Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет10/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Білім беру мазмұны – тұлғаның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін 
негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені). 
Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде 
әзірленетін жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларымен айқындалады. 
56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім деңгейі бойынша: 
1) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне; 
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне; 
4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім 
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді. 
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілері 
мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті. 
3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беруді 
ескере отырып әзірленеді.


Білім беру бағдарламасы белгілі бір деңгейдегі және бағыттағы білім беру мазмұнын 
анықтайды. Мазмұнына қарай жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім берудің оқу 
бағдарламалары болып бөлінеді. 
Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
 
Бағдарламаның мақсаты: 
1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және 
тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және оқыту. 
2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ғылымның үлесін арттыру. 
Міндеттері: 
1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді 
жаңғырту. 
2. Қала және ауыл мектептерінің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың 
арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту. 
3. Қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету. 
4. Озық тәжірибе негізінде білім алушылардың, педагогтер мен білім беру 
ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу. 
5. Экономиканың қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, 
кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету. 
6. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын 
қамтамасыз ету. 
7. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және заманауи материалдық-
техникалық базамен қамтамасыз ету.
8. Білім беруді жоғарыдан төмен басқару және қаржыландыру жүйесін енгізу. 
9. Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту. 
10. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру. 
11. Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке 
интеграциялануын қамтамасыз ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет