С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет107/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134
Байланысты:
Якушева С.Д. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқулық

Ойын жағдаяты 
Студенттер 4 адамнан ойын топтарына бөлінеді. Әрбір ойын 
тобында 2 адам жанжалдасушыларды ойнайды, 1 — менеджер жəне 
1— медиатор (ойын барысында студенттер рөл ауыстырады). Ары 
қарай оқытушы ойын нҧсқауы береді: 
— 
жанжалдасушыларға — шиеленістің мəні жəне олар көрсететін 
жанжалдасушылық өзара əрекеттестіктің бағыты анықталады (өзара 
əрекеттестіктің бағыты ойынның басқа қатысушыларына мəлім 
болмауы тиіс); 
— 
менеджер мен медиаторға жанжалдың мəні хабарланады жəне 
шартты жанжалдасушылармен сҧхбаттасу, тестілік көзқарастарға 
сҥйене отырып, олардың мінез-қҧлықтарын бақылау жəне жанжалды 
шешуге шешім қабылдау əдістерімен оның тереңдігіне баға беруге 
рөлдік нҧсқау беріледі. 
Рөлдік өзара əрекеттестікке даярлануға қатысушыларға 10 мин. 
беріледі. Рөлдік өзара əрекеттестікке 10— 15 мин. бөлінеді. 
Әрбір сюжет ойын жағдаятынан соң талданады. 
Бақылау тесті 
Әрбір 10 сҧрақ жауабының дҧрыс нҧсқасын таңдаңыз. 
1. 
Жанжалды басқару — бҧл: 
а) оның динамика ҥдерісіне мақсатты бағытта əсер ету; 
б) берілген жанжалға қатысты əлеуметтік жҥйені дамыту немесе 
талқандау мҥддесімен оның динамикасының ҥдерісіне мақсатты 
бағытталған, шынайы шартталған заңдармен əсер ету; 
в) жанжалдасушылардың арасындағы алаңдаушылық деңгейін 
төмендету мҥддесімен бірге оларға мақсатты бағытта əсер ету; 
г) жанжалдасушылардың арасындағы алаңдаушылық деңгейін 
төмендету мҥддесімен бірге жанжалдасушылардың шиеленіс 
жағдаятына тəн бейнесін қалыптастыру ҥдерісіне мақсатты 
бағытталған, шынайы шартталған заңдармен əсер ету; 
д) жанжалдасушылардың уəждеріне мақсатты бағытпен əсер ету. 
2. 
Жанжалды басқарудың қҧрамына келесілер кіреді: 
а) болжамдау, алдын алу (ынталандыру), реттеу, шешу; 
б) болжамдау, алдын алу (ынталандыру), шешу; 
в) болжамдау, реттеу, шешу; 
г) болжамду, талдама жасау, алдын алу, шешу; 


д) жанжал жаяғдаятын талдау, болжамду, алдын алу, шешу. 
3. 
Жанжалдасушы тараптардың шындықты мойындауы, шиеленістің 
легитимизациясы мен шиеленісті институциализациялаудың қҧрамына 
кіретіндер: 
а) жанжалды болжамдау; б) 
жанжалдың алдын алу; в) 
жанжалды ынталандыру; г) 
жанжалды реттеу; 
д) жанжалды шешу. 
4. 
Жанжалдасудың институциализациясы — бҧл: 
а) жанжалды шешу бойынша келіссөздің орны мен уақытын белгілеу; 
б) жанжалдық өзара əрекеттесуді реттеу бойынша сəйкес органдар 
мен жҧмыс топтарын қҧру; 
в) жанжалды шешуге жҧртшылықты тарту тҥрі; 
г) жанжал кезінде бекітілген нормалар мен ережелерді мойындау 
жəне сақтау бойынша шиеленісуші тараптардың арасында 
келісімге қол жеткізу; 
д) медиаторға жҥгіну. 
5. 
Жанжалдың легитимизациясы — бҧл: 
а) жанжалды шешу бойынша келіссөздің орны мен уақытын белгілеу; 
б) жанжалдық өзара əрекеттесуді реттеу бойынша сəйкес органдар 
мен жҧмыс топтарын қҧру; 
в) жанжал кезінде бекітілген нормалар мен ережелерді мойындау 
жəне сақтау бойынша жанжалдасушы тараптардың арасында 
келісімге қол жеткізу; 
г) медиаторға жҥгіну; 
д) жанжалды кеңінен жариялау. 
6. 
Жанжалдарды басқару ҧстанымдары келесілер болып табылады: 
а) жариялылық, жанжалды бағалаудың шынайлығы мен сəйкестігі, 
қоғамдық көзқарасты тірек ету, əсер етудің кешендік əдіс- 
тəсілдерін пайдалану; 
б) жариялылық, жанжалды бағалаудың шынайлығы мен сəйкестігі; 
қызмет нəтижелеріне талдама жасау, қоғамдық көзқарасты тірек 
ету; 
в) нақты-жағдаяттық тəсілдеме, жариялылық, жанжалдасушылардың 
оң сапаларын тірек ету, өмірбаян əдісін қолдану; 
г) жариялылық, қоғамдық көзқарасты тірек ету, басшылықтың 
мҥддесін назарға алу, болжамдау; 
д) болжамдау, ынталандыру, реттеу, шешу. 
7. 
Жанжалды шешуге билікті пайдалану ҥлгісін төменде көрсетілген 
ғалымдардың қайсысы өңдеп шығарды? 
а) К.Томас и Р. Киллмен; 
б) Х. Корнелиус и Ш. Фейр; 
в) Д. Скотт и Ч.Ликсон; 
г) М.Дойч и Д.Скотт; 
д) Р. Фишер и У. Юри. 


8. 
Жанжалды шешудің алғышарты табылады: 
а) жанжалдың айтарлықтай пісіп-жетілуі, жанжалдың шешілуіне 
субъектілердің мҧқтаждығы, жанжалды шешуге қажетті ресурстар 
мен қаражаттың болуы; 
б)жанжалдың айтарлықтай пісіп-жетілуі, шиеленісуші тараптардың 
бірінің жоғары беделі; 
в) жанжалды шешуге қажетті ресурстар мен қаражаттың болуы, 
жанжалдың шешілуіне субъектілердің мҧқтаждығы, қызметтің 
ҧжымдық тҥрі; 
г) жанжалдасушы тараптардың бірінің жоғары беделі, қызметтің 
ҧжымдық тҥрі, топтағы көшбасшылық; 
д)басшылықтың стилі, жанжалдасушы тараптардың бірінің жоғары 
беделі, қызметтің ҧжымдық тҥрі. 
9. 
Жанжалды шешу ҥлгісіне не жатады? а) 
сөгіс беру, əзіл-қалжың, сендіру, көну; 
б)көну, ымыра, кету, ынтымақтастық; 
в) талап, сын, сендіру, əзіл-қалжың; 
г) көну, талап, сендіру, сын; 
д)бағыну, татуласу, сендіру, келісу. 
10. 
Жанжал жағдаятының пайда болу жəне даму кезеңдеріне жанжалды 
басқару бойынша қызметтердің қандай тҥрлері тəн? 
а) болжамдау жəне алдын алу (ынталандыру); 
б) болжамдау, алдын алу (ынталандыру) жəне реттеу; 
в) тек болжамдау; 
г) тек алдын алу (ынталандыру); 
д) тек реттеу. 
5-тапсырма. Жанжалдасу кезіндегі менің мінез-қҧлқым. 
Тапсырма мақсаттары — жанжалдасу кезінде тҧлға мінез- 
қҧлқының негізгі мəселелері бойынша алған білімдерін пысықтау, 
тҧлғаның өзін өзі бағалау дағдыларын дамыту жəне алынған 
тестілеудің нəтижелеріне талдама жасай білу мен өзін өзі жетілдіру 
жəне мінез-қҧлықты өзіндік тҥзету бағдарламасын өңдеуді 
қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет