ,2003 
5. Ревская Н.С.Психология и педагогика.-М.,2001 99-101 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет