С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет109/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   134
Байланысты:
Якушева С.Д. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқулық

Гипертимдік тип. Жоғары көңіл-кҥйімен ерекшеленеді
оптимист, өте тез араласқыш, бір істен екіншісіне жылдам ауысады. 
Бастаған ісін соңына дейін аяқтамайды, жҥгенсіз, моральға қайшы 


Н а ш ар
№ п/п 
Акцентуацияның тҥрі 
Коэф 
фициент 
«Иə Сҧрақ нөмірлері 
«Жоқ Сҧрақ 
нөмірдері 

Гипертимдік 

1, 12, 25, 36, 50, 61, 75,85 
— 

Дистимдік 

10, 23, 48, 83, 96 
34, 58, 73 

Циклоидтық 

6, 20, 31, 44, 55, 70, 80, 
93 
— 

Қозғыш 

8, 22, 33, 46, 57, 72, 82, 
95 
— 

Мҥдіргіш 

2, 16, 26, 38, 41, 62, 76, 
86, 90 
13, 51 

Тақуа 

4, 15, 19, 29, 43, 53, 65, 
69, 78, 89, 92 
40 

Ҥрейлі 

17, 30, 42, 54, 79, 91 
5, 67 

Эмотивтік 

3, 14, 52, 64, 77, 87 
28, 39 

Демонстративтік 
(наразылық білдіретін 

7, 21, 24, 32, 45, 49, 71, 
74, 81, 94, 97 
56 
10 
Экзальтациялық (бойын 
шаттық билеген) 

11, 35, 60, 84 
— 
Жалған 

9, 47, 59, 68, 88 
18, 27, 37, 63 
əрекеттерге бейім, сөзінде тҧрмайды, өзін өзі бағалауы жоғары. 
жанжалшыл, жанжалдың бастамашысы ретінде жиі көрінедді. 
2. Дистимдік тип. Гипертимдік типке қарама қарсы. Тҥңілген 
көңіл-кҥйде, қатынасқа тҥспейтін, жалғыздықты таңдайтын, тҧйық өмір 
салтын ҧстанатын, өз бағалауын төмендетуге бейім типтер. 
Айналасындағылармен жанжалдасуға сирек тҥседі. Достықты, 
əділдікті жоғары бағалайды. 
3. Циклоидтық тип. Көңіл-кҥйінің жиі кезеңді ауысып отыруымен 
ерекшеленеді. Көңіл-кҥйі көтеріңкі кездері іс-əрекеті гипертимдік, ал 
тҥскен кезде — дистимдік, өзіне бағалауы тҧрақсыз. 
Жанжалдасуға əсіресе көңіл-кҥйі көтеріңкі кезде тҥседі. Жанжал 
кезінде болжаусыз. 
4. 
Қозғыш 
тип. Араласу кезінде төмен қатынасумен ерекшеленеді. 
Беймаза, тҥнерген, көргенсіздік пен балағаттауға бейім. Ҧжымға 
сыйымсыз, отбасында өктем адам. Эмоциялық сабырлы кезінде адал, 
тиянақты. Эмоциялық қозу кезінде ашушаң, өз мінез-қҧлқын нашар 
бақылайды. 
Көбінесе жанжалдың бастаушысы болады жəне белсенділік 
көрсетеді. 


5. 
Мүдіргіш тип. Адамдармен араласқанда сабырлылығымен 
ерекшеленеді, беймаза, ақыл ҥйретуге бейім, көбінесе «Ата-ана» 
көзқарасын ҧстанады. Кез келген істе жоғары көрсеткішке 
талпынады, өзіне жоғары талап қояды, əлеуметтік əділеттікке 
сезімтал. 
Өкпешіл, əлсіз, кҥдікшіл, кек алғыш, қызғаншақ. Өзін өзі 
бағалауы 
адекватсыз. 
Жанжалшыл, 
көбінесе 
жанжалдың 
бастаушысы болады жəне белсенділік көрсетеді. 
6. 
Тақуа тип. Адалдығымен, тиянақтылығы жəне істе 
салмақтылығымен ерекшеленеді. Қызметтік қатынаста — бюрократ, 
формалист, көшбасшылықты басқаларға жеңіл өткізіп береді. 
Жанжалға сирек қатысады. Дегенмен оның формализмі жанжал 
жағдаяттарына арандатуы мҥмкін. Жанжал кезінде өзін селқос 
ҧстайды. 
7. 
Үрейлі тип. Төмен қатынасуымен, өзіне сенімсіздігімен
минорлық көңіл-кҥйімен ерекшеленеді. Өзін өзі төмен бағалайды. 
Сонымен бірге оған достық ықылас, өзіне сын көзбен қарайшылық, 
елгезектік сияқты мінез тəн. 
Жанжал кездерін селқос, мінез-қҧлық стратегиясының басымды 
рөлін – кету жəне көну - ойнай отырып, жанжалға сирек тҥседі. 
8. 
Эмотивтік тип. Тар ортада араласуға талпынуымен 
ерекшеленеді. Аздаған таңдаулы адамдардың ортасында жақсы 
қатынас орнатады. Өте сезімтал. Жылауық. Сонымен қоса оған 
мейірімділік, есіркегіштік, парызды өткір сезіну, елгезектік тəн. 
Жанжалға сирек тҥседі. Жанжал кезінде селқос рөлде, көнуге 
бейім. 
9. 
Демонстративтік тип. Байланысты жеңіл орнатуымен
көшбасшылыққа талпынумен, билік пен атаққҧмарлығымен 
ерекшеленеді. Биязы, артистілігі бар. Сонымен бірге осы типтес 
адамдар тəкаппар, екіжҥзді, мақтаншақ. 
Жанжалшыл. Жанжал кезінде белсенді. 
10. 
Экзальтациялық тип (лат. exaltatio — шаттану, қозу кҥйінде, 
жанға батар сергектік). Жоғары дəрежеде қатынасуымен 
ерекшеленеді. Сөзшең, ғашық болғыш. Достары мен жақын 
туыстарына ынтық жəне зейінді, бір мезеттік көңіл-кҥйге ҧшырағыш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет